Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!



Pdf көрінісі
бет38/58
Дата10.10.2023
өлшемі1.41 Mb.
#480274
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
 
38. Жер экваторының ұзындығы 40 000 км, бұл Жер мен Күн 
арақашықтығының І/3750 бөлігін құрайды. Сонда Жер мен Күн арасындағы 
қашықтық қандай? 
Пайызға арналған есептер 


122 
1. Атамның бөлмесінде тал түсте сағаттың қоңырауы соғады. Соғыстың 
ұзақтығы бір сағаттың бір пайызын құрайды. Сағаттың соғысы қанша 
секундқа ұзарады? 
2. Әкем 50 000 теңге сыйақы алды. Сыйақының 1%-ын олар тортты сатып 
алуға жұмсады. Торт қанша тұрады? 
3. Атамда май мен 20 литрлік үякен бөтелке болды. Майдың 1% ол 
бөтелкеге құйды. Ата бөтелкеге қанша грамм май құйды? 
4. Қала арасы - 8000 км. Саяхатшы ұшақта барлық жолдың 10%-ын тең 
жолды ұшып өтті. Қандай жолды ол ұшақта ұшып өтті? 
5. Анам 58000 теңге алды. Барлық еңбекақысының 10%-ын ол жазғы 
демалысқа қалдырды. Анам жазғы демалысқа қанша ақша қалдырды? 
6. Үйректерге 1 т қалдық әкелді. Барлық қалдықтың 20%-ын Болат қоймаға 
тасыды. Болат қанша кг қалдықты тасыды? 
7. Балалар мектеп бақшасынан 3 ц қызанақ теріп алды. Жиналған астықтың 
5%-ын олар асханаға апарды, ал қалғанын тұздап тастады. Балалар асханаға 
қанша қызанақ апарды және қаншасын тұздады? 
8. Салмағы 2 кг 100 г қауыннан салмағы жалпы салмақтан 7% бір тілімін 
Данаға кесіп берді, ал Мәрияшқа - 10% тілім. Қауынның кесілген 
тілімдерінің салматы неге тең? 
9. Ауыл арасы - 30 км. Жүгіруші жолдың 30%- ын жүгірді. Жүгіруші қанша 
километр жүгірді? 
10. Ауыл аралары - 45 км. Жүгіруші жолдың 30%-ын жүгіріп шықты. Қанша 
километр оған әлі жүгіру керек? 
11. Асхат бір ауылдан екінші ауылға велосипедпен шықты және жолдың 
40%-ын жүріп өтті, яғни бүл 20 км құрады. Ауыл аралары қанша шақырым? 
12. Ұшақ 1 800 км ұшып өтті, бұл барлық жолдың 50%-ын құрады. Барлық 
жол неге тең? 
13. Ұшақ 1500 км ұшып өтті, бұл барлық жолдың 20%-ын құрады. Ұшаққа 
қанша километр әлі ұшу керек? 


123 
14. Оқушылар 360 кг макулатура жинады, бұл жоспарлаған жиынның 60%-
ын құрады. Оқушылар барлығы қанша макулатура жинауы керек? 
15. Оқушылар 360 кг макулатура жинады, бұл жоспарлаған жиынның 60%-
ын құрады. Оқушыларға жоспарды орындау үшін әлі қанша макулатура 
жинау керек? 
16. Әпкем інісіне бірнеше буда шырын сатып алды. Бір буда сатып 
алынғаннан 25% құрайды жане 100 г-ға тең. Әпке қанша грамм шырын 
сатып алды? 
17. Әпкем інісіне бірнеше буда шырын сатып алды. Бір буда сатып 
алынғаннан 25%-ын құрайды және 100 г-ға тең. Қалған будада қанша грамм 
шырын бар? 
18. Саяхатшылар маршруттың 20%-ьш жүріп өтті, бұл 28 км құрады. 
Барлық маршрут қанша километр құрайды? 
19. Саяхатшылар маршруттың 20%-ын жүріп өтті, бұл 28 км-ді құрады. 
Оларға әлі қанша километр жүру керек? 
20. *Салмағы 2 кг 500 г қауынның жалпы салмағының 5%-на тең бір тілімін 
Данаға кесіп берді, Мәрияшқа - 10% тілім, ал Сәкенге -20% тілім кесіп 
берді. Қауынның кесілген тілімдерінің салмағы қанша? Қанша қауын 
қалды? 
21. *Балалар мектеп бақшасында 5 ц қызанақ жинады. Жиналған өнімнің 
5%-ын олар асханаға тапсырды, 20%-ын тұздады, ал қалған қызанақтан 
томат пастасын дайындады. Томат пастасына қанша кг қызанақ кетті? 
22. Үйректерге 1 т жем әкелді. Барлық жемнің 20%-ын Батыр қоймаға тасып 
тастады. Батырға әлі қанша кг жем тасу керек? 
23. Анам 52500 теңге алды. Барлық еңбек ақының 15%-ын ол жазғы 
демалыска сақтап койды. Қалдырғанынан бөлек барлық айға жеткізу үшін 
қанша ақша қалады? 
24. Қалалар арасы - 8000 км. Саяхатшы ұшақпен барлық жолдың 10%-на 
тең бөлігін ұшып өтгі. Оган алда әлі қанша жол жүру керек? 
25. Қалалар арасы - 8000 км. Саяхаппы ұшақпен барлық жолдың 12%-на тең 
бөлігін ұшып өтгі. Ол ұшақта қанша жол ұшып өтті? 


124 
26. Қалалар арасы - 8000 км. Саяхатшы ұшақпен барлық жолдың 12%-на 
тең жолды ұшып өтгі. Оған әлі қанша жол ұшып өту керек? 
27. Салтанат аулада 2 сағат 30 минут қыдырды. Осы уақыттың 30%-ын ол 
әткеншекте, ал қалған уақытта ол құмда ойнады. Салтанат қашпа уақыт 
әткеншек тепті? 
28. Салтанат аулада 2 сағат 30 минут қыдырды. Осы уақыттың 30%-ын ол 
әткеншекте, ал қалған уақытта құмда ойнады. Салтанат қашпа уақыт құмда 
ойнады? 
29. Қалалар арасы - 8000 км. Саяхатшы ұшақта барлық жолдың 80%-на тең 
жолды ұшып өтгі. Ол ұшақта қанша жол ұшып өтті? Сапардың соңына 
дейін әлі қанша км қалды? 
30. Совхоз бақшасы - 600 телім. Осы бақшаның 20%-на қызылша егілген, 
қалганына - картоп. Қанша телімге қызылша егілген? (12, 120,21, 210 
телімге) 
31. Балықшылар 500 кг майшабақ аулады. Жалпы салмақгың 5%-ы ұсақ 
болғандықтан, оларды қайта суға жіберді. Балықшылар қанша майшабақты 
жиекке түсірді? (525,425,475, 575 кг) 
32. !© Дәурен тәуліктің 4-бөлігінде мектепте болды, тәуліктің 25%-ында 
хоккей ойнады, тәуліктің үшінші бөлігінде ұйықтады, 2 сағат теледидар 
көрді, 2 сағат тамақтанды, ал қалған уақытта үй тапсырмасын орындады.; 
Үй тапсырмасын өрындауға Дәуреннің қанша уақыты кетті? 
33. ! Есепке сәйкес жауап таңда. Жұмысшы 12 бөлшек жасады. Ол 
жоспарды 100% орындады: Ал егер ол 24 бөлшек жасаса, оңда неше % 
жоспарды орыңдаған болады? (10,20, Д00,200%) 
34. © Достар ұзындығы 100 метр төбешіктен шанамен сырғанап түсті. 
Біріншісі 80 % жол жүріп, құлады. Екіншісі де 79 % жол жүріп құлады. Ал 
үшінші сырғанаған жоқ. Ол да құлап қаламын деп ойлады. Неге?
35. © Әлия және Сәния деген екі қыз өмір сүріпті. Сәния бәрін керісінше 
жасайды екен. Анасы халва сатып әперіп: «Кім қанша алғысы келеді
алыңдар», - деді. Әлия айтты: «Мен 10% аламын». Сония «0,1% аламын» 
деп, жауап берді. Халваны анасы 100 г апды. Сәнияда көп халва болды ма? 


125 
36. 2000 аралдан тұратын Мальдив аралдары экваторда Үнді мұхитында 
орналасқан, оның 200-інде адамдар қоныстанған. Мальдив аралдарының 
неше пайызында адам қоныстанған? 
37. Мамандардың есептеуі бойынша, елімізде әр адамға шаққанда жылына 
20 тоннаға дейін түрлі табиғи шикізат өңделеді. Осы шикізаттың тек 7%-ы 
ғана дайын өнімді құрайды, өзгесі - қалдықтар. Әр адамға қанша қалдықтан 
келеді екен?
 
38. Көне Қытайда қолданыста болып, адамзат ұмытып, қайта ашқан 
шикізаттың бір түрі - биогаз. Биогаз - көңнің шіруінде пайда болатын газ 
тәрізді өнім. Күніне арнайы қондырғының көмегімен бір көң үйіндісінен 10 
куб. м биогаз алуға болады, бұл тәулігіне 10 пәтерлік тұрғын үйге қажет 
жылудың 20%-ын құрайды. 10 пәтерлік тұрғын үйге қанша биогаз қажет 
екен? 
39. Африка пілінің салмағы - 6 тонна, ал азуларының салмағы - 60 кг. 
Африка пілінің азуларының салмағы жалпы салмағының неше пайызын 
құрайды? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет