«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
аккредиттеу туралы куәлікті беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – 5 (бес) жұмыс күні;
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 5 (бес) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – 4 жыл мерзiмге жергілікті спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – тәулік бойы, (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақытты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерді беру келесі жұмыс күнде жүзеге асырады.
9. ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызмет берушіге:
аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет;
Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
спорт федерациясы жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасы;
спорт түрінен жарыс қағидаларының жобасы;
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Қабылдаудың растау көрсетілетін қызмет берушінің кеңседе құжаттар топтамасының қабылдау мерзімі және күні көрсетіп қағаз нысанында өтініште белгі және тіркеу болып табылады;
2) порталға:
аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:
басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет;
Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
спорт федерациясы жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасы;
спорт түрінен жарыс қағидаларының жобасы.
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Порталда электрондық құжат нысанындағы өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус елестетеді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның мекенжайына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.
Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттын тіркелген нөмірі мен күні.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызмет берушінің, немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы не мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша анықтамалық қызметте алуға болады.
__________________
«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Кiмге ________________________________________
______________________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi ______________________________________________ және (немесе) жергілікті атқарушы орган
______________________________________________
басшысының лауазымы,тегі, аты, ______________________________________________
әкесінің аты (бар болса))
Кiмнен ______________________________________
(Спорт федерациясы басшысының немесе ______________________________________________
өкiлiнiң тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________________________________
______________________________________________
(мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)
Спорт түрлері бойынша республикалық, өңірлік немес жергіліктіспорт федерацияларын аккредиттеуді өткізуге және аккредиттeу туралы куәлік беруге
ӨТIНIШ
Сiзден ________________________________________________________
(спорт федерациясының атауы
___________________________________________________________________
аккредиттеу өткізуді және аккредиттеу туралы куәлiк берудi сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) ____________________________________________________________
5) ____________________________________________________________
6) ____________________________________________________________
7) ____________________________________________________________
8)_____________________________________________________________
9)_____________________________________________________________
10)____________________________________________________________
М.О. ___________ _____________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесінің аты (бар болса))
20__ ж. «___» ____________
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ ж. «___» _____________
Тiркеу нөмiрi ___________________________________
_______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса))
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ________
20 __ жылғы «___ »_________________
____________________
«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Кiмге ____________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi
_________________________________________________
уәкiлеттi және (немесе) жергілікті атқарушы орган
_____________________________________________
басшысының лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты)
Кiмнен ___________________________________
(cпорт федерациясы басшысының
________________________________________
немесе өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты)
_________________________________________
(мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)
Куәліктің телнұсқасын беру (қайта рәсімдеу) туралы
ӨТIНIШ
Сiзден ________________________________________________________
(мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы)
аккредиттеу туралы куәлігінің телнұсқасын беруді (қайта рәсімдеуді)
сұраймын.
Мөр орны___________ _____________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесінің аты)
20__ жылғы «___» ___________________________________
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________
______________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты)
__________________
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілді
«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы
ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Cпортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің таңдау бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 20 (жиырма) күн.
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет нәтижесі – спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабарлау.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметке қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) порталда – тәулік бойы, (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақытты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерді беру келесі жұмыс күнде жүзеге асырады.
9. ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:
1) спортшылар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды расталған көшiрмесi немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама;
Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпионы екендiгiн растайтын жарыстар хаттамасының көшiрме;
банктік шотыныңбар екендігі туралы анықтама;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) жаттықтырушылар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жаттықтырушылық жұмысының жиырма жылдық өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама;
Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитетінен) анықтама;
өзi жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпионы екендiгiн растайтын жарыстар хаттамасының көшiрме;
банктік шотының бар екендігі туралы анықтама;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
ХҚО-да ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын сканерлейді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорларынан үзінді көшірмені, жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жазбаша келісім алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері түпнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
ХҚО арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
сұраудың қабылданған күні мен нөмірі;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және олардың байланыс телефондары.
ХҚО-да дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға оның қызметкері қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын құжатын (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде береді.
2) порталға:
1) спортшылар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды расталған көшiрмесi немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама;
Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпионы екендiгiн растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесi;
банктік шотыныңбар екендігі туралы анықтама;
2) жаттықтырушылар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жаттықтырушылық жұмысының жиырма жылдық өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама;
Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитетінен) анықтама;
өзi жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпионы екендiгiн растайтын жарыстар хаттамасының көшiрме;
банктік шотының бар екендігі туралы анықтама.
Порталда электрондық құжат нысанындағы өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорларынан үзінді көшірмені, жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус елестетеді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |