«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппараты» мм



жүктеу 87.38 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі87.38 Kb.
03.03.2016 жылы интернет-ресурсында орналастырылды

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНДА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппараты» ММ

Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.



1. Ақжар ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Жеке азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері және заңды тұлғалардың сауалдары бойынша өтініштерін қарау, шетел азаматтарымен неке қию, шетел азаматтарының бала асырап алу мәселелері бойынша азаматтарды және өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру, туу, неке қию, некені бұзу, әке болуды анықтау, бала асырап алу, ТАӘ ауыстыру, қайтыс болу туралы азаматтық хал актілерін тіркеу барысында өтініштердің тіркелуіне және актілік жазбалардың жасалуына бақылау жүргізу, азаматтық хал актілерін және азаматтық хал актілері аңықтамаларын мемлекеттік тіркеу өндірісіне бақылау жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған жағдайда қайта жасалған куәліктер береді. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер бланкілерінің есебіне, сақталуы мен қолданылуына бақылау жүргізу, жыл сайын бұзған және пайдаланылмаған куәліктер даналарын жою туралы актілерді әзірлеу, түзетулер, өзгертулер, толықтырулар енгізілуі қажет материалдарды әзірлеуге, аталған материалдар бойынша қорытынды жасауға, аталған материалдарды әзірлеу үшін қажет құжаттарды талап етуге бақылау жүргізу. Сот шешімі бойынша азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру, жоюдың жүзеге асырылуын бақылау. азаматтардың ТАӘ өзгерту бойынша қорытынды әзірлеуді және жасауды бақылау, белгіленген мерзімде аудандық статистика бөліміне азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша ай сайынғы есептердің, куәліктер бланкілерінің кіріс-шығысы жылдық есебінің құрылуы мен жіберілуіне бақылау жүргізу, қайтыс болу, туу, неке қию және некені бұзу туралы актілік жазбалардың екінші даналарын жолдау, Уәкілетті мемлекеттік органдарға туу және қайтыс болу туралы мәліметтердің, Зейнетақы қорына, көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын және көші-қон саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау, қадағалау және ұсыну бойынша құқық қолданушылық функцияларды жүзеге асыратын органдарға, немесе оның аумақтық органына қайтыс болу туралы мәліметтердің ұсынылуын бақылау. Актілік жазбалардың бірінші нұсқаларының есебін жүргізу және өңдеуді бақылау. Мұрағат қорын қалыптастыруды, оның сақталуы мен заңнамаға сәйкес актілік жазбалардың мемлекеттік мұрағатқа берілуін бақылау, мөр қойылған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайта жасалған куәліктер мен анықтамалардың ресімделуін бақылау, аудан әкімі аппараты, бөлім басшылығымен жүктелген өзге де тапсырмаларды орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «білім», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе экономика, немесе менеджмент, немесе қаржы), немесе «құқық» бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларында жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішіндегі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмендегі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, С-О-5, С-R-3, D-5, D-О-5, E-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облысытық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқытуды аяқтауы;



2. «СҚО Ақжар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ атаулы әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 96607 теңгеден 129920 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңдарын және де басқа халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған ҚР заң актілерін жүзеге асыру. Сектордың іс-әрекетін басқару, жұмыстын нәтижесіне жауапкер болу, өз құзырында сектордың жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру. АӘК көрсету бойынша комиссияның мәжілісін өткізу. Әлеуметтік көмекті барлық түрін көрсетудің белгілнгген тәртібін түсіндіру.Жоғарғы мекемелерге мезгілдік есептерін беру. Аз қамталған отбасылардың социялогиялық тексеруіне қатысу. АӘК және БАЖ-ны тағайындауға құжаттарды уақытымен тапсыруын қадағалау. АӘК және БАЖ-ны тағайындау бойынша хаттама журналын жүргізу. Қарсы тексеруін үйымдастыру және оны есепке алу. Еңбекақы бойынша берілген құжаттардың растылығын анықтау барысында кәсіпорын, мекемелер, ұйымдарды тексеру. Аудандық әр-түрлі шараларға қатысу.Көмекке өтінішпен келген азаматтарды қабылдау, заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек және балаларға арналған жәрдемақы тағайындауға өтініш жазған отбасыларының құжаттарын қабылдау. Қабылданған құжаттардың дұрыстылығына жауапты болу, АӘК және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына арналған мемлекеттік жәрдемақыларды алуға құқылы алушыларды аныктау барысында әлеуметтік тұрмыс жағдайларына тексеріс жүргізу. АӘК және БАЖ-ны тағайындау бойынша аумақтық комиссияның жұмысын қадағалау. Заңнамаларға сәйкес қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеусеттік қызметтің және әлеуметтік қөмектік басқа да түрлерін көрсетуде бақылауды, мүгедектер ісі бойынша үйлестірілген Кеңестің іс-әрекетін ұйымдастыру. Аз қамтылған отбасыларына шағын несиелерді беру бойынша жұмыстарды жүргізу. Семей ядорлық полигонында ядорлық сынақтардын салдарынан жапа шеккен тұлғаларды есепке алуды жүргізу. Секторға бекітілген ақпараттық жүйелік жұмысты бақылау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «құқық», немесе «білім», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «гуманитарлық ғылымдар» (халықаралық қатынастар, филология, аударма ісі), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе экономика, немесе менеджмент, немесе қаржы, немесе есеп және аудит) бейіндері бойынша.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1.Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, E-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3.Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұыймдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-G-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қоғамдық жұмыстардың қызметін үйлестіру, елді мекендерді когалдандыру және санитарлы тазалығын қалағалау, көліктік, мүліктік, жер бойынша салықтарды жинау, ЖШС, мектеп, іс жүргізуді, елді мекенді есепке алу, денсаулық сақтау және спорттық - бұқаралық жұмыстар, округте сауда және қызмет көрсету, еңбектің әлеуметтік саласы. Селолық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің құқықтық оқытуын ұйымдастыру, селолық округі әкімі өкімін және шешімдер жобаларын даярлау, округ әкімі қабылдаған шешімдерді мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, заңды мәселер бойынша азаматтардың үндеулерімен шағымдарын қарастыру. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер, жастар, ономастика, есірткі бизнесімен күресу, жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Айналасатын мәселелер жиынтығы бойынша кітапша жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «құқық», немесе «гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі, халықаралық қатынастар, тарих), немесе «білім», немесе «ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия, немесе қожалық ісі, немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы), немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе экономика, немесе менеджмент, немесе қаржы, немесе есеп және аудит, немесе мұрағат жүргізу, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету) бейіндері бойынша.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

1. Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2. Мемлекеттік қызмет өтілі орталық облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30 – тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Ақжар ауданы әкімі аппаратының және Мемлекеттiк қызмет iстерi министірлігінің интернет-ресурсында қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс:

150200, Ақжар ауданы Талшық селосы, Целинная көшесі 15, «Ақжар ауданы әкімі аппараты» ММ немесе GDoszhanova@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(71546) 21632, факс 8(71546) 21102 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет