Соматикалық атаулардың уникалий ерекшеліктері


Универсалдар атаулардағы соматикалық көріністер



бет3/4
Дата29.09.2024
өлшемі29.01 Kb.
#504109
1   2   3   4
Соматикалық атаулардың уникалий ерекшеліктері

Универсалдар атаулардағы соматикалық көріністер. Кез-келген тілдің сөздік қорында сол елдің ұлттық-мәдени, географиялық ерекшеліктері мен сипаттары кездеседі. Фразеология мен мақал-мәтелдердегі мәдени-ұлттық семантика – оның ұлттық-мәдени элементтері арқылы айқындалады. Тілдегі ұлттық-мәдени элементтердің семантикасы сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін, әлеуметтік өмірін, тарихын, географиялық орнын, мемлекеттік жүйесін т.б. ерешеліктерін ашады. Сондықтан да, халықтың ұлттық-мәдени нақышы жетік қамтылған фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердегі ұлттық-мәдени сипаты бар компоненттердің семантикасын ашу – екі тілдегі бір-біріне ұқсас емес, бір-біріне тән емес ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Тілдегі ойлау-пайымдау аспектісі барлық халықта бірдей екені, логика ілімі бойынша, мәлім. Яғни, пайымдаудың тағы бір сипаты – олардың универсалдылығы. Мысалы: адамның қасиеті мен сипатын білдіретін: ақылдылық-ақымақтық, адамгершілік-арамдық, жақсылық-жамандық, сұлулық, күштілік, әлсіздік, тектілік т.б. барлық халық арасында кең тараған, сөздік қорында көрініс тапқан. Ал осы сипаттар мен қасиеттерді жеткізу әр халықтың тілінде әртүрлі беріледі. Логика тұрғысынан алсақ, дүниедегі адамзаттың ойлау қабілеті бірдей болғандықтан, барлық халықтың тұрмысында кездесетін құбылыстар мен іс-әрекеттердің бірдей болып келуі шартты құбылыс. Енді орыс тіліндегі соматикалық фразеологизмдердің қазақша баламаларына тоқталып өтсек:
Ни рыба, ни мясо – аузынан сөзі, қойнына бөзі түскен
Стоять за спиной – арқа сүйеу
Отрывать от сердца - Өзегін жұлып беру
Сердце не на месте – жүрегі орнына түспеу
Находить дорогу у сердцу – жүрегіне жол табу
Скалить зубы – тісін көрсету
Держать язык за зубами – аузын ашпау
Не по зубам – тісі батпау
Душа ушла в пятки – жаным көзіме көрінді, жүрегім тас төбеме шықты
Одни ребра остались – құр сүйегі қалған
Дел по горло - жұмыс бастан асады
Золотые руки – он саусағынан өнер тамған
Золотое сердце – ақжүрек адам
Валить с больной головы на здоровую – өз айранын ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылады,.
Тіл – байланыс құралы болғандықтан жалпы болмысы тілінде тұрады. Соған қарап, бір тілде сөйлейтіндердің, яғни халықтың тілі – халықтың болмысын ашып көрсетеді деп сенімділікпен айта аламыз. Халық тіліндегі әр түрлі тіркестер мен сөз оралымдарының бір сәтте пайда болмағаны белгілі. Сол қоғамның тұрмыс-тіршілігіне, ой-санасына, дүниетанымына байланысты тілі де қалыптасады. Фразеологиздер – халықтық тілдің ажырамас бөлігі. Адамның кейбір қарапайым сөзбен жеткізуге келмейтін ішкі сезімдерін фразеологизмдермен жеткізген әлдеқайда әсерлі әрі түсініктірек болады. Бұл жайлы Г. Смағұлова «Мағыналас фразеологизмдер сөздігі» еңбегінде «Әрбір жеке адамның өзіндік қабылдауынан туатын сезімдік “дүние суреті” әсерінің көрінісі лексикаға қарағанда, фразеологизмдердегі эмоция мен экспрессияда анағұрлым көбірек қамтылады». [9]
Адам айналадағы өзерістерді, әсерлерді өзінің тұла бойынан өткізіп, жанымен, тәнімен сезінеді. Сондықтан адамның дене мүшелерін тілде пайдалану сезімді білдірудің бірден-бір кең тараған тәсілі болып табылады. Көріп отырғанымыздай, бір тілде бұл құбылыс басым болса, бір тілде сирек кездеседі. Қазақ тілі ең бай тілдердің қатарында бұл ретте де өте дәл, тың сөздік қорымен ерекшенеді десем артық болмас.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 5 – том», Құраст.: Б. Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнiсбеков және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.

  2. Махмудов. Х. «Қазақша-орысша сөздік, Казахско-русский словарь»

  3. Чжэн Гуанцзе «Фразеологизмы с компонентом "органы брюшной полости" в русской и китайской лингвокультурах» мақала

  4. Кеңесбаев, Ісмет «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» – Алматы : ҚазАқпарат, 2007. - 356 б

  5. Б.Қалиев «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Алматы, 2014. - 728 б.

  6. Бизақов С. «Синонимдер сөздігі» - Алматы: Арыс баспасы, 2007. - 640 б.

  7. «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 б.

  8. Абдрахманова, Жазира Әсембекқызы «Қазіргі қазақ тіліндегі окказионал фразеологизмдер», Алматы 2008 ж.

  9. Гүлдархан Смағұлова «Мағыналас фразеологизмдер сөздігі» - Алматы: «Елтаным баспасы», 2010 жыл. – 252 бет.

  10. Сарышова, Күлдірсін Сейтжанқызы «Қазақ тіліндегі эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер» – Алматы, 2006




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет