Сөж тақырыбы: Етістіктің етіс, шақ, жақ категориялары Орындаған: Сатыбалдиева П. О. Тексерген: Хунанбай А. Алматы, 2022 жыл мазмұНЫ



бет2/6
Дата31.03.2023
өлшемі102.12 Kb.
#471454
1   2   3   4   5   6
Сатыбалдиева Перизат СӨЖ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Етістік категориялары туралы жалпы
Қазақ тілінде сөз таптарының бірі болып табылатын етістік өзіне тән белгілі бір мағына білдіре алатын, бірақ қазіргі кезде сол күйінде қолданылмайтын түбір тұлға және неше түрлі грамматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері болып табылатын формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұрады.
Тілімізде етістік түбірдің грамматикалық сипатын айқындауда кездесетін пікір-таластар көп. Мәселен: А.Ыскақов етістіктің грамматикалық категорияларына: 1) кимыл атау категориясы, 2) салттылық және сабақты категория, 3)етіс категориясы, 4)болымдылық және болымсыздық категория, 5) амалдың өту сипаты категориясы, 6) есімшелер категориясы, 7) көсемшелер категориясы, 8) рай категориясы, 9) шақ категориясы, 10) жіктік, көптік жалғауының шаққа катынасы.
Педучилищеге арналған окулықта Ғ.Әбуханов етістікті лексика-семантикалық категориялар (көсемше,есімше, болымды және болымсыз етістік, сабакты және салт етістіктер) және грамматикалық категориялар (рай, шақ) деп екіге бөлген.
ЬІ.Маманов етістік атаулының негізгі етістік және функциялық етістік деп екіге бөлген. Одан кейін негізгі етістікті түбір етістіктер және модификациялы етістіктер деп бөліп, модификациялық етістікке етістіктің салт және сабақты, етіс, күшейтпелі етістік, күрделі етістік, болымсыздық етістік категорияларын енгізген. Сонымен катар ғалым етістіктің берілу тәртібін көрсетеді: бірінші орында түбір етістіктер, екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында функциялы етістіктер, төртінші орында рай, шақ категориялары.
Етістіктің грамматикалық категорияларының жіктелуінде елеулі ерекшеліктер бар: ол — етістік түбірінің бір жағынан грамматикалық сипатын өзгертпей, екінші жағынан түбірдін семантикасына аздап болса да өзгеріс енгізіп, басқаша грамматикалық мағына немесе жаңа мән үстейтін тұлғалар. Олар етістіктің басқа тұлғаларынан түбірге бұрын жалғанады. Ы Мамановтың оларды модификациялы етістік деп ерекше бөлуі тегін емес. Етістіктің бұл түрлеріне лексика-семантикалық, грамматикалық сипат та тән. Оларға салт- сабақты етістік категориясы, етіс категориясы, күшейтпелі етістік категориясы жатады.
Етістік морфологиялық құрылымы бойынша болымды-болымсыз, рай, жақ, шақ және сан категориялары бар, синтаксистік жағынан сөйлем баяндауышы қызметіне бейім, лексикалық мағынасы — қимыл мен әрекет болатын сөздердің грамматикалық класы ретінде есімдер тобынан айрықшаланып тұрады.
Түркі тілдеріндегі етістіктер сыпаты бірыңғай. Екінші сөзбен, қазақ тіліндегі етістіктердің категориялары, түбір мен туынды түбір қалпы басқа түркі тілдерінде де қайталанып, сол дәрежеде көрінеді. Кейбір айырмашылық жеке тұлғалардың синтаксистік қолданысы мен семантикасында ғана бар[1].

2.2. Етістіктің райлары


Қазіргі қазақ тілінде етістіктің бес түрлi райы бар деп қаралады. Рай деп әдетте етістіктің модальдық мән беретін тұлғалары аталады. Сонда рай аталатын етістік категориялары әрi грамматикалық топ, әрі семантикалық топ құрайды. Арнаулы грамматикалык көрсеткіштер райлық топ құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет