СөЖ тақырыбы: таралу заңы экстракция тұнбалар қайнатпалар алу принциптері

бет4/7
Дата05.02.2024
өлшемі109.99 Kb.
#490837
1   2   3   4   5   6   7
Zhumabaeva 3333

Құрамында қант (сахароза, глюкоза, фруктоза), органикалық қышқыл, минерал тұздары және дәрумендер, негізінен С және каротин (А дәрумені) көп болады. Қант қосып қайнату – консервілеу әдістерінің бір түрі. Құрамында 65-75% қант болатындай етіп қайнатылған жеміс-жидектер ұзақ сақталады. Қайнатпаны қой бүлдіргеннен, бүлдіргеннен, қарлығаннан, қарақаттан және қызылқаттан, итмұрыннан, шетеннен, алмадан, алмұрттан, айвадан, сары өріктен, шабдалыдан, шиеден, қауыннан, рауғаштан, сәбізден, қара өріктен, алхорыдан, жүзімнен, грек жаңғағынан, апельсиннен, лимоннан, мандариннен, қарбыздың қабығынан, раушан гүлінің жапырағынан т.б. қайнатуға болады. Алмұрт, шабдалы, өрік, қой бүлдірген, шие, қарлығанды олар шала піскенде, ал қарақат пен шиені - әбден піскеннен кейін жинап қайнату керек. Жемістер мен жидектер таза, өсімдік ауруларына шалдықпаған болуы тиіс. Езіліп піскен жемістен қайнатпаны көп етіп әзірлеуге болмайды. Олардан сол бойда пайдаланатын көлемде ғана мармелад әзірлеген дұрыс.

ҚАЙНАТПА - медицинада – дәрі-дәрмектің сұйық түрі. Оларды дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентратты суда еріту немесе су моншасымен қыздыра отырып сумен экстракциялау арқылы алады. Қайнатпаны сұйық дәрі ретінде ішеді (жүрекбауырбүйрек, т.б. ауырғанда) және денеге шыққан жараны жуып, шаю үшін пайдаланады. Қайнатпаны дайындау үшін өсімдіктердің жапырақтары мен, гүлдерінің ірілігі 5 мм, сабағы, қабығы, тамыры мен тамыршаларын 3 мм, жемістері мен тұқымдарын 0,5 мм-дей, ал қабаты қалың өсімдік жапырақтарын 1 мм-ден артық болмайтындай етіп ұсақтайды. Ұсақталған өсімдік шикізатын фарфорэмаль немесе тотықпайтын металдан жасалған ыдысқа салып, үстіне салқын (бөлме темп-расындағы) су құйып, ыдыстың қақпағын жауып, оны қайнап тұрған су моншасында 30 мин қыздырады. Алынған қайнатпа суығаннан кейін (10 мин-тай) сүзіліп, ыдыста қалған өсімдік шикізаты арнайы түтікше үстінде (воронка) сығылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет