Созақ ауданының 2011-2013 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті


-2011 жылдарғы облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты



бет2/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.66 Mb.
#2692
1   2   3   4   5

2010-2011 жылдарғы облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты

трансферттер көлемі

Атауы

2010 жыл

2011 жыл

Барлық трансферттер көлемі, мың теңге

543 275

480 443

Оның ішінде:







Жалпы орта білім беретін мектептерге тақта, парта сатып алу

16 375




Мұратбаев мектебін күрделі жөндеу




29 555

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын,қала және елді-мекендер көшелерін жөндеу және ұстау

158 462




Оның ішінде:







Абай елді мекеніне барар жолға орташа жөндеу

127679




с. Кумкент Баба Түкті Шашты Азизге барар жолға орташа жөндеу

30 783




Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65- жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

9 440




Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу

14 136

11650

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

27 453




Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету




50485

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі




49367

Сызған ауылындағы Рүстемов мектебінің құрылысына (оқу корпусы, спорт зал, асхана)

43 638




Қайнар ауылындағы Макаренко мектебінің (оқу корпусы, спорт зал, асхана)

69 577




Қаратау ауылындағы Панфилов мектебінің құрылысы

100 000

102688

Қаратау ауылындағы Панфилов мектебі құрылысын салуға жасалған ЖСҚ құжатына түзету енгізуге

4194




Бабата ауылындағы Маметова мектебінің құрылысы

100 000

219778

Тасты ауылы Абай мектебі құрылысының ЖСҚ дайындау




5960

Молдағұлова атындағы мектеп құрылысын салуға жобалау- сметалық құжаттама әзірлеу және оны сараптама жасауға




5960

Молдағұлова атындағы мектеп құрылысына




5000

2011 жылға аранлған бюджеттен әлеуметтік жәрдемақы мен әлеуметтік қамсыздандыру шығыстарының үлес салмағы



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк саласындағы

шараларды іске асыруға арналған шығыстар, мың теңге

Атауы

2010 жыл /есеп/

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1

2

3

4

5

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

205 084,9

386 383

275 403

287 931

Оның ішінде:













Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

89 624,1

238 136

76 519

79 940

Аудандық кiтапханалардың жұмыс iстеуi

28865,9

33 918

37 491

38 229

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту

44482,3

51 414

53 177

54 162

Спорттық іс-шараларға

5278

4 000

5 664

6 102

Ақпараттық кеңістік

17820

17 454

18 855

20 316

Мәдениет және спорт объектілерін дамыту

49 760,3

8 634

62 250

67 144

2011 жылы іске асырылатын инвестициялық жобалар (858, 844 млн. теңге)

-Қаратау ауылындағы Панфилов мектебінің құрылысы

-Бабата ауылындағы Маметова мектебінің құрылысы

-Басбұлақ ауылындағы 96 оқушы орындық бастауыш мектебінің құрылысы

-Көктөбе ауылындағы Суындық орта мектебінің жанынан спортзал құрылысын салуға

-Балдысу ауылындағы Жамбыл орта мектебінің спортзал құрылысы салуға

-Қарақұр ауылындағы 50 орындық бала бақша құрылысын салуға

-Жыныс ауылындағы 50 орындық бала бақша құрылысын салуға

-Сызған ауылындағы бала бақша құрылысын аяқтауға

-Т.Әлімқұлов интернатының монша, кір жуу орнының құрылысына ЖСҚ дайындауға

-Молдағұлова мектебінің құрылысын салуға мемлекеттік акті алуға

-Құмкент ауылындағы 80 орындық бала бақша құрылысына сәулеттік жоспарлау тапсырмасына

-Навойы мектебінің құрылысына сәулеттік жоспарлау тапсырмасына

-Тасты ауылындағы 300 оқушы орындық Абай атындағы орта мектебінің құрылысына

-Тасты ауылы Абай мектебі құрылысының ЖСҚ дайындау

-Молдағұлова атындағы мектеп құрылысын салуға жобалау- сметалық құжаттама әзірлеу және оны сараптама жасауға

-Молдағұлова атындағы мектеп құрылысына

-Шолаққорған ауылындағы инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға (көшелерге тас төсеу, электр желісін тарту)

-Шолаққорған ауылындағы Наурыз және Ақшам мөлтек аудандарына инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға (көшелерге тас төсеу, электр желісін тарту) сәулеттік жоспарлау тапсырмасын дайындауға

-Шолаққорған ауылы мен Жеткіншек елді мекені аралығының инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту

-Ыбырай елді мекенін сумен қамту

-Бабата елді мекенін сумен жабдықтау

-Қызылкөл бөлімі, Қызылқанат бөлімі және Құмкент елді мекендерін сумен қамтамасыз етуді түзету

-Қаратау және Шу ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз етуге ЖСҚ дайындау

-Қаратау ауылындағы Панфилов мектебінің жанынан су құбырының құрылысы

-Шаға ауылында сумен жабдықтау жүйесін дамытуға ЖСҚ дайындауға

-Ақсүмбе ауылында сумен жабдықтау жүйесін дамытуға ЖСҚ дайындауға

-Жартытөбе, Аққолтық,Созақ, Жыныс,Тасты, Шолаққорған ауылдарында жарықтандыру жұмыстарына




-Аққолтық, Жыныс,Бабата ауылдарында жарықтандыру үшін СЖТ дайындауға

-Шолаққорған ауылынан ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы орталық алаң құрылысына ЖСҚ дайындау және СЖТ орындауға

-Шолаққорған ауылынан орталық саябақты қайта жабдықтауға СЖТ орындауға

-Шолаққорған ауылын көркейтуді дамытуға ЖСҚ дайындауға

-Созақ ауылындағы клуб ғимаратының құрылысын салуға ЖСҚ дайындау

-Созақ ауылындағы клуб ғимаратының құрылысын салуға СЖТ орындауға

-Қарақұр ауылдық клубының құрылысына

-Құмкент ауылдық клубының құрылысына ЖСҚ дайындауға

-Құмкент ауылдық клубының құрылысына

-Созақ ауылынан стадион салуға ЖСҚ дайындауға

-Жуантөбе ауылынан стадион салуға ЖСҚ дайындауға

-Елді мекендегі мал сою алаңдарының құрылысын аяқтауға

-Тасты және Құмкент ауылдарында Беккери шұңқырын салуға

-Тасты және Құмкент ауылдарында Беккери шұңқырын салуға СЖТ дайындауға

-23 елді мекенде мал көмінділерін тастайтын шұңқырлар салу және СЖТ дайындауға

-Бетбақдаладан мал су ішетін суаттар құрылысын салуға ЖСҚ дайындатуға

-Бетбақдаладан мал су ішетін суаттар құрылысын СЖТ дайындатуға

-Құмкент ауылына мал ұрықтандыру бекетінің құрылысын салуға СЖТ дайындау

-"Шолаққорған аудан орталығы, Жеткеншек ауылының су құбыры желілерінің құрылысы" жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу











2011-2013 жылдарға, оның ішінде 2011 жылға арналған аудандық бюджет

Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлердің 2011-2015 жылдарға арналған болжамы, ауданының 2011-2015 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы негізінде орта мерзімдегі кезеңдегі бюджет шығыстарының мынадай басымдықтары айқындалды:

білім беруді дамыту;

әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету;

аграрлық секторды дамыту;

2011 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыстары Бірыңғай бюджеттік жіктеуге сәйкес салалық белгілері мен функционалдық бағыттары бойынша біріктірілген.



Кірістер

2011 жылғы кірістер болжамын қалыптастыру кезінде салық декларациясының мәліметтері және бюджетке салықтар мен төлемдердің түсу серпіні, бюджетке алдын-ала түсімдер есепке алынды.

Аудандық бюджет кірістерінің трансферттерден түсетін түсімдерді қоспағандағы жалпы көлемі 2010 жылғы кіріс түсімдерін индексациялау арқылы 7 пайыздық өсімді қолдану нәтижесінде 3 191 252 мың теңге мөлшерінде қарастырылды. Оның ішінде: реттеуші салықтар 1 955 036 мың теңгені, ал бекітілген салықтар 1 236 216 мың теңгені құрайды.

1.Салықтық түсімдер бюджеттің нақтылаулармен 3166 136 мың теңгені құрады, бұл 2010 жылғы бюджетпен салыстырғанда 112,8 пайызға немесе 360417,1 мың теңгеге ұлғайтылған. Атап айтқанда:

Табыс салығының жоспары 1 086 329 мың теңгеге жобаланды. Осы салық түрлерінің 2010 жылғы орындалған бюджетпен салыстырғанда 169781,4 мың теңгеге, яғни жоспардың 118,5 пайызға ұлғайғандығын көрсетеді.

Жеке табыс салығының есептері индикативті жоспардың деректеріне, жеке тұлғалардың төлем көздерінен ұсталатын табыс салығы жөніндегі мәліметтеріне негізделді, 2010 жылғы салықтардың түсу қозғалысы мен салықтың болжамды орындалу көрсеткішіне жасалынған талдаулар есепке алынды.



Әлеуметтік салық 868 707 мың теңге сомасында жоспарланды, яғни 2010 жылғы нақты орындалумен салыстырғанда 112 пайызға немесе 95 838 мың теңгеге ұлғайтылды, осы аталған салықтар түрлерінің облыстық бюджет арасындағы бөліну нормативінің біздің аудан үшін үлесі 50 пайыз болып белгіленген.

Меншікке салынатын салықтардың көлемі 1 186410 мың теңге мөлшерінде қарастырылды, яғни бұл 2010 жылмен салыстырғанда 96 760,1 мың тенгеге өсіп отыр Бұл салық түрлеріне жеке тоқталар болсақ;

-мүлікке салынатын салықтар 1129207 мың теңгеге белгіленіп, өткен жылмен салыстырғанда 98770,9 мың теңгеге өсіп отыр,

-жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 50383 мың теңгеге белгіленіп, 2010 жылмен салыстырғанда 4839 мың теңгеге немесе 110 пайызға артып отыр.

2.Аудан бюджетіне түсетін салықтық емес түсімдер 2 566 мың теңге көлемінде қарастырылды, осының ішінде; мемлекет меншігінен түсетін түсімдер 766 мың теңгеге болса, басқа да салықтық емес түсімдер 1 800 мың теңгеге жоспарланған.

3. Негізгі капиталды сатудан аудан бюджетіне түсетін түсімдер 2011 жылға 22550 мың теңге көлемінде қарастырылып отыр.

4. Облыстық бюджеттен түсетін ресми трансферттер Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының «Облыстық бюджет пен (облыстық маңызы бар қалалар) аудандар бюджеттерінің арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы» шешімімен ауданға 1 481 607 мың теңге көлемінде субвенция және «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес 370882 мың теңгенің ағымдағы нысаналы трнасферттер, 387284 мың теңгенің нысаналы даму трансферттері бөлінген.

ШЫҒЫНДАР

2011 жылға арналған бюджеттің шығыс бөлігі ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысымен бекітілген «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесіне» сәйкестендіріліп жасалынды.

Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы есептеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2007 жылғы 29 желтоқсан N1400 қаулысына сәйкес әзірленді және жергілікті бюджет есебінен қаржыланатын мекемелердегі еңбекақы қорлары 2011 жылдың 1 шілдеден бастап 30 пайызға ұлғайтылатындығы ескерілген.

Бюджеттің ағымдағы шығыстарының жобасы, 2010 жылғы атқарылған ағымдағы шығыстар негізінде белгіленіп, оған жекелеген ерекшеліктері бойынша тұтыну бағасының индексі қолданылды.

Коммуналдық қызмет ҚР үкіметінің 2 қараша 1998 ж. №1118 қаулысымен бекітілген “Бюджет қаражатынан қаржыландыратын ұйымдарда электр қуатын, жылуды, суық суды және басқа коммуналдық қызметтерді пайдаланудың нормативі туралы” қаулысына сәйкес есептелді. Аудандық бюджет бағдарламалары бойынша басымдық бағыт берілетін ерекшеліктері атап айтқанда еңбекақы, әлеуметтік салықтар мен жарналар, әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер, азық-түлік және дәрі-дәрмектер сатып алулар мен коммуналдық шығындар толығымен қамтамасыз етілді.

2011 жылға арналған аудан бюджетінің нақтыланған шығындарының жалпы көлемі 5 619 594 мың теңгеге жоспарланып отыр. Оның ішінде:



-“Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету” функционалды тобының шығыстарына 292 370 мың теңгенің қаржысы бағытталды.

-«Қорғаныс» тобы бойынша 12 853 мың теңге бөлінді, бұл топта «аудан ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» бағдарламасына 3000 мың теңге, «дала өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру» бағдарламасына 3500 мың теңге және жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыруға 6353 мың теңге қарастырылып отыр.

-«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» тобы бойынша 960 мың теңге аудан орталығындағы бағдаршамдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және елді мекендер ішіндегі автокөлік жолдарына жол кедергілерін орнатуға бағытталған.

-«Білім беру» функционалдық тобы бойынша шығыстар 3 909 649 мың теңге қарастырылды, оның ішінде облыстық нысанылы даму трансферттері және жергілікті бюджет есебінен «білім беру обектілерін дамыту» бағарламасы бойынша 702785мың теңгенің қаржысы қарастырылды.

-«Денсаулық сақтау» тобы бойынша 200 мың теңге «ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру» бағдарламасы арқылы бөлінді;

-«Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек» функционалды тобы бойынша шығыстарға 206 млн 001 мың теңге қаралды және халықтың әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларын өтеу мақсатындағы бағдарламаларға қаржы жеткілікті денгейде қарастырылып отыр. Осы шығыстардың ішінде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын көмек көрсету бағдарламасы арқылы бір жолғы және басқа да мұқтаж азаматтарға әр түрлі көмектер беру мақсатында қажетті қаржы қарстырылған, аудандағы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін 22 млн 631 мың теңгенің қаржысы қаралды.

-«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалды тобы бойынша 322 млн 594 мың теңгенің қаржысы бөлініп отыр. Осының ішінде; сумен жабдықтау жүйесін дамытуға облыстық бюджеттен бөліншен даму трансферттері есебінен Ыбрай (Ынтымақ) ауылын сумен қамтуға 8 млн 815 мың теңге,Бабата ауылын сумен жабдықтауға 11 млн. 010 мың теңге,Қызылкөл,Қызылқанат бөлімдері мен Құмкент селосын сумен қамтамасыз етуге 13 млн. 500 мың тенгенің қаржысы бөлінді. Сонымен қатар аудандық бюджет қаражаттары есебінен Шолаққорған ауылындағы Наурыз және Ақшам мөлтек аудандарындағы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға яғни көшелерге тас төсеу мен электр желілерін тартуға 16 млн 830 мың теңгенің қаржысы, Жартытөбе, Аққолтық,Созақ, Жыныс,Шолаққорған ауылдарында жарықтандыру жұмыстарын атқару үшін «көркейту обьектілерін дамыту» бағдарламасы арқылы 57 млн 101 мың теңгенің қаржысы бағытталып отыр.

«Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуін» қамтамасыз етуге барлығы 74 млн 532 мың теңгенің қаржысы бөлінген болса оның ішіндегі 49 млн 367 мын тенгесі облыстық бюдджеттен бөлінген трансферттер есебінен сумен жабдықтау жөніндегі мекемелерге қажетті техника сатып алуға бөлінді. Ауыл әкімшіліктері арқылы көркейту және абаттандыру жұмыстарын атқаруға 10 млн 316 мың теңгенің қаржысы бөлінді.



2010 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылу есебі

Ауданның 2010 жылға арналған аудандық бюджеті 2009 жылғы 25 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың «2010 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 152 шешімімен кірістері бойынша 4 454 764 мың теңгеге бекітілген болса, бюджеттің атқарылуы барысында осы қаржыларға республикалық, облыстық бюджеттерден бөлінген мақсатты трансферттерге байланысты 970523 мың теңгеге ұлғайтылып және салықтық түсімдер жоспарының ұлғайтылуы есебінен 259825,0 мың теңгеге, салықтық емес түсімдерді 375,0 мың теңгеге ұлғайтылып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден 23517,0 мың теңге барлығы 1 254 240,0 мың теңгеге ұлғайтылып, 5 709 004,0 мың теңгеге 2010 жылдың 20 желтоқсанында өткен №219 мәслихат шешімімен нақтыланды. Нақты орындалғаны 5 872 430,0 мың теңге болып 102,9 пайызға немесе 163 426,0 мың теңгеге артығымен орындалды.

Нақтыланған бюджеттің толығымен орындалғанын атап көрсеткенде:



1. Түсімдер бойынша 2677110,0 мың теңгеге жоспарланса, нақты 2840532,3 мың теңге болып, жоспар 105,9 пайызға орындалды.

Оның ішінде :

-салықтық түсімдердің жоспары 2648931,0 мың теңге, орындалғаны 2805733,8 мың теңге-105,9 пайызға,

-салықтық емес түсімдердің жоспары 2091 мың теңге, орындалғаны 8038,4 мың теңге- 384,4 пайызға,

-негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жоспары 26088,0 мың теңге,орындалғаны 26764,1 мың теңге-102,6 пайызға,

2. Алынған ресми трансферттердің жоспары 3031894 мың теңге, 3031893,7 мың теңге түсіп -100 пайызға орындалды.

- Жергілікті бюджеттен берілген кредиттердің бюджеттегі бекітілген қайтарым жоспары 1552 мың теңге болса, нақты өтеу орындалмады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет