Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері Жоспары


Грамматика мен грамматикалық единицалар туралы



бет2/3
Дата09.11.2019
өлшемі58.64 Kb.
#447415
1   2   3
Теориялык грамматика


Грамматика мен грамматикалық единицалар туралы

Жоспары:

1. Грамматика саласы туралы түсінік.

2. Грамматикалық единицалар туралы.

3. Морфема, сөз, сөз тіркесі, және сөйлем.

4. Қорытынды.
Тірек сөздер: Грамматика тілдегі грамматикалық единицаларды және ол единицалардың әрі басын қосып ұйыымдастыратын қатынас жасауда іске жаратын, әрі олардың бірі-бірінен жігім ажырататын тісілдері, құралдарды зерттейді.

Грамматикалық негізгі единицалар-морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем.

Морфема-сөз құрамында қолданып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Ол сөздлің ары қарай бөлшектенбейтін, ең кіші мағыналық бөлшегі.

Сөз-морфемалардан құралып, заттарды, құбылыстарды іс-әрекетті, сапа-белгілі, олардың ьіп-біріне қатысын белгілейтін, даралық қасиетке и болатын, басқа сөздермен сан алуан қарым-қатнасқа, байланысқа түсетін және дыбысталу мен мағынаның бірлігімен тұратын единица.

Сөз тіркесі-кемінде екі дербес сөздің емін-еркін тіркесемен жасалып, құбылыстарды бір-бірімен байланысында, қарым-қатнасында атайтын граматикалық единица.

Сөйлем-сөздерден (немесе бір сөзден) құралып бір шама аяқталған ойды білдіретін грамматкиалық единица.

Аталған единицаларды (морфема, сөз, сөз тіркесі сөйлем) ішінде екі жақты құбылыс ретінде қаралатын единица-сөз. Сөз тілдің лексикалық жйесінің единицасы ретінде лексикалогияда қаратылғанда, біріншіден лекасикалық мағынасы, мағыналық құрылымы жағынан, екіншіден, шығу тегі жағынан, үшіншіден-қолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден экспрессивті стилдік сипаты жағынан қаратсрылды. Ал-сөз тілдің грамматикалық единицасы ретінде грамматикада қаратылғанда біріншіден-оның бойынд лексикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағынаның ұштасып келуі жаынан, екіншіден-морфологиялық құрылымы мен формалары жағынан төртіншіден-лексика грамматикалық топтарға қатысы жағынан, бесіншіден сөз тіркесі мен сөйлемнің құралуына қатысы және олардағы қызметі жағынан қарастыралы.

Сөз де, сөз тіркесі де сөйлем қураға қажетті единицалар ретінде қызмет атқарады. Сөйлем мен тыс, тек сооған керекті құрылыс материялы қаралатын сөз бен тіркесі тілдің моминов құралдарының қатарына енеді. Сөйлем ойды айтып жеткізудің негізгі құралы болып саналады да, коммуникативті қызмет атқарады. Мұнан, әрине сөз бен сөз тіркесінің комуникативті қызметке қатысы жоқ деген ұқым тумауға тиісю Мұндай қызметті олар да атқара алады. Бірақ сөз бен сөз тіркесі коммуникативті қызметті өздігімен, жеке дара күйінде емес, сөйлем арқылы, сөйлем құрамында қолданылу арқылы атқара алады. Сөз де, сөз тіркесі де сөйлемнің құрамында қолданылған да, оның құрамында қолданылғанда, оның құрылысының элементтері ретінде қарастырылады.

Тіл өзінің қатынас құралы, ойды білдіру, пікір алысу құралы болу қызметін, біріншіден өзін құрайтын элементтердің немесе единицалардың (морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) әр қайсысы белгілі бір мағынаны, мазмұнды білдірген жағдайда, екіншіден ол единицалар грамматикалық құралдар, амал-тәсілдер арқылы өз-ара қарым-қатынасқа түсіп, ұйымдасқан жағдайда ғана атақара алады. Тілдегі единицалар-морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлемнің мағынаны, мазмұнды білдіретіндігі жоқарыда айтылды. Ал грамматикалық және ондағы құралдар мен амал тісілдердің тілдік единицаларды қарым-қатнасқа түсіріп, ұйымдастырыу қызметін атқаратындығын түсіну үшін грамматикалық асбтракция туралы мәселені білу қажет.

Сөйлемдер құру үшінде грамматика сөздердің нақтылы лексикалық мағыналарын асбтракцияланады осыдан келіп, белгілі бір сөйлемдегі бір сөзді, сөйлемнің құрылысын бұзбай-ақ, басқа бір сөзбен қалауымызша ауыстыра аламыз. Грамматкиа сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас белгілі бір сөздердің нақтылы қатынасы емес, ешбір нақтылы жоқ грамматикалық қатынас. Бірақ грамматика қатынасқа ғана сүйеніп қоймайды, сонымен бірге мағынаға да сөйенеді. Бұл арада лексикада мағына категориясы ең басты орынға қатынас категориясы (категория отношения) кейінгі орынға иен болса, грамматкиада ең алдымен қатынас категорияда ең алдымен қатынас категориясы содан кейін ғана барып мағына категориясы мәлім болады. Бұған қоса, лексикадағы мағына категориясы грамматикалық мағына категориясы мен сәйкеспейді.

Грамматика өзінің ережелерін жасағанда, сөздер мен сөйлемдердің мағыналық нақтылығынан дерексізденеді, сөздердің өзгеруі мен сөздердің тіркесунің негізіндегі жалпылық нәрсені ерекшелігі, міне осындай.

Әрбір тілдің өзіне тән белгілі бір құрылымы болады. Құрылым тілді құрастырушы единицалар сөзде де, сөз тіркесінде де, сөйлем де бар. тілдің құрылымына талдау, жасау, сайып келгенде, оны құрастырушы тілдік единицалар сөздің құрылымыны талдау жасау болып шығады. Сөздің құрылымы грамматкиагың морфология бөлінуі қарастырылса, сөз тіркесінің құрылымы мен сөйлемнің құрылымы оның (грамматикалық синтаксис бөлімінде қаратырылады).

Грамматика сөздердің өзгеруінің түрленуін, олардың (сөздердің сөйлемде тіркесу формалары мен заңдылықтарын зерттейді сөздер бір-бірімен грамматикалық атынасқ түскенде ғана, олардың сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады. Грамматкиалық құбылыстар сөздердің аралығында ғана емес, соны мен бірге сөз тіркестерінің аралығында да, сөйлемдердің аралығындағы грамматикалық қатынастарда зерттейді. Грамматика үшін тілдік емес, сонымен бірге, тілдік единицалардың (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) құралымы деп маңызды мәселе болып саналады. Мәселенің осы жағын аңғарта келіп: Р.А.Будагов былай дейді:

Грамматикада

1. Сөздің құрылымы

2. сөз тіркесінің құрылымы және

3. Сөйлемнің құрылымы зертеледі.

Грамматика сөздердің аралығындағы қатынастармен ғана емес, сөздің ішіндегі қатынастармен де шұғылданады, ал сөз тіркестерінің ішіндегі аралығындағы қатынастармен ғана емес, сөз тіркестерінің ішіндегі қатынастармен де шұғылнады. Сөйлем туралы да осыны айту керек. Грамматикада соның құрамы ғана емес, сөйлемдердің әр түрлі типтерінің аралығындағы байланыстар да зерттелінеді.



Сөз формалары

Жоспары:

1.Сөз формалары туралы түсінік.

2.Сөздің синтаксистік формалары.

3.Сөздің аналитикалық формалары.

4.Қорытынды.
Тірек сөздер: Сөз әртүрлі формаларға ие болады. Ол белгілі бір сөйлемде немесе сөз тіркесінде қолданылғанында, барлық формаларында емес, бір немесе бірнеше формасында қолданылады. Сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі сөздер мағналары жағынан ғана емес, сонымен бірге формалары жағынан да ажыратылады. Мысалы, Тіземнен сүріндірсең сүріндір, тілімнен сүріндірме сөйлеміндегі сүріндір деген деген етістік бір-бірінен әр түрлі формада қолданылуы жағынан ажыратылып тұрады. Сөздің бір формасын басқа формаларынан ажыратумен бірге, нақты бір сөздің белгілі бір формасын нақты бір сөзге қатысты емес жалпы грамматикалық формалардан, мысалы, «осы шақтың бірінші жақ формасы», «тәуелдеулі шығыс септік формасы» немесе жалпы «бірінші жақ формасы» «Шығыс септік формасы» дегендерден ажырата білу қажет.

Сөз формасы, яғни нақтылы сөздің белгілі бір формасы әрі сол сөздің формасы, әрі жалпы грамматкиалық форма, мысалы, белгілі бир септіктің, жақтың, шақтың, райдың формасы ретінде танылады. Сөз қаншама формада қолданылса да, әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде ұғынылады.

Сөз әр түрл тәсілдермен түрленіп, алуан түрлі формаларға ие болады. Сөздің өзгерген түрлерінің бәрін оның формалары деп қайрмыз ба, жоқ, әлде оларды әр басқа сөзер деп танимызба Бұл сұраққа жауап беру сөздің формалары туралы мәселенің тіл біліміне қаралу тарихына шолу жасауды қажет етеді.

Акедемик Ф.Ф.Фортунатов және оның мектебі сөздің түрленуіне синтаксистік қатынастармен астарласып байланысып келетін формаларды, атап айтқанда, зат есімдердің септік бойынша түрленуін, сын есімдердің тек және септік бойынша өзгеруін, етістіктердің жақ, шақ, және рай формалары бойынша түрленуін жатқызған болатын. Ал грамматикалық сан-мөлшер категориясы сөз түрлендіру жүйесінен шығарылып, сөз турдырудың бір түрі ретінде қаралады. Бұл көз-қарас бойынша, сын есімнің шырайлары, кішірейткіш жұрнақтар сөх тудыруға жатқызылып, инфинитив пен көсемшше және есімшелер етістіктің жүесінен шығарылып, өз алдына дербес сөз таптары ретінде қаралған болатын.

Академик В.В.Виноградов форма тудыруды кең түрде қарайды да, сөз турдырушы жұрнақтардан басқа форма тудырушы жұрнақтар бар деп есептейді. Ол зат есімдердің форма тудыратын жұрнақтарына күллі «субъективті мәнді жұрнақтарды сын есімнің форма тудырушыларына салыстырудың әдеттегі түрлері және олардық аналитикалық формалары ғана емес, сонымен бірге күшейткіш түрлерін де, сапаның субъективті мәні бар формаларын да жатқызады. Ал етістіктің форма тудырушыларына шақ пен рай формаларынан басқа инфинитив, көсемше, есімше және етіс формалары жатқызылған. В.В.Виноградов орыс тіліндегі «пестб-пою, я пел-я буду петь» дегендері бір ғана етістіктің грамматикалық деп есептесе, «дом-домик-домишко-домнице-домина» дегендерді бір ғана зат есімнің формалары деп есептейді.

Сонымен, академик В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағынасына қосымша грамматикалық мағыналарды жамайтын формаларды сөз формалары деп қарайды. Орыс тілінің академиялық грамматикасынд сөздің формаларына мынадай анықтама берілген: «Бұл ұғыды білдіре отырып, оған әйтеуір бір қосымша ұғымдарды үстейтін немесе ойдың бір предметінің сол сөйлемдегі ойдың басқа предметіне әйтеуір бір қатынасын білдіретін сөздің барлық түр өзгерсітерді сөздің формалары деп аталады».

Қандай бір грамматкиалық мағына болмасын ол, әдетте, белгілі бир грамматикалық форма арқылы беріледі. Мысалы, етістіктің шақ, рай түрлерінде немесе сын есімнің шырай түрінде белгілі бир грамматикалық мағыналар бар, ол мағыналар тиісті грамматкиалық формалар арқылы көрінеді. Грамматикалық рай, шақ, жақ мағыналары немесе грамматикалық шырай мағыналары әр түрлә жолдармен соның ішінде көсемше, есімше формаларымен, жіктік жалғауларымен шырай жұрнақтарымен беріледі. Сөздердің өзгерген түрлерінің ішінен әр басқа лексикалық мағыналарды білдіретіндері өз алдына дербес лексикалық единицалар ретінде қаралуға тиісті де, әр басқа лексикалық мағыналарды емес, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіретіндері сөздің формалары ретінде қаралуға тиісті. Мәселеге осы тұрғыдан қарау сөз формаларының табиғатын айқындай білуге көмектеседі. 1. Ек, егіңіз, ексін, егейік, егіңіздер, ектік, ектіңдер, ексе, ексек, ексеңіздер, екпен, егер, егетін, егіп, егіпсіздер, еккен, еккенбіз, еккенсіздер және т.б. 2) ек, егін, егінді, егінші, егіншілік, егіс, егістік. Бірінші топтағылар ек деген етістің әр түрлі формалары да, екінші таптағылар-ек деген етістіктен жасалған әр басқа туынды сөздер. Бұлай деуіміздің мәнісі мынада: бірінші топтағы ек деген етістіктің әр түрлі формалары түбір етістіктен лексикалық мағынасы өзгеше, әр басқа жаңа сөз тудырмай әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіреді. Сондықтан олар бір сөздің грамматикалық формалары ретінде таныады. Ал екінші топтағылар бір ғана ек деген түбірден таралғанмен әр басқа лексикалық мағынаны білдіріп, олардық әр қайсысы өз алдына бөлек-бөлек сөздер ретінде ұғынылады.

Сөзде қатар өмір сүретін бір-бірімен байланысты және өз-ара шарттас фомалардың жүйесі бар. Сөз бір ғана формада емес, өзгеріп, түрленіп, әлденше формаға ие болады. Өзгеріп түрленген сөздің екі жағы бар: оның бірі-сөздің әртүрлі формалар арқылы қаншама түрленгенімен, өзгеріссіз қалатын негізгі лексикалық жағы, екіншісі бір ғана сөзге емес, сөздердің белгілі бір тобының күллісіне бірдей ортақ, солардың бәріне бірдей тән грамматикалық жағы. Сөздың грамматикалық формасы сөздің осы аталған грамматикалық жағымен ұштасады.


Әдебиеттер:

1. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1997ж.

2. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992ж.

3. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы, 1992ж.

4. Ә.Хасенов. Тіл білімі. Алматы, 2003ж.
Күрделі сөз және оның морфологиялық құрылымы
Жоспары:

1. Күрделі сөз туралы түсінік.

2. Күрделі сөз бен сөз тіркесінің өзгешелігі

3. Күрделі сөзге тән басты белгілер.

а) Семантикалық тұтастық белгісі

ә) Морфологиялық тұтастық белгісі

б) Синтаксистік тұтастық белгісі

4. Қорытынды.


Тірек сөздер: Жалаң сөз түбір мен аффикстің (немесе аффикстердің) қосындысынан құралса, күрделі сөз түбір мен түбірдің (немесе түбір мен негіздің, я негіз бен негіздің) бірігуінен, қосарлануынан немесе тіркесінен құралады.

Мысалы 1) қолқап 2) ұзынды-қысқалы, 3) кәрі жілік деген күрделі сөздердің алдыңғысы түбір мен түбірдің (қол және қап) бірігуінен, екіншісі, негіз бен негіздің (ұзынды және қысқалы) қосарлануынан, үшіншісі түбір мен түбірдің тіркесуінен (кәрі және жілік) жасалған.

Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлар жеке турғандағы мағыналарынан да, қызметінен де алшақтап, олардың ңосындысы (немесе тіркесі) тұтасқан күйінде бір бүтін сөз-күрделі сөз ретінде ұғынылады.

Күрделі сөз құрылымы жағынан синтаксистік сөз тіркесмен де фразеология сөз тіркесінмен д ұқсас келіп, солармен астарласып жатады. Алайда, мундағы ұқсастық дегеннен бір тектес деген уғым тумайды. Күрделі сөз бен синтаксистік сөз тіркесі және фразеологиялық сөз тіркесі-тілдік табиғаты әр басқа ұғымдар.

Күрделі сөз бен сөз тіркесінің бір-бірінен жігін ажырату олардың әрқайсысының шегіне айқындау тіл білімінің ең күрделі проблемалардың бірі болып есептеледі. Бұл проблема өзара бір-біріне қатысты екі түрлі мәселені атап айтқанда.

1. күрделі сөз бен синтаксистік сөз тіркесінің 2) фразеологиялық сөз тіркесімен күрделі сөздің бір-бірінен жігін ажыратып, шегін айқындап алу мәселелерін қамтиды. Бір-біріне қатысты мәселелердің осы тобы түбегейлі зерттелмей тұрып, сөз бен сөз тіркесінің шегін айқындау проблемасы өзінің шешемін таба алмайды.

Күрделі сөз бен еркін (синтаксистік) сөз тіркесінің және күрделі сөз бен фразеологиялық сөз тіркесінің бір-брінен жігін ажырату мәселесі, сайып келгенде өте-мөте принципті мәселе-лексикология (фразеология) мен грамматкианың қатыстыратын құбылыстың шегін айқындау мәселесіне келіп тіреледі. Ал бул мәселелерді іштей жіктеп және ары қарай таратып айтсақ, сөз (күрделі сөз) бен сөз тіркесінің (еркін тіркестің) бір-бірімен дігін аырату проблемасы тағы бір мәселеге-грамматкианың екі саласы-морфология мен синтаксистің қарастыратын құбылыстардың шегін айқындау мәселесіне барып тіреледі. Аталған тілдің единицалардың (сөз, еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркестерінің) бір-бірімен жігін ажыратудың ғылыми принциптері белгіленбесе, тіл білімінің лексикология, морфология дәне синтаксис деп атадатын салаларының әрқайсысының қарастыратын проблематикаларында айқындылық болмай, бір-біріне араласып әртүрлі қателіктерге ұрындырады. Тілдегі әрбасқа единацалардың бір-бірінен жігін ажыратып, олардың әрқайсысының шегін айқындай мәселесі тіл білімінің принципті мәселесі деуіміз де осыдан.

Күрделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажырату проблемасының күрделілігі мен қиындығы тек түркі тілдеріне ғана емес, басқа да көптеген тілдерге бірдей қатысты. Мысалы, бұл жайында ағылшын тілін зерттеушілер былай дейді «Күрделі сөз бен сөз тіркесін ажырату үлкен қиындықтарға соқтырады».

Күрделі сөз турақты, фразеологиялық, кейде, тіпті еркін сөз тіркесімен ажыратып алу проблемасы әлі де болса өзнің жалын түпкілікті шешімін таба алмай келеді.

Қазақ тілі білімінде крделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажырату проблемасын алғаш сөз еткен ғалым проф. Қ.Жұбанов. Ол күрделі сөздің бір түрі-кіріккен сөздің қандай белгілері болады деген сұраққа жауап әздеп, кіріккен сөздің белгілері ретінде оның мағыналық бірлігін сөйлемде бір ғана мүше болатындығын, сыңарларының дыбыстық өзгеріске ұшыратуын және бір екпінге ие болатындығын айтады.

Сонымен күрделі сөз бен сөз тіркесінің шегін айқындау проблемасы әлі де болса толық шешімін таба алмай келеді. Осының салдарынан сөздіктер мен граматикалық зерттеулерде, оқулықтар мен оқу құралдарында әбасқа тілдік құбылыстың бір тектес делініп, керісінше біртектес тілдік құбылыстың әрбасқа қаралуы кездеседі. Мұның езі тіддегі құбылыстың бір-бірімен жігін ажыратудық ғылыми принциптері мен өлшем-межелері (критерий) айқындалмауынан болып отыр.

Мысалы: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігнде» бастар, көлбақа, құрбаа деген сөздер біріккен сөзлер ретінде танылып өз алдына бір тұтас жеке сөздер ретінде берілсе, булардан мағыналық тұтастығы жағынан да, құрылымы жағынан да синтакстік бірлігі жағынан да ешбір айырмашылығы жоқ, алты атар, тас бақа деген тәрізділер біріккен сөздер емес, сөз тіркесі ретінде қаралған да, осыған оарй олардың әрғайсысының сыңарлары алты атар, тас бақа түрінде бөлек жазылған. Бұлар сөздікте алты аласы, бес бересі жоқ, тас бауыр, тас жүрек, тас қараңғы тәрізді тұрақты сөз тіркестерімен бір қатарға ойылып, фразеологиялық сөз тіркестері ретінде берілген. Сонда, сөздікті құрастырушылардың пікірінше, көлбаға, құрбақа, алтыатар дегендер бір тұтас дербес сөздер (біріккен сөздер) шығады да, тас бақа, бес атар дегендер біртұтас сөздер емес. Фразеологиялық сөз тіркестері болып шығады.

«Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық «сөздігінде» атқамінер атқосшы дегендер бірге жазылып біріккен сөздер ретінде берілсе, осы сөздерден ешбір айырмашылығы жоқ атшабар сөздікте ат шабар түрінде жазылып, бір тұаст сөз емес, сөз тіркесі ретінде берілген. Осы мысалдардан көріп отырғанымыздай, бұл сөздіктерде біртектес құбылысқа жататындар әр басқа құбылыстар ретінде қаралған.

Күрделі (біріккен) сөз бен сөз тіркесінің жігі ажыратылмауы булады бір-біренен ажыратудық ғылыми принциптерінің сонымен бірге орфографиялық сөздікке де әсерін тигізіп жүр. Мысалы, 198і-жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» қарақуйрық, қарақус, қарағаш,аққу, аққала дегендерің бірге жазылып қара торғай, боз торғай, қара қоға, ақ сүйек дегендердің сөздікте осылайша бөлек жазылып, сөз тіркестері деп қаралуы осыған дәлел. Орфографиялық сөздікте көкқутан, аққұтан дегендер біріккен сөз ретінде танылған да, ал қарақұтан сөзі біріккен сөз емес, қара құтан түрінде жазылып сөз тіркесі ретінде танылған. Сөздікте осылардың тәріздес тілдік единицалардық табиғатының бір болуына, біртектес құбылыс болуына қарамастан әр басқа единицалар (бұл жерде әңгіме жеке сөз болса, оның лексикалық единица, ал еркін сөзтіркесі болса, оның синтаксистік единиуа, (синтаксистік құбылыс) ретінде қаралуға тиісті екендігі жайында болып отыр) ретінде қаралуы жиі ұшырасады. Аталған орфографиялық сөздікте еңбеккүн, жалақы деген сөздердің бірге, еңбек ақы дегеннің осылайша болып жүкаяң, басқур, жемая, қолғап дегендердің осылайша бөлек жазылып біртектес құбылыстың бірінің біріккен сөз, екіншісінің сөз тіркестері деп танылуы қазақ тіл білімінде сөздердің шегін айқындау пробласының бұл күнге дейін шешілмеуінің салдарынан болса керек.

Университет пен пединституттардың филология факультеттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» (синтаксис) атты оқулықта ат қара, шыны ақя, тау ешкі, су жылан дегендр синтаксистік (еркін) сөз тіркесі деп танылып, олар темір пеш, ағаш күрек күміс қасық тәрізді синтакситік сөз тіркестерімен бір қатарға қойылып қаралған. Осы оқулықтың «сөз тіркесі» атты тарауын жазған проф.М.Балақаев қамыс құлақ, пісте мұрын тәрізді фразеологиялық сөз тіркестерін синтаксистік сөз тіркесетір деп есептеген. Кітапта булардың бәрі «Зат есімдерден жасалған сөз тіркестері» деген атпен берілген. Мұның бәрі қазақ тілінің оқулықтары мен оқу құралдарында және әр түрлі сөздерінде күрделі сөз бен синтаксстік сөз тіркесінің және фразеологиялық сөз тіркестерінің табиғаты әр басқа единицалар болуына қарамастан бір-бірінен жігі ажыратылмай жүргендігін аңғартады. Күрделі сөзді синтаксистік сөз тіркесінен де фразеологиялық сөз тіркесінен де ажырату үшін оған (күрделі сөзге) тән басты белгілерді айқындап алу қажет

3. Күрделі сөзге тән басты белгілер

Күрделі сөздерді және олардың түрлерін айқындау мақсет етілгенде, олар, әдетте, сөз тіркесімен салыстыра қарастыралады.

Бұлай етуде мынадай себеп барі күрделі сөз шығу тегі, жасалу жолы жағынан сөз тіркесіне қарып тіледі. Тарихи турғыдан күрделі сөз кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жалады. Ондай тіркестің тілдің даму барысында бір түтас сөзге (күрделі сөзге) айналуы мүмкін. Сөз тіркестерінің бәр тутас сөзге айналу процесі бірден бола салмайды және бұл процесстің аяқталуын айқындау да оңаша бола бермейді. Күрделі сөз бен сөз тіркесініңжігін ажыратып, шегін айқындаудың қиындығы да осыдан. Тіл білімінде лексика-грамматикалық единиица ретінде қаралатын сөзге (соның ішінде күрделі сөзге де) тән және оны сөз тіркесімен ажырататын жалпылама белгілер делініп симантикалық тұтастық морфологиялық тұтастық синтаксистік тұтастық белгілері аталып жүр.

Семантикалық тұастық белгісі Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлардың мағыналық дербестілігі мен грамматикалық дербестілігінің күңгірттелуі немесе жойылыуы сөздің бұл түрінде семантикалық тұтастықтың пайда болуына әкеледі.

Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әрбасқа лексикалық мағыналы емес, тіркескен күйінде бір бүтін лексикалық мағынаны білдіреді. Сөздің семантикалық тұастық белгісінің табиғатын түсінде әртүрлі көзқарастар бар.

1. Күрделі сөзге тән мағына-идиомалық мағына, демек, еркін сөз тіркесімен күрделі сөз өзінің идиомалық қасиеті жағынан ажыратылады.

2. Күрделі сөз еркін сөз тіркесімен бір ғана ұғымды білдіру қасиеті жағынан ажыратылады.

3. В.З.Панфилов сөздің семантикалық тұтастық белгілерін түсінудегі аталған көз қарастың екеуі мен де келіспейді. Оның пікірінше бірінішіден өздерінің мағынасы жағынан күрделі сөздердің күллісі бірдей идиомалық мағынаға ие бола бермейді, екіншіден дара ұғымды сөз тіркесінде білдіре алады. Сөздің семантикалық тұастық белгісін ол былайша түсінеді.

«Сөз семантикалық тұтастық ұғымына талдау жасауда, бір жағынан сөздің мағынасын, екінші жағынан ұғымды бір-бірінен айқын жырата білу қажет. Күрделі сөзге және еркін сөз тіркесіне қатысы тұрғысынан алғанда мағына мен ұғымның арасындағы айырмашылық мынада: егер күрделі сөздің сыңарларының бірде-біреуі өзінің мағынасын сақталмаса, және бүтіндей күрделі сөз бір бүтін лексикалық мағынасына ие болса, (және бір ұғымды білдірсе) еркін сөз тіркесінің әр бір мүшесі бүтіндей сөз тіркесі тұтасымен тек бір ғана ұғымды білдіретін күнде де, өзінің лексикалық мағынасын сақтайды. Морфологиялық тұтастық белгісі..Күрделі сөз де жалаң сөз тәрізді түрленіп, көптеледі, септеледі, жіктеледі, оның сықарларының әрқайсысы бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде түрленіп, бір тұлғаға ие болады. Күрделі сөздің жеке сыңарлары өздігінен белгілі бір парадигматикалық қатар мүшелері бол алмайды. Күрделі сөз тұтасқан күйінде ғана парадигматикалық қатарға мүше ретінде ене алады. Мұның өзі күрделі сөздің морфологиялық жақтан тұтастығын бір бүтін екендігін көрсетеді.

Сөздің тұтас тулғалану белгісінің индиевропа тілдерінің ішінде флективті сипаты бар тілдерде күрделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажыратуда пайдалы және тиімді екендігі күмән тудырмаса керек. Ал бірсыпыра тілдерде мысалы, сын есімдер өзінен кейінгі сөздер мен тіркескенде өзгермейтін соның нәтижесінде олар көптік, септік формалар арқылы синтаксистік байланысқа түспейтін тілдерде тұтас тұлғалану туралы ұғымен тығыз байланысты бір ұғым бар ал-сөздің құрылымдық тұтастығы туралы ұғым.

Құрылымдық тұтастық сөз атаулының барлық түріне жалаң сөзге де күрделі сөзге де бірдей тән, бірдей ортақ белгі. Морфологиялық құрамы жағынан алғанда түбір мен жұрнақтық қосындысынан жасалған сөз болсын, қосаңталуынан немесе тіркесуімен жасалған сөз болсын осылардың барлығы да бір тұтас сөз ретінде танылық құрылымдық тұтстық қасиетімен сипатталады.

Санымен, жалпы сөз атаулыға, соның ішінде крделі сөзге, өте-мөте тән белгілердің бүгінгі құрылымдық тутастық. Бұл белгі басқа белгілер мен ұштаса келіп, күрделі сөзді сөз тіркесімен ажыратуға көмектеседі.

Синтаксистік тұтастық белгісі грамматикалық жағынан күрделі сөз-сөйлем мүшелеріне мүшелернбейтін, ажыратылмайтын лексика-грамматикалық единица да, еркін сөз тіркесін-сөйлем мүшелеріне мүшлеренетін, ажыралатын синтаксистік единица.

Күрделі сөздің жоғарыда аталған семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық және синтаксистік тіркестерімен синтаксистік сөз тіркесімен ажыратуға көмектеседі.

Күрделі сөз, оның табиғаты мен морфологиялық құрылымы және түрлері жайындағы жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде, мынадай түйендер жасауға болады:

1. Күрделі сөз кемінде екі түбірдің біріуінен, тіркесуімен немесе қосарлануынан жасалады.

2. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлар әр басқа ұғымды білдіреді. і. Күрделі сөздің шыққан тегі-сөз тіркесі тілдің дамуы барысында еркін сөз тіркестері семантикалық жағынан да, морфологиялық жағыанан да, симентетикалық жағынан да тұтасып, бір бүтін ұғымда білдірумен күрделі сөздер жасалған.

4. Жалпы сөз атаулыға, соның ішінде күрделі сөздерге тән басты белгілердің қатарына семантикалық тұастық, морфологиялық тұтастық, синтетикалық тұтастық белгілері жатады.

5. Күрделі сөз семантикалық тұтастық белгісі жағынан синтаксистік сөз тіркесінен ажыратылады да, фразеологиялық сөз тіркесімен ұқсас келеді.

8. Жалпы сөз атаулы ішінде күрделі сөз тұтас тұлғаланатын единица болса, фразеологиялық сөз тіркесі ажыратыла тұлғаланатын единица. Ажыратыла тұлғалану синтаксистік сөз тіркесіне де тән.

7.Күрделі сөзбен фразеологиялық сөз тіркес және синтаксистік сөз тіркесінің өзара кейбір ұқсас жақтары бар екені рас, бірақ олар әр басқа единицалар. Күрделі сөз фразеологиялық сөз тіркесі және синтаксистік сөз тіркесі бір-бірімен семантикалық сипаты жағынан да, морфологиялық құрылымы жағынан да, интаксистік қызмет жағынан да ажыратылатын әр басқа қызметі жағынан да құбылыстар ретінде танылады. Осыған орай күрделі сөз оның құрылымы мен түрлері морфологияда қарастырылса, фразеологиялық сөзтіркесі оның құрылымы мен түрлері фразеологияларда еркін сөз тіркесі және оның құрылымы мен түрлрі синтаксте қарастырылады.

Күрделі сөздерді және олардың түрлерін айқындау мақсат етілгенде олар әдетте сөз тіркестері мен салыстырыла қарастырылады. Бұлақ етуде мынадай себеп бар: күрделі сөз шықу тегі жасалу жолы жағынан сөз тіркесіне барып тіркеледі. Тарихи турғыдан күрделі сөз кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Ондай тіркес тілдің даму барысында бір тұтас сөзге айналу мүмкін. Сөздердің тіркесінің бір тұтас сөзге айналуы бірден бола салмайды, және бұл процес аяқталуын айқындауда әрқашан оңай бола бермейді. Күрделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажратып шегін айқындаудың қиындығыда осында.

Қиындықтан шықудың жанлы сөзге соның ішінде сөздің бір түрі күрделі сөзге тән белгілерді айқындаудан іздеу керек. Тіл білімінде лексика грамматикалық единица ретінде қаралатын сөзге (соның ішінде күрделі сөзге де) тән және оны сөз тіркесінен ажырататын жалпылаласа белгілер делініп семантикалық тұтастың (семантическая цельность) морфологиялық тұтастық (морфологическая цельность) синанелетік тұтастың (синтаксическая цельност) белгілері аталып жүрю Күрделі сөздің құрамындаағы сыңарлардың мағыналық дербестігі мен грамматикалық дербестілігінің күңгірттенуі немесе жайылуы сөздің бұл түрдегі семантикалық тұтастықтың пайда болуына әкеледі. Сөздің семантикалық тұтастың белгісінің табиғатын түсінуде әр түрлі көз қарастар бар.

1. Күрделі сөзге тән мағына-идеомалық мағына. Демек еркін сөз тіркесінен күрделі сөз өзінің идиамалық қажеті жағынан ажыратылады.

2. Күрделі сөз еркін сөз тіркесінен бір ғана ұғымды білдіру қажеті жаынан ажыратылады.

3. В.З.Панфилов сөздің семантикалық тұастық белгісін түсінудегі алататын көз қарастың екеуіменде келіспейді. Оның пікірінше біріншіден өздерінің мағынасы жағынан күрделі сөздердің күлісі бірдей идиомалық мағынаға ие бола бермейді. Екіншіден дара (бір ғана) ұғымды сөз тіркестерінде білдіре (алмайды) алады. Сөздің семантикалық тұтастық белгісін ол былайша түсінеді.

Сөздің семантикалық ұғымына талдау жасауда бір жағынан сөздің мағынасын екінші жағынан ұғымды бір-бірінен ажрата білу керек. Сөзге (күрделі сөзге) және сөз тіркесіне (еркін сөз тіркесіне) қатысы тұрғысынан алғанда мағына мен ұғымның арасындағы айырмашылықтары мынада: Егер күрделі сөздің сыңарларының бірде біреуі өзінің мағнасын сақтамаса және бүтіндей күрделі сөз бір бүтін лекскалық мағнаға ие болса (және бір ұғымды білдірсе ) еркін сөз тіркесінің әр бір мүшесі бұтіндей сөз тіркесі тұтасы мен тек бір ғана ұғымды білдіретін күнде де өзінің лексикалық мағынасын сақтайды, өйткені олардың қатысына болса да логикалық екпінді түсіріп айта аламыз. Соның нәтижесінде ол логикалық прединатты яғни жеке ұғымды білдіреді. Ал күрделі сөздің сыңарларының бірде біреуі өзінің лексикалық мағынасын сақтай алмағандықтан олардың еле біреуі жеке тұрып өздігінен ұғымды білдіре алмайды, және бүгіндей сөздің күрделі идеомалық мағынаға ие болуы ие болмауы тәрізді ерекшеліктер күрделі сөз атаулының барлық түрлерінде бірдей дәрежеде кездесе бермейтіндігін атап айтуымыз қажет булай дейтініміз мынадан: күрделә сөздерің біріккен сөз, құрама сөз, қос сөз деп түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерә мен белгілері күрделі сөздердің атқаратын түрлерінде семантикалық тұтастың белгілі әр сипатта көріну мүмкін. Мыс: Қалған деген сөздің бірікін сөзінің сыңарларының әрқайсысы жеке турғандағы лекуискалық мағынаны білдірсе жинап ал деген күрделі сөздің құрамындағы алдыңғы сыңар жина мағналық дербестігін сақтап соңғы сыңар ал ондай дербестіктен айрылыр атырған сыңарлар тіркескен күйінде бір бүтін мағынаны білдіреді. Сондай-ақ күрделі сөздердің кейбір түрлеріне идиомалық мағынаның тән екендігін де жоққа шығаруға болмайды. Мысалы: Саңырауқұлақ деген күрделі сөзден туатын мағына идиомалық мағына. Алайда идиомалық күрделі сөздің күллісіне бірдей емес кейбір түрлріне ғана тән қасиет екендігін ескеру қажет.

Күрделі сөздің табиғатын айқындау да және оны сөз тіркесінен ажыратуда жалғыз семантикалық тұтастық белгісіне ғана негізделу жеткіліксіз ол үшін басқада белгілерді сүйеніш ету қажет.

Бұл жайында профессор Қ.Қ.Жұбанов былай деп жазды «неше сөзден құралған сөз болса да кіріккен сөз бір-ақ нәрсен атайтын бір-ақ сөздің орнына жүретін болу керек».

Рас, бұл өлшеудің өзі (семантикалық тұастық) қиын өлшеу тегінде мағнаны өлшеу қылу мен анықтық таныла қоймайды. Мыс: қалған деген бәр нәрсенің атына сондықтан бір-ақ сөзбе немесе екі сөзбе бөлек-бөлек алғанда қол деген сөздің өз мағынасы бар. Қан деген сөздің де ңз мағынасы бар. Біраң екеуін қосқанда қалған дейтін бір-ақ нәрсенің аты болып тур.

Күрделі сөзде жалаң сөз тәрізді түрленіп көптеледі септеледі, жіктеледі. Сыңарлардың әрқайсысы бөлек-бңлек өзгермей тұтас күйінде түрленіп бір ғана тұұлғаға ие болады. Күрделі сөздің деке сыңарлары өзідгінен белгілі бір парадигматикалық қатарға мүше ретінде ене алады. Мұның өзі күрделі сөздің морфологиялық жақтан тұтастығын бір бүтін екендігін көрсетеді.

Күрделі сөздің синтаксистік тұтастық белгсі дегеннен әдетте оның синтаксистік жағынан (сөйлем мүшесі болуы жағынан) бөлшектенбей сөйлемде бір ғана мүше болуы ұғынылады.

Әдебиеттер:

1. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1998ж.

2. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992ж.

3. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы, 1993ж.

4. Ә.Хасенов. Тіл білімі. Алматы, 2003ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет