Тақырып 9 Сот сараптамасын тағайындау 94
Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы………………… 94
Қосымша сараптама тағайындау туралы қаулы 96
Қайталама сараптама тағайындау туралы қаулы…………….. 98
Кешенді сараптама тағайындау туралы қаулы………………. 100
Айыпталушыны сараптама тағайындау туралы қаулымен таныстыру хаттамасы 102
Сарапшы қорытындысы 104
Айыпталушыға танысу үшін сарапшы қорытындыларын кӛрсету хаттамасы……………………………………………… 107
Сарапшыдан жауап алу хаттамасы 108
Тақырып 10 Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату және аяқтау 110
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату және айыпталушыға
іздестіру жариялау туралы қаулы……………………………. 110
Айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамның
анықталмауы себепті алдын ала тергеуді тоқтата тұру
туралы қаулы…………………………………………………… 112
Шын ӛкінуіне байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы 113
Жағдайдың ӛзгеруіне байланысты қылмыстық істі қысқарту
туралы қаулы 115
Жәбірленушімен ымыраласуға байланысты қылмыстық істі
қысқарту туралы қаулы 117
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы 119
Тергеудің, тергеу ӛндірісінің аяқталғаны туралы айыпталушыға хабарлау хаттамасы…………………………… 120
Айыпталушыны және оның қорғаушысын қылмыстық іс
материалдарымен таныстыру хаттамасы 122
Хабарлама 125
Айыпталушыны және оның қорғаушысын қылмыстық іс
материалдарымен таныстыру хаттамасы…………………….. 126
Процестік құжаттарды толтыру барысында жиі қолданылатын заң терминдерінің, ӛзге де қолданыстардың қысқаша қазақша-
орысша сӛздігі 127
Пайдаланылған дереккӛздер тізімі 129
Кіріспе
Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңының қайнар кӛзі болып табылатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік Кодекстің 8 – бабына сәйкес қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылатынын, ал іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда – оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу кӛзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуге тиіс екендігін байқаймыз. Осы аталған міндеттердің мүлтіксіз орындалуы тергеудің барысы мен нәтижелерін тиісті талаптарға сай жазбаша түрде рәсімдеумен де байланысты. Рәсімдеудің дұрыс жүргізілмеуі, ӛз кезегінде, Конституцияның, сондай-ақ басқа да заңдардың нормаларының бұзылуына әкеп соқтырады. Сол себепті де процестік құжаттар заң талаптарының орындалуының, жасалып жатқан іс-әрекеттердің заңдылығының бірден-бір айғағы ретінде қызмет етеді.
Алдын ала тергеуді жүзеге асыру барысында процестік құжаттардың дұрыс толтырылуы анықтау, тергеу органдарының іске байланысты істі қысқарту, істі аяқтау, айыптау қорытындысын жасау, т.б. шешімдерінің негізділігін айқындауға мүмкіндік береді.
Тиісті талаптарға сай толтырылған процестік құжаттардың кӛмегімен алдын ала тергеу жұмыстарына тікелей қатыспаған органдар да(мысалы, прокурор, сот) істің барысы туралы мағұлматтар ала алады. Сондай-ақ сауатты да дұрыс рәсімделген қылмыстық іс материалдарымен дер кезінде әрі толық танысқан сот органдары іс бойынша әділ шешім шығару мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі таңда заң оқу орындарында, заң факультеттерінде студенттерді даярлау барысында, сондай-ақ анықтау, тергеу органдарының тиісті тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге байланысты процессуалдық құжаттарды толтыруы негізінен орыс тілінде жүргізілуде. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11-шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралың Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 – ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасың нормалары іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді, ал «Қазақстан Республикасының заңдық білім тұжырымдамасы» заңгерлердің мемлекеттік тілді заң талаптарына сай деңгейде меңгеруін кӛздесе де, процессуалдық құжаттарды мемлекеттік тілде толтыру ісі әлі де болса проблемалық сипатынан ажырамай отыр. Мұның себептерінің бірі процестік құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс толтыруға қажетті тиісті әдістемелік құралдардың жетіспеушілігінен деуге болады.
«Кӛш жүре түзелер» десек те, мәселенің оң шешілуіне әркім, әсіресе, ғалымдар мен педагогтар қауымы шама – шарқынша үлес қосқаны абзал сияқты. Міне, қолдарыңыздағы шағын еңбек - осындай ізгі ниеттің нәтижесі.
Оқу-практикалық құрал ретінде ұсынылып отырған бұл еңбекте қылмыстық процесс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлгілері берілген. Үлгілерді әзірлеу барысында негізінен орыс тіліндегі нұсқалар пайдаланылды, бірсыпырасы орыс тілінен тікелей аударылды. Сол себепті де жекелеген кемшіліктері табылып жатса, түсіністікпен қарауды ӛтінеміз.
Үлгілерді қолдануды неғұрлым жеңілдету мақсатында кітаптың соңында процестік құжаттарды толтыру барысында жиі қолданылатын заң терминдерінің, ӛзге де қолданыстардың қысқаша қазақша-орысша сӛздігі берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |