СоөЖ №9 Базарбай Е



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата01.11.2022
өлшемі159.23 Kb.
#463724
1   2   3
СОӨЖ №9 Базарбай Е

 
Сүтбезі (лат. glandula mammaria немесе mamma) — жұп ағза, апокринді 
тері бездерінің түріне жатады. Жынысы жетілген əйелдердің сүт бездері 
алдыңғы көкірек аймағының үшінші жəне алтыншы немесе жетінші қабырға 
аралығында орналасады. Əрбір без өзінің үлкен бөлігімен үлкен көкірек 
бұлшық еттіне барып жалғасады (m. pectoralis major) жəне жиі алдыңғы 
тісшелі бұлшық етте (m. serratus anterior). Сыртқы жағынан сүт бездерінің 
арасында иілу бар, бұл қойнауды (sinus mammarum) деп атайды. Əрбір 
көкіректің ортасынан сəл төмен, шамамен төртінші немесе бесінші 
қабырғалық деңгейінің бетінде үлкен емес шығыңқы— көкірек емізігі
(papilla mammae) болады. Босанбаған əйелдерде ол конус тəрізді формада 
болады, ал босанған əйелдерде цилиндрлі болады. Ол диаметрі 3—
5 сантиметр болатын ареоламен қоршалған. Емізік жəне ареола басқа 
терілердің түсінен өзіндік пигментациясымен, яғни каралау болып 
ерекшеленеді. Босанбаған əйелдерде — қызғылт немесе қара- қызыл, ал 
босанғандарда — қою қара. Жүктілік кезінде пигментацияның интенсивтігі
артады. Жыныстық қозу кезінде, сонымен қатар овуляция фазасында, оның 
эректильдігі жəне сезімталдығы артады. Емізік эрекциясы бұлшық ет 
талшықтарының тарылуынан, қанайналымына жəне клитор эрекциясына 
қатыссыз жиырылады. Менструальді цикл кезінде сүт бездері циклдік 
өзгерістерде болады, бірақта көптеген өзгерістер жүктілік кезінде болады. 
Əдетте сүт безі көлденеңнен орташа 10—12 см, қалыңдығы 2—3 см болады. 
Бездің салмағы босанбаған қыздарда шамамен 150—200 г болады.
Жүктіліктің екінші айында көзге көрінетіндей өзгерістер болады. Емізік 
аралық шеңбер ұлғайып жəне қарайады. Бездің ішінде өзгерістер болады, 
босанғанға дейін без біртіндеп ұлғайып, қайта құрылып жатады. Лактация 
кезеңінде сүт безінің салмағы 300—900 г дейін жетеді. Ананың сүті – жаңа
туған нəрестені бірден – бір қоректендіретін жəне кез келгенжұқпалы
ауруларданқорғайды.Оның құрамында болатын қоректік заттардың
пропорциясы толықтай қалыптасып үлгермеген сəби ағзасының қалыпты
деңгейде өсуі жəне қорғалуы үшін дəлме – дəл мөлшерленген.Ана 
сүті,əсіресе,жаңа туған сəбидің ми жасушаларының көбеюін жəне жүйке
жүйесінің дамуын жеделдететін қоректік заттарға өте бай. 
V

Document Outline

  • СОӨЖ №9
  • Тақырыбы: Әйелдердің жыныстық жүйесі.
    • Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу органдары
    • Әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің құрылымы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет