Сөж тақырыбы: Етістіктің етіс, шақ, жақ категориялары Орындаған: Сатыбалдиева П. О. Тексерген: Хунанбай А. Алматы, 2022 жыл мазмұНЫ



бет5/6
Дата31.03.2023
өлшемі102.12 Kb.
#471454
1   2   3   4   5   6
Сатыбалдиева Перизат СӨЖ

Өздік етіс. Өздік етісте субьектінің қимылы басқа обьектіге емес, субьектінің өзіне карай жұмсалады. Ягни субьекті өз-өзіне обьекті болады да, баяндауыш кызмет аткарып тұрған етістік өздік етіс тұлгасында тұрады. Өздік етіс баяндауыш болып тұрған сөйлемнің бастауышында эрі субьектілік, әрі обьектілік мағына сакталатындыктан, ол сөйлемде тура толықтауыш болмайды. Осылай өздік етісті сөйлемде тура толықтауыш болмай, етістік мағынасы жағынан салт етістікке айналып кететіндіктен, сөйлем құрылысы жағынан обектісіз сөйлем болады.
Өздік етіс кимыл, іс-әрекеттің субьектісіне карай бағытталып, сабақты етістікке -ын, -ін, -н косымшасы косылу аркылы жасалады. Бірак барлык сабакты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді. Өздік етіс жұрнагы тек кимыл, іс-әрекет субьектінің өзіне карай бағыттала алатын сабакты етістіктерге жалғану арқылы жасалады және сол сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Етіс косымшасы -ын, -ін, -н негізінде өздік етіске тэн қосымша ретінде өзі жалғанған сабакты етістікті салт етістікке айналдырып кана коймайды, ол жалганған етістік сөйлемдегі бастауыштың эрі субьектісі, әрі обьектісі екенін де білдіреді. Өздік етістің бастауышы кимыл иесінің кызметін өзі атқаратындыктан, оның кимылы тікелей өзіне жұмсалатыны көрініп тұрады.
Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындыгын көрсететін етістіктін түрін айтады. Ырыксыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л косымшасы (түбір кұрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалып, қимыл, іс- эрекеттің өздігінен орындалатын мэн үстеп, қимыл, іс-эрекеттің тура обьектісі оның грамматикалык бастауышы болу кызметін аткарып тұрады да, ырыксыз етіс жұрнагы жалғанған сабакты етістіктер салт етістікке айналады. Кейде кимылды аткарушы субьект жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп тұрады немесе грамматикалық жанама обьекті тұлғаларында тұрып та жұмсалады- Профессор С.Исаев өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсас та, өзгешелік те жерлері барын былай көрсетеді: «Ұқсастыгы: 1) қосымшалардың кейде бірдеи болып келетіні, кейде өздік я ырықсыз етіс екені контекстен ғана байкалады, сөйтіп бір-бірімен омоформа жасайды: Ол дәрігерге көрінді және алыстан бір қара көрінді; 2) екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Негізгі айырмашылыгы: олардың білдіретін семантикасында: өздік етісте логикалық (іс иесі) субьект — грамматикалық субьект (бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалык обект болады»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет