Sophorae pachycarpae Қалың жемісті софора Cофоры толстоплодная Sophora pachycarpa



бет3/5
Дата29.02.2024
өлшемі414.02 Kb.
#493262
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
f62c9c3621a656

Дәрілік шикізаты. Тамырсабақтарының (Rhizomata Nupharis lutei) ұзындығы лента тірізді немесе көлденеңінен диск тәрізді кесілген қалыңдығы 1 см-ге дейінгі кесінділер. Тамырсабақтарының үстіңгі бетінен шіріген жапырақ сағақтарының іздері үшбұрышты-домалақтау күңгірт тыртықтары мен кесілген тамырларының сақ домалақ топтанып орналасқан іздері көрінеді. Тамырсабақтарының түсі үстінен қарағанда күңгір-сұрғұлт, кесіндісінен қарағанда сұрғылт-крем түстес немесе сарғыш түсті; иісі әлсіз, дәмі ащы. Шикізаттың сапасын нуфлеиннің шамасына қарай 0,2% -дан төмен болмауы керек.
Химиялық құрамы. Тамырсабақтарында көмірсутегі, крахмал 20% стероидтар, систостерин, алкалоидтар – нуфаролутин, нуфлеин, тиобинуфаридин, С дәрумені, каротин, фенол карбон қышқылдыры, иілік заттар 23% , жоғарғы майлы қышқылдар – пальмитин, арахин, бегин; жапырақтары мен гүлдерінде стероидтар С дәрумені, каотин, кумариндер, алкалоидтар – нуфаридин, нимфалин, лютенурин; дәнедерінде, иілік заттар 6,7% бар екені анықталды.
Қолданылуы. Европа елдерінде қатерлі ісіті емдейді. Тамырсабақтарынан алынған препарат «Лютенурин» (алуалоид гидрохлоридінің қоспасы) созылмалы трихомонад ауыруын (көзге көрінбейтін жәндіктерден ас қорыту, несеп, жыныс жолдарында болатын ауру) және жатырда бала бітуге қарсы дәрі Здренко қоспасына кіреді, қатерлі ісікке қолданады. Тамырсабақтарынан алынған эссенция-гомеопатия әдісімен белсіздікті және жатырдың төмен түсуіне ем. Тұнбасы асқазанның қабынуына, онкологиялық ауыруларға, асқазан түйілуіне, кіші дәреті тоқтамағанға ,ақуыздық зат алмасу процесінің бұзылуынан буынның жуандап, сырқырап, ісініп ауыруы, ревмотизм, тері ауыруларына, жөтел, тіс, құлақ және бас ауырғанда жансыздандырғыш дәрі. Қайнатпасын тері майының шаманың шамадан тыс артуына қарсы қолданады. Тағам ретінде ұн немесе тұзды суға қайнатып пайдаланады. Бояулы өсімдік. Тараканды құртуға қолданылады. Дымқыл кезінде өте улы. Сақ болу керек. Жапырақтарынан жасалған тұндырмасымен бүйрек, арқа жота ауыруларын, жөтелді емдейді. Қайнатпасы сары ауруды жазады. Жабайы жануардарға малға жемшөп. Гүлдерінің қайнатпасы несеп айдайтын және ыстықты басатын дәрі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет