Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері Жоспары


Күрделі сөздің жасалуы және оның түрлері



бет3/3
Дата09.11.2019
өлшемі58.64 Kb.
#447415
1   2   3
Теориялык грамматика


Күрделі сөздің жасалуы және оның түрлері
Жоспары:

1. Күрделі сөздер туралы.

2. Күрделі сөз түрлері.

3. Күрделі сөздердің жасалуы.

4. Қорытынды.

Тірек сөздер: Күрделі сөздер құрылымы жағынан да, жасалуы жағынан да, сөз таптарына телінуі жағынан да алуан түрлі болып келеді.

Тілдің ертеректегі дәуірінде әр түрлі сөздердің тіркесіп келуінен жасалған сөз тіркесіп келуінен жасалған сөз тіркесінің сыңарлары оның дамуы барысында дыбыстың та, мағыналық та өзгерістерге ұшырап, соның нәтижесінде ол сыңарлар бұл күнде бөлшектенбейтін бір бүтін сөзге айналуы мүмкін. Мысалы, белбеу сөзі бел және бау деген түбірлердің тіркесінен жасалып, оның екінші сыңары бірінші сыңардың (бел) құрамындағы жіңішке дауыстымен (е) үндесіп, беу болып өзгерген. Бүгін сөзі бұл және күн деген түбірлердің, биыл сөзі бұл және жыл деген түбірлердің әрі дыбыстың өзгерсітрге ұшырап, әрі ықшамдала кіргуінен жасалған. Күрделі сөздердің бұл түрі бір ғана екпінге ие болады, құрамындағы дауыстылар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып, жалаң сөздерге тән фонетикалық қәсиеттерімен сипатталады.

Күрделі сөздердің жоғарыдағы түрін А.Ысқақов кіріккен сөздер деп, А.Кононов біріккен сөздер (слитные слова) деп атайды.

Қазақ тілін зерттеуші А.Ы.Ысқақов күрделі сөздерді былайша тотастырады.

«Кіріккен сөзді күрделі сөздердің белгілі бір тобы ретінде қарап, өз алдына категория деп тану мәселесі жалпы біріккен сөз категориясын жоққа шығармайды, керісінше, кіріккен сөз категориясы м біріккен сөз категориясының ара жігін және олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерін ашуға себепші болады. Тілімізде кіріккен сөздер де, біріккен сөзде де бар, ол екеуі екі басқа категория.

Кіріккен сөз деп-компоненттерінің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан айрылып (делексикаланып), тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және сонымен бірге, сол компоненттері фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әр қилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірінен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалаып құралған күрделі сөзді айтамыз.

Біріккен сөз деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерсітерге ұшырамай-ақ, өз ара бірігіп жинақталған бір тұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөзді айтамыз.

1987-жылы Қазақ "ылым академиясының тіл білімі инстуты шығарған «Қазақ тілі грамматикасында» (кітаптың алғы сөзінде «бұл еңбек «академиялық грамматика» деп аталатын) күрделі сөздердің жоғарыда аталған түрлері былайша топтастырылады:

«Сары май деген күрделі сөз бастапқы анықтайтын және анықталатын екі компоненттен құралғанмен, оның компоненттері әрі дыбыстың өзгеріске де ұшырамаған, әрі өзді-өзінің лексикалық мағынасына да сақтаған, бірақ лексикаланудың нәтижесінде екі компоненттің әуелгі синтаксистік қатынастары бұзылған да, олар өзді-өзінің ертедегі грамматикалық қызмметтерінен айрылған. Күрделі сөздердің бұл түрін лексикаланған құрама сөздер деп атап, оларға айбалта, ақсақал, баспасөз, ат қосшы, зеңгі баба сияқтыларды жатқызуға болады.

«Біріккен сөздердің кейбіреулерінің компоненттері өзді-өздерінің бастапқы формаларын да, мағыналарын да түгел сақтайды да, сол қалпында күрделі сөздің формалық та, мазмұндық та құрамына енеді. Мыс: аққұтан, аққу, келсап, қосаяқ сияқты күрделі сөздер осы топқа жатады. Күрделі сөздердің бұл түрін жай ғана біріккен сөз деп айтуға болады. Өйткені мұндай біріккен сөздердің компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да өзгеріске ұшырамай-ақ, жинақталып барып бірігу арқылы бір тұтас лексика-сментикалық тұлға есебінде қалыптасады».

Сонымен жоғарыдағы таптастырулар (классификация) мен баяндауларда тасбаға, кезқұйрық, көртышқан тәрізді күрделі сөздер күрделі құрама сөздер немесе лексикаланған құрама сөздер тобына, ал аққұтан, аққу, қосаяқ тәрізді күрделі сөздер біріккен сөздер тобына жатғызылған. Жоғарғы оқы орындарына арналған «Қазіргі қазақ тілі (морфология)» оқу құралында асқазан сөзі біріккен сөздер тобында қаралса, қазақ тлінің академиялық грамматикасында бұл сөз құрама сөздер тобында қаралған.

Күрделі сөздің түрлері. Күрделі сөздерді кіріккен сөздер, біріккен сөздер, құранды сөздер немесе құрама сөздер, қәдімгі күрделі сөздер, қос сөздер, қысқарқан сөздер немесе күрделі-қысқарған сөздер деп топтастыру дағдысы бар.

Күрделі сөздерді 1. күрделі-біріккен сөз. 2. күрделі-құрама сөздер

3. күрделі ңос сөздер 4. күрделі қысқарған сөздер деп төрт ттопға бөлу дұрыс болмақ.

Тілімізде күрделі сөздердің ішінде дағды бойынша, яғни бұрынан жазылып қалыптасуы бойынша, біріктіріліп жазылып жүрген сөздер бар. Біріктіріліп жазылып жүрген ондай сөздер, әдетте, күрделі сөздердің біріккен сөздер деп аталатын тобына жатқызылады. Мұндай біріккен сөздердің қатарына семантикалық тұтастығымен де, морфологиялық тұтастығымен де, синтаксистік тұтастығымен де сипаталатын асқазан, шекара, әлдекім, отағасы, көлбақа т.б. осылар тәріздес сөздер енеді.

Күрделі сөздердің ең үлкен тобын құрайтындар-қазіргі қазақ тілінің орфографисы бойынша құрастырушы сыңарлары бөлек жазылып жүрген тоқ шек, ащы шек, жол ашар, ортан жілек, тоқпан жілік, тау ешкі, т.б. осылар тәріздес күрделі сөздер. Бұларды қазіргі қазақ тілінің орфографиясы бойынша бөлек жазылуына қарап, күрделі сөздердің қатарынан шығарып тастауға, әрине болмайды. Бұлай дейтініміз, графикалық белгі күрделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажратуда өлшем бола алмайды.

Тіл-тілде сыңарлары бөлек жазылатын күрделі сөздер аз емес. Түркі тілдерде ғана емес, сонымен бірге басқа да тілдерде, мысалы, ағылшын тілінде, сыңарлары бөлек жазылатын күрделі сөздер жиі ұшырасады.

Қазіргі орфографиямыз бойынша боз қырау, боз торғай, су жылан, ит аяқ түрінде бөлек жазылатын сөздерді күрделі сөздердің бір түрі-күрделі құрама сөздер деп қарауға болады.

Бір сыңры бір тектес күрделі сөздердің бәріне жалпылама ортақ болып келетін күрделі сөздерді ортақ компонентті күрделі сөздер деп атауға болады. Олар күрделі-құрама сөздердің ішінде ғана емес, біріккен сөздерде ушырасады. (тасбаға, көлбаға, құрбақа т.б.)

Күрделі-құрама сөздердің бір тобы-күрделі сын есімдердің түрлері мыналар: түр-түсті білдіретін негізгі сын есімнің тіркесуінен жасалған, ортақ компонентті күрделә сын есім, сары ала, қара ала, сұр ала, көк ала. Нігізгі сын есім мен туынды сын есімнің тіркесіуінен жасалған курделі сын есім: қызыл шырайлы, зор денелі, ақ көлекті, шоқша сақалды т.б. Мұндай күрделі сын есімнің алдыңғы сыңар негізгі сын есім соңғы сың -лы, (-лі, -ды, -ты, -ті) жұрнағы жалғану арқалы жасалған туынды сын есім болып келеді.

Күрделі құрама сөздердің енді бір тобы-күрделі сын есімдер. Олар дара сан атауларының тіркесінен жасалады. Мысалы: он бес, жүз елу, үш мың, үш жүз отыз үш және т.б.

Күрделі сөздердің енді бір тобы күрделі етістік құрама етістектер. Мысалы кіріп шық, сатып ал, барып қайт, ала кел, кіре шық т.б. Мұндай күрделі етістіктер сөйлемде бір ғана мүше болып, синтаксистік тұтастық белгісімен сипатталады.

Құрама етістіктер есім сөздер мен белгілі бір көмекші етістіктердің (ет, қыл, сал және т.б.) тіркесуінен жасалады. Мысалы: қызмет қыл, көмек ет, сабыр ет, сабыр қыл, ән сал, және т.б.

Күрделі сөздердің бір түрі-күрделі қос сөздер өзге тілдермен, мысалы, индоевропа тілдерімен, салыстырғанда, түркі тілдерінде өте-мөте көп. Қазақ тілін зерттеуші проф.А.Ысқақов қос сөздерді қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөз деп, екі үлкен топқа бөліп қарайды.

Қайталама қос сөз белгілі бір сөздің екі рет қайталануы немесе сол сөздердің бір дыбысының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: жол-жол, тау-тау, үй-үйге, шай-пай, етмет, он-оннан, бетпе-бет, көре-көре т.б.

Қайтлама қос сөз бір сөздің қайталана қосарлануынан жасалса, қосарлама қос сөз әр басқа екі сөздің қосарлануынан жасалады. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, бас-аяқ, тау-тас, кесіп-пішіп т.б.

Қосарлама қос сөз синонимдес, антонимдес сыңарлардан да құралуы мүмкін. Мс: сауық-сайран, үлгі-өнеге, күш-қуат, күш-қайрат, түр-түс, сырлас-мұңдай, бет-жүз тәрізді қосарлама қос сөздер синонимдес сыңарлардың қосарлануынан жасалса, аз-көп, азды-көпті, дос-қас, дос-дұшпан, алыс-жақын, күйініш-сүйініш тәрізді қосарланған қос сөз антонимдес сыңрлардың қосарлануынан жасалған.

А.Ысқақов қос сөздердің түрлеріне тоқтала келіп «Қайталама қос сөздің үстеме буын түрінде қалыптасқан түрі-нег. Алғанда сын емісдерге тән форма. Бұл үстеме буын сын есімге күшейту мағынасын жамайтын формаретінде қалыптасқан, өтйкені бұл форма тек негізгі сынға, я ұлғайту, солғындату реңкін жамайды»-деп, «үстеме буынның» табиғатын әбден дұрыс айқындаған. Бірақ ол қап-қара, сап-сары, тіп-тік тәрізділерді «үстеме буынды немесе күшейтпе буынды қос сөздер» деп аталады.

Күрделі сөздің бір түрі-күрделі қысқарған сөздер. Күрделі қысқарған сөз әрі ықшамдалып, әрі бірігіп жасалады. Күрделі қысқарған сөз қылыми-техникалық, қоғамдық-саяси терминологияда мекеме, ұйым аттарында ұшырасады.

Күрделі атаулар мынандай жолдармен ықшамдалады: а) күрделі атаудың әрбір сөзінің басқы дыбысынан құраладыі БҰҰ, АҚШ: ә) күрделі атаулардың алғашқы сөздерінің басқы буыны мен соңғы сөздерінің басқы дыбыстарынан құралады: ҚазГУ, ҚазМИ. б) күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан құралады: обком, совхоз, домком. в) күрделі атаудлардың құрамындағы алғашқы сөздің басқы буыны мен соңғы сөздің бірігуінен құралады~ мединститут, пединститут т.б.

Күрделі сөз кемінде екі түбірдің біргіуінен, тіркесуінен немесе қосарлануынан жасалады.

Күрделі сөздердің құрамындағы сыңарлар әр басқа ұғымды емес, бәрі жиналып келіп бір ғана ұғымды білдіреді.

Күрделі сөздердің шыққан тегі-сөз тіркесі. Тілдің дамуы барысында еркін сөз тіркестері семанткиалық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік жағынан да тұтасып, бір бүтін ұғымды білдіруінен күрделі сөздер жасалған.

Жалпы сөз атаулыға, соның ішінде күрделі сөздерге тән басты белгілердің қатарына семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық белгілері жатады. Күрделі сөз семантикалық тұтастық белгісі жағынан да синтаксистік сөз тіркесінен ажыратылады да, фразеологиялық сөз тіркесімен ұқсас келеді.

Негiзгi әдебиеттер:

1. Т. Сайранбаев. Синтаксистiң кейбiр мәселелерi. Алматы, 1996.


  1. М.Балақбаев. Т. Сайранбаев. Қазiргi қазақ тiлi. Сөз тiркесi мен жай сөйлемнiң синтаксисi. Алматы, 1997.

  2. Ш.К.Бектұров. Қазақ тiлi. (фонетика, лексика, морфология, синтаксис), Алматы. 2006.

  3. К.Аханов Тiл бiлiмiнiң негiздерi. Алматы ,1993.

Көмекшi әдебиеттер:

1. Сайранбаев Т. Синтаксистiң кейбiр мәселелерi. Алматы, 1996.

2. Қ.Есенов. Сабақтас құрмалас сөйлемнiң құрылысы. Алматы,1982.

Электрон ресурстар



1. http:/www.pedagog.uz/ Педагогикалық оқу орындарының порталы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет