Соматикалық атаулардың уникалий ерекшеліктері


Қазақ әдеби тілінің сөздігінен



бет2/4
Дата29.09.2024
өлшемі29.01 Kb.
#504109
1   2   3   4
Соматикалық атаулардың уникалий ерекшеліктері

Қазақ әдеби тілінің сөздігінен:
Бауыр жазды - а) Түрегеліп жүре бастады. ә) Еркін көсілді, жүйткіді.
Ер-тоқымын бауырына алып тулады - Қатты ашуланды, шала бүлінді, бұлқан-талқан болды.
Қайнаған қазан бауырына төгілгір! - қарғ. Күйіп қалғыр, күйіп өлгір.
Басы аман, бауыры бүтін - Дүниесі түгел, жан-жағы, айналасы есендікте, көңілі тоқ.
Қол-аяғын бауырына алу - екіқабат әйелдің босануын бейнелейтін тұспал, яғни эвфемистік мәнді сөз.
Құйрық-бауыр жесті - этн. Құда болу рәсімін істеп, құдаласты.
Жер бауырлап жатып алды - Қатты қайғыдан бас көтермеді.
Жер бауырына несібесін сауды - газети. Диқаншылықпен күнелтті, егіншілкпен нанын тауып жеді. [1]
Б.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен:
Өз қазаным, өз бауырымда - Өз еркім өзімде, өзіммен өзім; ешкімге тəуелді емеспін д.м [5]
Бизақов С. Синонимдер сөздігінен: Тас-бауыр, тасжүрек - Ешкімге жаны ашымайтын, өте қаты- гез, қатал [6]
Қазақ тілінің аймақтық сөздігінен: Бауыры біту - (Түрікм.: Красн., Ашх., Таш.) бауыры елжіреу, жаны ашу.
Бауыр алу - (Жамб., Шу) еңбектей бастаған бала тез еңбектеу үшін бауырынан тамақ салынған табақты алатын ырым.
Бауыр қайыс (Жамб., Шу)- арбаға ат жеккенде аттың бауырынан тартып қоятын қайыс. [7]
Қазақ жазушыларының еңбектерінде өзіндік ерекшеліктері бар соматикалық сөз қолданыстары кездеседі. Мысалы, Міржақып Дулатов еңбектерінде: «жүрекке жібімес тастай мұз кіреді, тізе көрсетпек болу, қазақтың жүрегін шаю», Ғұмар Қарашта: «жүрегі тайдай тулау», С. Торайғыровта: «қызыл қаннан су жүргізу», Ж. Сабыржанұлы «басынан бал таму» «Маңдайынан мұнай атқылап тұру», Ш. Құмарова «Қабағымен қар жаудырып, тілімен мұз тоңдыратын», О. Сәрсенбаев «Танауын көтеріп, кеудесін ұрғылайды», К. Әмірбек: «Жеді былай күбірлеп, құлағымның құр етін», «беті бүлк етпей бір іс жасады», О. Әубәкіров «Қабырғасы қайысып, омыртқасы майысып жүр», Т. Әлімбек «Бауыры жарқ етті», т.б.[8]
Фразеологиялық сөздіктерден жиналған атауларды жағымды, жағымсыз және нейтралды кейпін мынадай кестеге салып көруге болады:




Жағымды кейпі

Жағымсыз кейпі

Нейтралды кейпі

Бауыр

Қол аяғын бауырына алу

Ер-тоқымын бауырына алып тулады, іші-бауыры өртену, жер бауырлап жатып алу, ой бауырымдау, тас бауыр, қу бауыр, қара бауыр

Бауыр ет, бауыр басу

Өкпе




Өкпесі өшсін, өкпесі аузына тығылу, өкпе арту, өкпесі қара қазандай болу, жел өкпе, көбік өкпе, тесік өкпе, өкпесін сүйретін жүру,

Өкпесін екі қолына алды

Ішек

Ішек-сілесі қатқанша күлу

Іші-бауыры өртену, майлы ішектей айналдыру, ішек-қарыны аузына тығылу,




Жүрек

Жүрегі орнына түсу, жүрегі елжіреу, жүрегі атша тулау, қуаныштан жүрегі жарыла жаздау, жүрегі алып ұшу,

Жүрегі тас төбесіне шығу, жүрегі май ішкендей кілкілдеу, жүрегі қобалжу, жүрегіне жұдырықтай боп тұра қалу, жүрегі қарс айырылу, жүрегі от боп жану, жүрегіне ине шаншу, жүрегі бүлк ету, жүрегі зырқ ету, жүрегі өрекпу, су жүрек, жүрегіне қан қату, жүрегі дауаламау, жүрегі шайлығу, жүрегі қараю, жүрегі сазу, жүрегі аузына тығылу

Жүрек қылын шерту, жүрегінің түгі бар, жүрек жұтқан, қасқыр жүректі, жүрек жалғау,

Бүйрек

Бүйрегі бұру

Бүйректен сирақ шығару, без бүйрек, бүйрегі бітеу

Бүйрегі бүлк ете қалу

Қан

Қанды басың бері тарт, қаннен қаперсіз,

Көзіне қан толу, қаны басына шабу, қамшысынан қан сорғалаған, қанды балақ,аузы мұрнын қан жалату, қан жалату, қанды көбік жұтқызу, төбенгіден тер, қабырғадан қан жаудыру, қан қақсату, суқаны сүймеу, айтсам аузыма қара қан құйылсын, қанды қалпақ кию, қайғыдан қан жұту, қаны бұзылу, қанын ішіне тарту, қанына қараю, жүрегіне қан қату, қаны мойнында кету, қанын жүктеу, қаттын ұрттау, қақырығы қан тату, қаны кебу, қан жілік болу, қан сорпа болу,кесіп алса қан шықпау, қан шелек, қанды балақ қарақшы, қанға жерік, қан құйлы, қаны бұзық, қан базар, қасқалдақтың қынындай, қан жоқ, сөл жоқ, қан сөлден айырылу, қаны ашу, қасық қану жоқ, екі бетінен қаны тамған

Қызу қанды, қаққанда қанын, соққанда сөлін алу,қадалған жерден қан алу, қасықтай қанын қию, кіндік қаны тамған жер, қаны бір,

Арқа

Арқа басы жадырау, арқасынан қағу, арқасын кеңге салу, ұзын арқау, кең тұсау, арқа жазу

Арқасы мұздап қоя беру, мұз арақалап, күл төгу, тауқыметін арқалау, қарғыс арқалау, ит арқасы құрысу, ер тоқымын арқалап қалу, арқа еті арша болу, арқасы пышақтай, ит пен құстың арқасында, арқасын беру, арқасына аяздай бату

Арқа сүйеу, арқа тұту, бесік табы арқасынан кетпеу, арқасы қозу, арқасы шымырлау, арқасы ұстау, арқа таңу

Иық

Иығынан жүк түскендей болу, екі иығы қақпақтай,екі иығына екі кісі мінгендей, ақ иық,

Иығы жауыр болу, иығына су кету,

Иығынан дем алу, иық тіресу

Бел

Бел буу.

Белі сыну, белі бүгілу, белшесінен бату

Бесіктен белі шықпаған, бел шешпеу, белі бүгілмеу, тәуекелге бел байлау, белі қылдай, Бұраң бел, Жұмыр білек, Қынай бел, Қыпша бел, Құмырысқа бел, күзен бел

Өт




Өтім жарылып кетердей, Өтін алып, аузына құю, өті жарылу,

Зор көкірек, көкірек керу,

Көкірек

Қуанышы қойнына сыймау

Көкірегі қарс айырылу, көкірегі шерге толу, көкірегі қайғылы, шер көкірек, кеудесіне қан қату, көкірегі күю, көкірегі көр, көкірегіне нан піскен, көкірек біту

Көкірегіне от тастау, көкірек көз, көкірек сарайы,

Бұл кесте бойынша қазақ тіліндегі соматикалық атаулардың көбіне жағымсыз кейіпте кездесетіндігін байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет