Сөж тақырыбы:Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуындағы кезеңдердің ерекшелігі Орындаған: Кемалбай Нұрбек Тексерген: Тәуекелова Т. Б


ұлы философы Гегельдің диалектикалық әдісін қолдана отырып, өз кезіндегі



бет5/5
Дата11.01.2024
өлшемі62.09 Kb.
#488853
1   2   3   4   5
рефератнурбек.docx

ұлы философы Гегельдің диалектикалық әдісін қолдана отырып, өз кезіндегі
капитализмнің әлеуметтік құрылымын жанжақты зерттеді. Ол әлеуметтіксаяси
қатынастың дамуының, барлық тарихи оқиғалардың негізгі себебі мен шешуші
күші материалдық өндірісте, қоғамның экономикалық дамуының сипатында
жатыр деп атап көрсетті. Оның ілімі бойынша, қоғамның дамуы өндіріс тәсілі
мен экономикалық жүйенің даму деңгейімен айқындалады. Ол қоғамды әр түрлі
элементтерден тұратын жүйе ретіндегі адамдардың өзара әрекетінің туындысы
деп түсінді.
Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын
мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі
Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар). Екінші кезең
ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды
(Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный
Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен
ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының
қалыптасуы). Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік
білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы.
Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм
мен либерализм ұғымдары. Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды
қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық
социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде
методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам
жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі
басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм,
органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда
натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану
әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты
болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында
әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық
жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап
әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет