Сөж тақырыбы:Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуындағы кезеңдердің ерекшелігі Орындаған: Кемалбай Нұрбек Тексерген: Тәуекелова Т. Б


біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер етті



бет3/5
Дата11.01.2024
өлшемі62.09 Kb.
#488853
1   2   3   4   5
рефератнурбек.docx

біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер етті,
өйткені бұлар байлықтың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына
жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. Әлеуметтік сезім бір
мамандықтағы адамдарды топтастырды. Осыған орай адамдардың түрлі
корпоративтік бірлестіктері, одақтары шықты, олардың ішінде корпоративтік
эгоисттік мораль пайда болады. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың
арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп
отырады.
О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік
динамика деген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру
жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт
әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни отбасын, мемлекетті, дінді алып
қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін және адамдардың
арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы ролін көрсетеді. О.Конт қоғамның
ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді.
О.Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани бастама адамзаттың ақыл ойының дамуы жатыр.
О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау
әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді. Ал
бақылаушы өзіне тәуелсіз тұрған әлеуметтік фактілерімен жұмыс істейді.
әлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды әдісі-ол эксперимент. О.Конттың
пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жасанды жағдайда әлеуметтік
процестердің, құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау; О.Конт бойынша,
әлеуметтанудың үшінші негізгі әдісі-салыстыру. Бұл әдіс әрбір халықтың өмірін
бір-бірімен салыстыруда қолданады.
О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет