Дәрілік шикізаты. Шөбін (Нerba Thermopsidis) шанақтаған кезінен бастап гүлдеу кезеңінде жинады. Шөбін піскен жемістерімен жинауға болмайды, себебі тұқымнда алкалоид цитизиннің мөлшері жоғары.
Химиялық құрамы. Шөбінде 2,5% алкалоидтар, соның ішінде термопсин, гомотермосин, метилцитизин, пахикарпин, анагирин кездеседі. Бұдан басқа өсімдіктің жер үсті бөліктерінде термопсиланцин гликозиді, сапониндер, иілік заттар, шайырлар, шырыштар, аскорбин қышқылы мен эфир майы іздері бар.
Қолданылуы. Термопсистің шөбінен алынған препараттардың қақырық түсіргіш қасиеті бар. Шөбінің қайнатпалары ішек құрттарына қарсы, өсімдіктің құрғақ ұнтағы күшті инсектицидті қасиет көрсетеді. Халық медицинасында қайнатпасын тұмауға , демікпеге, пневмония мен басқа ауыруларында қолданылады.
Басқа түрі - кезекгүлді термопсис – Thermopsis alterniflora Rgl. et. Schmalh. – Орта Азияның таулы аймақтарында теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке қарай өрмелап өседі. Қаңдауыр термопсистен айырмашылығы сабағының биіктігі 90 см-ге дейін биік болады. Жапырақ сағағы да алдыңғысынан ұзынырақ 2 см-ге дейін. Гүлі бос шашақты гүл шоғарын құрайды, гүлдері кезекті орналасқан. Кезекгүлді термопсистің шөбіндегі алкалоидтардың мөлшері 3%-ға дейін болады, олардың ішіндегі негізгісі цитизин. Кезекгүлді термопсистің шөбі қандауыр термопсистің тұқымы мен түркістандық термопсистің (Т. Turkestanica Gand.) тұқымы сияқты цитизин алу үшін қолданылады. Ал цитизинді препарат цититон (цитизиннің 0,15% ерітіндісі) алу үшін қолданылады. Препараттың тыныс алу орталығын рефлекторлы қоздыру арқылы артериялық қан қысымын көтеретін әсері бар. Операция кезінде тыныстың тоқтауы кезінде, травмада, жаңа туылған нәрестенің тұншығуында (асфиксияда) қолданылады.
Кәдімгі сары тұнғиық тамырсабақтары – корневища кубышки
желтой – Rhizomata Nupharis lutei
Кәдімгі сары тұнғиық - Кубышка желтая – Nuphar luteum
Тұңғиықтар тұқымдасы - семейство кувшиковые - Nmphaeaceae
Сиапаттамасы. Шөптесін тамырсабақты көпжылдық өсімдік. Тамырсабағы цилиндр тәрізді, көлбеу, аз бұтақтанған, сары-жасыл түсті, іші ақ жіпше секілді көптеген тамыры бар. Жапырағы топтасып орналасады, сағағы үшқырлы ұзын. Су бетінде қалқығын жапырақтары қалың, жұмыртқа пішінді, оның жиектері толқын тәрізді. Гүл бірден, қалқып жүреді (ені 4-5 см). Тостағаншалары 5, дөңгелек, қалың, астыңғы жағы жасыл, үсті қою сары. Күлтелері көп, түсі жасыл, жұмыртқа пішінді тостағаншадан қысқа. Жемісі жасыл, көп тұқымды, қауашақ. Мамыр-тамызда гүлдеп, маусым-қыркүйекте жемісі піседі.
Таралуы. Қазақстанда бұл семдік Арал теңізі мен Оңтүстік облыстардан басқа жерледе тегіс кездеседі. Көлде, ағын өзен, өзен иірімінде үлкен қау құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |