«Солоновка орта мектебі»кмм-нің бастауыш сынып мұғалімі. Ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамасы мен әдістері


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет3/5
Дата27.11.2019
өлшемі429.5 Kb.
#447583
1   2   3   4   5
Малғажина Арай Аманкелдіқызы все задания проверить


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:



    1. Педагогикалық зеттеудің пәні дегеніміз не?

    2. Педагогикалық зерттеудің нысаны дегенді қалай түсінісің?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Клименюк А.В., Калита А.А., Бережная Э.Л. Методология и методика педагогического исседования. Постановки цели и задач исследования. Учеб. пособие. Киев, 1988.

  2. Таубаева Ш. Исследоватеьская культура учителя: от теории к практике. Монография. Аматы: Науч.изд.центр. «Ғылым», 2001.

8 лекция. Педагогикалық зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің мақсаты міндеттерін қарастыру.

Жоспар:

  1. Педагогикалық зерттеудің мақсаты.

  2. Педагогикалық зерттеудің міндеті.

Әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы процестер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу. Олардың біріншісі – қоятын мақсаттар сипаты.

Мақсат парактикалық немесе танымдық болуы мүмкін. Мұғалім балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін практикалық мақсатпен сабақтар жүргізеді. Егер ол осы сыныпта қандай тәсілдер пйдалануға, осы сыныпта қандай тәсілдер пайдалануға, осы жағдайларда өте жақсы нәтижеге жетуге болатыны туралы білім алса,   бұл әзірге ғылым емес. Мұндай білім стихиялы эмпирикалық. Ал егер ғылыми танымдық деңгейде мақсат қойылса, яғни ғылыми танымдық деңгейде мақсат қойылса, яғни ғылыми негізделген оқыту әдісінің немесе өзіндік жұмыстың тәрбиелік қызметі түрлерінің тиімділігін анықтау сияқты мақсат қойылса, бұл танымдық мақсат болады да, алынған білім педагогика ғылымының қорына енеді.

Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру. Бұл кітапта педагогика ғылымы объектісін педагогикалық әсер объектісіне, яғни балаға теңдеудің шындыққа үйлеспейтіні жайлы айтылған.

Біздің ғылымның объектісі онда білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі деп анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол салаға жатады. Әр ретте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Мысалы, оқушыларды шетел тілінде жағдаятты сөйлеуге үйрету зерттеу объектісі емес, кіші жастағы оқушыларды оқу тәрбие үрдісінде мұғалімдердің гуманистік қарым қатынастар қалыпатастыру зерттеу объектісі болып табылады.

Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану. Мұғалім практикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, материалдық құралдарын: компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, моделдеу, болжам жасау және т.б. әдістерін қолданады.

Тағы бір, соңғы белгі терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми танымға қойылатын міндетті талап. Әрине, бүкіл ғылымды зорлықпен, бұйрықпен бірмәнділікке әкелу мүмкін емес. Оның дамуы барысында түсініктер мазмұны үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үрдіс. Бір ғылыми еңбектің   дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақаланың шеңберінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және аяғына дейін соны басшылыққа алуға тиіс. Арнайы ескертпейінше, терминді әр түрлі мағынада қолднуға оның құқығы жоқ.

Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы оъектісінің бөлініп қаралынуы, танымның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділігі сияқты белгілері бойынша анықталады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1.Педагогикалық зерттеудің мақсатын қалай түсінесің?

2. Педагогикалық зерттеудің міндеті дегенімі не?

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Клименюк А.В., Калита А.А., Бережная Э.П. Методология и методика педагогического исследования. Постановка цели и задач исследования: Учебное пособие. – Киев, 1988.

  2. Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого исседования: Учебное пособие для студентов высших педагогических заведений. – М.: Изд. центр. «Академия», 2001.

  3. Давыдов В.П. Основы методологии, методики и технологии педагогического исследования: Начно-методическое пособие. – М.: Академия ФСБ, 1997.

  4. Волков Б.С., Волкова Н.В. Методы исслледований и психологии. М.:Педощество России, 2002. – 208.

  5. Рузавин Г.И. Методология научного исследования: Учеб. пособие для вузов. – М.: ЮНИТА-ДАНА, 1999.

  6. Ядов В.Я. Социоллогическое исследование: Методология. Прогамма. Методы. – М.: Наука, 1972.

  7. Валеев Г.Х. Гипотеза педагогического исследования// Педагогика. 1999.

9 Дәріс. Педагогикалық зерттеудің болжамы.

Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің болжамын түсіндіру.

Жоспар:

  1. Зеттеу болжамы.

  2. Педагогикалық зерттеудің болжамының түрлері.

Болжам мен қорғалатын қағидалар зерттеушінің объектіде анық көрінбейтін, басқалар байқамағанды көргені туралы түсінікті ашып көрсетеді.

Болжам – фактілер негізінде объектінің бас екендігі, құбылыстардың байланыстары мен себептері туралы тұжырым жасалатын алдын ала болжау. Бұл ретте тұжырым толық дәлелденген деп есептеуге болмайды. Болжам шынайы емес, ықтимал білім. Оның шынайлығы мен шынайы еместігі әлі анықталмаған. Болжамның шынайылығы немесе шынайы емес екенін анықтау – таным үрдісі.

Типтік қате – болжамның ғылыми болжам ретінде дәлелдеуді қажет етпейтіндей түрде құрылуы. Егер көп және жақсы жұмыс жасаса, нәтижелері жақсы болады егер «дәстүрлі жұмыс жасаса», шын мәнінде қалай болса, солай, нәтижелері нашар болады» деген ақиқатты қорғап және дәлелдеудің керегі жоқ.

Өз жұмысының қорытындыларын шығара отырып, зерттеуші алынған нәтижелерінің жаңалығы туралы айтуға мүмкіндікке ие болады да демек ол,   басқалар жасалмағанның ішінен не жасалынғанын, қандай нәтижелер алғаш рет алынғанын көрсетеді. Оның үстіне, бір жағынан, зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен, екінші жағынан, олардың ғылымдағы маңызы арасында мәнді айырмашылық бар. Нәтижелерінің жаңалығын сипаттай отырып, зерттеуші өзі қойған міндеттер шеңберінде қалады, оларды шешу барысында, қандай жаңа білім алғанын көрсетеді. Алынған жаңа білімнің маңыздылығы танымның басқа саласына, болашақтағы енді жүргізілетін ғылыми жұмысқа қатысына байланысты анықталады.

Өзін-өзі бақылауа арналған сұрақтар:


  1. «Болжам», «ой», «концепцияға» анықтама бер?

  2. Божам дегеніміз не?

Қолданыған әдебиеттер тізімі:

  1. Андасова Б.З. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономис тердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. – Астана, 2007.

  2. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. - Самара, 1994.

  3. Николаев И.Г. Педагогические условия моделирования воспитательных систем. – Краснодар, 2000.

  4. Рузавин Г.И. Методология научного исследования: Учеб. пособие для вузов. – М.: ЮНИТА-ДАНА, 1999.

  5. Ядов В.Я. Социоллогическое исследование: Методология. Прогамма. Методы. – М.: Наука, 1972.

  6. Валеев Г.Х. Гипотеза педагогического исследования// Педагогика. 1999.

10 Дәріс. Педагогикалық зерттеудің өлшемдерінің сапалығы.

Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің өлшемдерінің сапалығын қарастыру.

Жоспар:

  1. Өлшем, диагностика, параметрға анықтама беру.

  2. Педагогикалық зеттеудің сапалығы.

Кез келген ғылыми - зерттеудің нәтижелі аяқталуы проблеманы дұрыс таңдап, оған негіздеме жасай білумен тығыз байланысты. Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарында зерттеу проблемасы дұрыс анықталмағандықтан, зерттеулерде көбінесе тек жаңа фактіні айтып көрсету орын алады да, ғылымға ешқандай жаңалық қосылмайды. Ғылыми - зерттеудегі қойылған проблеманың нәтижелі шешілуі, ғылымға жаңалық қосып, оны жетілдіреді.

Ғылыми-зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе екені белгілі. Ғылыми-зерттеу проблемасының табиғаты өте күрделі, сондықтан зерттелетін танымдық проблема ескі білімді жаңа білімге алмастыруы тиіс, ал жаңа білім өзінің кемелденген қалпына әлі жете қоймағандықтан, осы қайшылық танымдық процесті дамытып, жаңа ғылыми нәтиженің пайда болуына әкеледі. Зерттеу проблемасы ғылым мен практика арасындағы қайшылықты көрсетеді.

Ғылыми білімнің даму барысында қайшылықты тенденция пайда болады:






      • біріншіден – ескі түсінікті жаңа болжам негізінде өзгертіп, бұрынғы теорияның фундаментальды, яғни іргелі негіздерін сақтап қалу керек;

      • екіншіден, педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары – оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді мақсаттарын жүзеге асыруды көздеуі шарт.

Зерттеу проблемасын таңдауда басты төрт мәселені ескеру керек:







        • оқу-тәрбие жұмысына қажеттiлiгi;

        • адам тәрбиелеудегi қоғамның перспективалық талабы;

        • педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуы;

        • зерттелмеген тың мәселелердi ескеру.

Педагогика ғылым саласының жеке зерттеулеріндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары келешекпен сабақтастық заңдылықтарын сақтауы тиiс. Сонымен, проблеманы нақты анықтай білу - зерттеу логикасын iске асырады. Зерттелетiн проблема нәтижелi болу үшiн педагогикада және оған ықпал ететін басқа ғылым салаларында зерттеу нысанасына алынатын мәселелер, зерттелген болуы тиiс.

Егер зерттелетін проблема дұрыс белгіленсе, онда зерттеудің жетекшi идеясының басты бағыты белгiлі болады. Проблеманың шешім табуы, оның идеясының нақты белгіленуімен және зерттелуiмен анықталады. Жетекшi идея – зерттеу жұмысының ең басты мәселесi болып саналады.

Кейде жетекшi идея тек бiр қырынан ғана зерттелiп, оған қайшы құбылыстар мен процестер ескерiлмей қалады. Осыған орай, жетекшi идеяны қойылған мақсатқа байланысты жан - жақты талдау қажет.

Жетекшi идея мен зерттеудiң жалпы бағыты – зерттеудiң басты координатын, оның «өзгешелігін» сипаттайды. Ғылымның дамуына ықпал ететiндер - iргелi ғылыми-зерттеулер мен маңызды идеялар екені белгілі. Идеяларды ғылымның алтын қоры деуге болады.

Ғылыми-зерттеу проблемасын анықтауда ізденуші практика мен өмiрдiң қажеттiлiгiн ескеріп, бұрынғы зерттеушiлердiң ғылыми-зерттеулерiн талдап, өзінің нақты зерттеу мақсатын белгілеу керек. Зерттеу проблемасының құндылығын міндетті түрде практика анықтайды.

Қазiргi кезеңде педагогикалық проблемалардағы болжамның рөлiн нақты анықтаудың маңызы ерекше.

Педагогикалық ғылыми-зерттеудің нәтижесінде ақиқатқа жету үшін, болатын нәрсенi ойда түйiндеп, оны iске асыру жолдары мен алынатын нәтижелері алдын ала болжанады. Болжау - ғылыми зерттеудiң тiрек көзi саналады. Болжам құра бiлу өте күрделi мәселе. Болжам жетекшi идеямен бiрге туындап, проблеманың мәнiн түсiну барысында дамиды. Болжамның екі түрі болады:

- біріншісі, жұмыс болжамы, уақытша бар фактiнi жүйеге келтiру үшiн қолданылады;

- екіншісі, ғылыми немесе шынайы болжам - ауқымды материал жинақталғаннан кейiн, оны қисынмен қорытып, оған кейбiр түзетулер енгізіп, оны ғылыми теорияға айналдырыуға көмектеседі.

Жұмыс болжамы мен ғылыми болжам арасындағы ерекшелiк салыстырмалы түрде ғана болады.



Практикалық болжам нақты сипатта болады. Жинақталған материалдардың молдығына қарай, практикалық болжам зерттелген материалдардан қорытынды жасайды. Мұндай болжамдар индуктивті тәсілмен пайда болады; бір фактінің үйлесімді қоланылуына қарай, белгілі бір оқыту жүйесінде немесе кейбір педагогикалық ситуацияларда дәледенсе және осы тәсіл ұтымды көрінсе, болжам педагогикалық қызмет барысында дамып жетілдіріледі. Сондықтан практикалық болжамның мынадай тізбегі пайда болады:

Проблема. Сәтті шешілген тәжірибе фактілері - Жетекші идея - Болжам, шығармашылық тәжірибеде жетіледі – Анықталған болжам – Тәжірибеде тексеріп, практикалық ұсыныстар жасау.

Абстрактілі – теориялық болжам жасау өте күрделі. Бұл жағдайда ғылыми пайымдау ретінде абстрактілі – теориялық болжам шынайы құбылыстар мен процестердің себебін білдіреді.

Педагогикалық зерттеулердегі болжам алдын - ала анықталады. Болжамның мәні мен рөлі туралы Ш.И.Ганелиннің пікіріне тоқталсақ, ол былай дейді: “ Болжам – кез келген зерттеудің өзегі болады. Онда зерттелетін мәселе анық көрсетіліп, оның теориялық негіздері мен оның шешімін табу жолдары көрсетіледі… Онан кейін, оны зерттеу әдістері айқындалады: ол қажетті фактілер мен көп жағдайда эксперименттік материалдарды жинақтап, тексеруді, оны талдауды қажет етеді. Болжам - ол зерттеу кезеңіндегі белгілі бір зерттеу мәселесін ғылыми пайымдау. Болжам мәселені шешудің жобасын көрсетеді. Ондағы теориялық қағидалардан, белгілі мәселені шешу тәсілі көрінеді. Болжам зерттеу барысында зерттеудің бағытын анықтаумен бірге, өзі де толығып дамиды”.

Мысалы, “Тәрбие жүйесін моделдеудегі педагогиалық жағдайлар” атты ғылыми-зерттеу тақырыбын қарастырайық. Тәрбие жүйесін зерттеген ғалымдардың еңбектері талданғаннан кейін, осы мәселенің теория мен практикада толықтай шешім таппауының салдарынан, гуманистік тәрбие жүйелерін жүзеге асырудың тиімді шарттарын қамтамасыз ету қажеттігі туындайды.

Сонымен, тәрбие жүйесін моделдеу процесі - құбылыс және қазіргі кезеңдегі педагогикалық практиканың қажеттілігі ретінде қарастырылғанымен, оның теориялық негіздері мен тәрбие жүйесін моделдеу технологиялары арасындағы қайшылық және оның педагогика теориясында жеткілікті зерттелмеуі, нақтырақ айтқанда, оны құрудың педагогикалық шарттарының бірлігін және әр түрлі білім ұйымдарында гуманистік тәрбие жүйелерін тиімді жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу тақырыбын анықтады.



Зерттеу нысаны. Тәрбие жүйесін моделдеу болса, онда зерттеу пәні – тәрбие жүйесін моделдеудің педагогикалық шарттары болады.

Зерттеудің мақсаты – білім ұйымдарындағы тәрбие жүйесін моделдеудің педагогикалық шарттарының жинақталуын анықтап, негіздеп, оны эксперименттік зерттеуден өткізу.

Зерттеу болжамы. Егер де тәрбие жүйесін моделдеу, педагогикалық шарттарды толықтай пайдалануды талап ететін, педагогикалық жағдайдың құрамына кіретін алғашқы дайындық процесін, тәрбие жүйесінің тұжырымдамасы мен нормативті моделін анықтаса; практикада моделді іске қосып, дамытса; тәрбие жүйесінің бастапқы моделін толықтырып жетілдірсе; әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын құру жалпы (кез келген білім беру ұйымдарында моделді жасау, оны іске қосу және жүзеге асыру) және арнайы білім беру мекемелерінде ( оны жүзеге асыру) қамтамасыз етілсе ғана, тәрбие жүйесін моделдеудің педагогикалық шарттары анықталады.

Тағы да бір мысал келтірейік: «Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» деген тақырып.



Зерттеудің мақсаты: кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және практикалық түрде жүзеге асыру.

Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орнындағы оқу үдерісі.

Зерттеудің пәні: жоғары оқу орнында кредиттік жүйе бойынша оқытуда экономика мамандықтарының студенттерінің өздік жұмысын ұйымдастыру үдерісі.

Зерттеудің болжамы: егер жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары анықталып және сол шарттарға сәйкес ұйымдастырылса, онда кредиттік оқыту жүйесі жағдайында мамандарды кәсіби даярлаудың сапасы артады, өйткені өздік жұмыс студенттердің өз бетімен жұмыс істеу және шығармашылық белсенділігін арттырып, оқу материалын терең игеріп бекітуге, жаңа кәсіби білім алуға, практикалық білік, дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасайды.

Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалынған болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері анықталды.

Педагогикалық болжамға қойылатын әдіснамалық талаптар:


  • ұсынылған болжамның фактiге сәйкес келуi;

  • оны тексеруге болатындығы;

  • ауқымды құбылыстарға қолдануға болатындығы және мүмкiндiгiнше қарапайым болуында.

Болжам екi құрамнан тұрады: бiрiншісі - кейбiр қағидаларды ұсыну, екіншісі - оны логикалық және практикалық жағынан дәлелдеу.

Ұсынылған болжамды дәлелдеу үшін зерттеу міндеттері анықталады.

Зерттеудiң негiзгi кезеңдерi.

Ғылыми-зерттеу жұмысы өте күрделi, әр жағдайда өз қисынымен, әдiсiмен, ұйымдастырылуымен ерекшеленедi.

1. Зерттеудiң нақты мiндеттерiн анықтау.

Ол үшiн негiзгi ғылыми әдебиеттердi оқып, оның зерттелу жәйiн анықтау шарт. Зерттеудiң теориялық, практикалық жақтары жан-жақты ескерiлуi тиiс.

2. Бар материалдарды жинау және оларды есепке алу. Олар:

а) проблеманың тарихы мен теориялық жағдайын сипаттайтын әдебиеттерді талдау;

ә) мектеп және мұғалiм тәжiрибесiн ескеру;

б) педагогикалық нормативті құжаттармен танысу, оны ескеру;

в) оқушылардың шығармашылық және оқу-тәрбие iстерiн талдап қорыту;

д) тәжiрибелiк жұмыс пен педагогикалық экспериментті жүзнгн асыру.

Осы жұмыстардың барлығы педагогикалық процестiң бiр-бiрiмен байланысын және оқушылардың даму заңдылықтарын анықтауға көмектеседi.

Барлық материалдарды жинақтап, оларды есепке алып, талдап, қорытындылау.



  1. Фактiлерден идеяларға қадам жасау.

  2. Фактiлер дәлелдi және шынайы болулары тиiс. Фактiлер теорияға негiз болу үшiн ғылыми танымдық жағынан ескерiлу қажет.

  3. Эксперименттiк тексеру және ұжымдық талқылау жүргізу.

  4. Ғылыми нәтижелердi реттеп, жүйелеу, жазу. Зерттеу нәтижесi түйiн мен қорытындыда берiледi. Зерттеудiң түйiнi, теорияны байытатын ең маңызды нәрсе. Оны нақты, негiзделген түрде жазу қажет.

  5. Ғылыми-зерттеуді практикаға ендiру, ол екi түрлi болады: тiкелей нұсқау арқылы және ғылыми эксперимент арқылы.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Болжам дегеніміз не?

  2. Зеттеудің болжамы дегенді қалай түсінісің?

  3. Педагогикалық зерттеудің сапалығын қалай түсінесің?

Әдебиеттер

  1. Андасова Б.З. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономис тердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. – Астана, 2007.

  2. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. - Самара, 1994.

  3. Николаев И.Г. Педагогические условия моделирования воспитательных систем. – Краснодар, 2000.

  4. Проблемы методологии педагогики и методики исследования. - М. «Педагогика» 1971.


11-Дәріс. Педагогикалық зерттеудің әдісі мен әдістері, педагогикалық экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру

Мақсаты: Педагогикалық экспериментті жоспарлау және құруды қарастыру.

  1. Зерттеу әдістері.

  2. Педагогикалық эксперимент.

  3. Педагогикалық эксперименттің талаптары.

Педагогикалық ғылыми зерттеудің нәтижелі болуы оның зерттеу әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуына тәуелді. Педагогикалық зерттеудің мақсаты, міндеттері, жалпы бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, тарихи-педагогикалық зерттеу, әдіснамалық, дидактикалық-әдістемелік с.с.т.б. Зерттеуші ғылыми зерттеу әрекетінің мақсатын, міндеттерін анықтап алып, зерттеу әдістерін іріктейді.

Педагогика ғылымындағы зерттеу әдістерінің үнемі жетілуі оның дамуына өз әсерін тигізеді. Төменде көрсетілген әдістерге назар аударайық (1-сурет Зерттеу әдістері).





  1. сурет Зерттеу әдістері.

Әр әдістің өзіндік мәні мен қызметі бар. Олардың әрқайсысы педагогикалық құбылыстың бір немесе бірнеше қырларын ғана зерттеуге бағытталады және бір-бірін толықтырып, тығыз байланыста қызмет етеді. Бір әдістің зерттеудің ақиқатты нәтижесін беруге әлеуеті жеткіліксіз, сондықтан зерттеуші әдістерді бір жүйеге келтіріп, зерттеу барысында оларды бірізділікпен қолданып отырады.

Бұл баяндаманың мақсаты - жоғарыда айтылған ойдың мәнін педагогикалық эксперимент әдісі негізінде сипаттау болып табылады.

Педагогикалық эксперимент дегеніміз не? Оның мәні неде? Оны қалай қолдану керек? деген сұрақтарға жауаптар іздеп көрейік. Көптеген әдебиеттерді оқып, талдап, педагогикалық эксперимент ұғымына мынадай түсініктер берілгенін анықтадық.

Педагогикалық эксперимент – арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген зерттеушінің зерттеу іс-әрекеті (1, Б.18).

П.И.Пидкасистыйдың басшылығымен дайындаған «Педагогика» оқулығында «Эксперимент - ғылыми болжауды тәжірибе жүзінде тексеру» деп түсіндірген (2,Б.105).

Сонымен, педагогикалық эксперимент деп нақты «қолдан» жасалған жаңа жағдайларда педагогикалық үрдісті түрлендіріп, ғылыми тұрғыдан тәжірибе қоюды айтамыз. Екінші жағынан, эксперимент дегеніміз қатаң қадағалауда болатын және эксперимент жасаушының өзі мақсатты әрі жоспарлы түрде жүзеге асыратын педагогикалық бақылау болып табылады(1, Б.18).

Эксперименттің көлемі кең ауқымда (мұнда экспериментке қатысушылардың саны өте көп) немесе ықшамдалған топта да (мұнда экспериментке қатысушылар саны аз) болуы мүмкін.

Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда оның негізгі ережелерін сақтаған жөн:


  1. Тұлғаның (оқушы, студент, т.б.) денсаулығына зиян келтірмеу;

  2. Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында қолдану;

  3. Зерттеудің мақсат, міндеттеріне, қатысушыларды іріктеуге байланысты эксперименталдық базаны анықтау;

  4. Экспериментті жүргізу алдында зерттеу пәнінің көрсеткіштерін, деңгейлерін, өлшемдерін анықтау.

Орта ғасырлық ғалым Р.Бэкон «Эксперимент - ғылыми білімнің жасанды тәжірибесінің нағыз қайнар көзі болып табылады» - деген. Оның отандасы Ф.Бэкон экспериментті ақиқатты танудың маңызды құралы деп есептеді (3,Б-115). Ф.Бэконның пікірі бойынша ғылыми эксперименттің кездейсоқ тәжірибеден айырмашылығы ол белсенді және мақсатты түрде адамның табиғатқа еніп, жалпы әлем болмысының ұстанымдарын құрайтын тәжірибе болып саналуында деп көрсетті. Ф.Бэкон экспериментті басқаруда бірнеше әрекеттерді ұйымдастыра білу керектігін айтты:



    1. Вариация – зерттеп жатқан құбылысты өзгерту әрекеттері;

    2. Репродукция - тәжірибені қайталау әрекеттері;

    3. Инверсия - өзгертілген жағдайда табылған жаңа дәйекті тексеру әрекеті;

    4. Қажетсінуге бағындыру - ықпал етуші факторлар күштерінің көбеюі немесе азаюына байланысты тәжірибені тоқтаусыз жүргізе беру әрекеттері.

Бұл әрекеттердің мақсаты - зерттеу мәселесіне байланысты дәйектерді түгелдей жинақтау. Тәжірибе кезіндегі жалған немесе уақытынан бұрын алынған мәліметтер бойынша қорытынды нәтижелерде қателеспеу үшін Ф.Бэкон төменде көрсетілген 3 түрлі кестені ұсынады:

1-кесте. Зерттеу құбылысындағы дәйектердің (фактілердің) болуы.

2-кесте. Зерттеу құбылысындағы дәйектердің жоқтығы.

3-кесте. Зерттеу құбылысындағы дәйектердің көрсеткіштері.

Зерттеу құбылысының мақсаты бойынша бұл кестелерден алынған мәліметтер талданып, салыстырылып, ақиқатты нәтижені алуға көмегін тигізеді.

Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда ең алдымен оның жоспары анық болуы қажет, ол үшін:



  1. Эксперименттің мақсатын анықтау.

  2. Эксперименттің міндеттерін анықтау.

  3. Эксперимент барысында «иә» немесе «жоқ»деген жауап көрсеткіштерінің болуы.

  4. Зерттеу құбылысында оңды нәтиже алуға әсер етуші факторларды анықтау.

  5. Зерттеуде әсер етуші факторларды іріктеу және оларды қолдануға шешім қабылдау.

  6. Әсер етуші факторларды міндетті түрде маңыздылығы бойынша реттеу.

  7. Кейбір факторлардың реттелуге келмейтіндігінен, олардың орташа әсерін (мәліметін) есепке алу.

  8. Эксперменттің соңғы сатысы – бұл талдау (нәтижелерді жинақтау, реттеу, статистикалық мәліметтерді енгізу, қорытынды пікір қабылдау).

Эксперименттің мәні – зерттеу құбылыстарын бақылап, дәйектерін айқындау үшін нақты жағдайларды жасаумен анықталады.

Эксперимент жүргізуде төмендегі әрекеттерді орындау қажет.



  1. Экспериментті жүргізу техникасын таңдау және негіздеу:

а) міндеттердің қойылуы;

ә) көрсеткіштерді таңдау;

б) өзгермелі факторларды таңдау;

в) сандық, сапалық деңгейлерді таңдау.

2. Жоспарлау:

а) бақылау сандарын анықтау;

ә) эксперименттің жүргізілу тәртібі;

б) қолданатын реттеу әдісі;

в) эксперименттің математикалық модель негізінде сипатталуы.

3. Талдау:

а) мәліметтерді жинақтау және өңдеу;

ә) ғылыми болжамды статистикалық есептеу арқылы тексеру және

статистикалық есептердің өзін де тексеру;

б) нәтижелердің түсіндірілуі (интерпретациясы).



Педагогикалық эксперимент мақсатына қарай 4 сатыға бөлінеді (2-сурет):

2-сурет Педагогикалық эксперименттің сатылары.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет