3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің, халыққа қызмет көрсету
орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, немесе Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көшесі, 8-үй, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454 Министліктің басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні).
ХҚО-ның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО-ның басшысының атына www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлары мен телефондары арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауабы көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.
Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттын тіркелген нөмірі мен күні.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 749926 телефоны арқылы не мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны бойынша анықтамалық қызметте алуға болады.
__________________
«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Кiмге ________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы
________________________________
уәкiлеттi орган басшысының лауазымы,
________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
кiмнен __________________________
(өтiнiш берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________ (бар болса))
_______________________________ ______мекенжайы бойынша тұратын
өтініш берушінің ЖСН ______
Өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуге
ӨТІНІШ
Сiзден маған _________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(себебi көрсетiледi)
байланысты өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төлемін төлеуiңiздi сұраймын.
Маған тиесілі соманы (банктiң аты, банктiң МФО-сы, өтініш берушінің есеп шотының нөмірі немесе ақша пошта арқылы аударылған жағдайда, оның мекенжайы көрсетiледi) аударуыңызды сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремiн:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
5. ____________________________________________________________
Өтiнiш берушiнiң қолы______________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ________
20 __ жылғы «____»___________
«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.
не ұйымының атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
-
_______________________________;
-
_______________________________;
-
....
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Аты-жөні (ХҚО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ____________________
Телефоны: ____________________
Алды: аты-жөні /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _________
__________________
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілді
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтары және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтары және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің таңдау бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – спорттық атақ беру туралы куәлік, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға, спорттық төрешіге біліктілік санаттын беру туралы куәлік немесе спорттық атақты, біліктілік санатты беру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметке қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) порталда – тәулік бойы, (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақытты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерді беру келесі жұмыс күнде жүзеге асырады.
9. ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес ұсыным;
спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ұсыным;
спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыс хаттамаларының көшірмелері;

3) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы», «біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кәсіптік білімі туралы диплом;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірмесін, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
спорт түрі бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
4) біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер біліктілік санатарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының қолдаухаты;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтамасы;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
5) біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағат анықтамасы;
спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен расталған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы қолдаухат;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (бірлестіктің өкілдігі жүгінген кезде керек);
6) жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ұсыным;
спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерация өткізетін төрешілердің республикалық семинарынан өткені туралы анықтамасы;
өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтамасы;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
ХҚО-да ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын сканерлейді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді.
Спорттық атақ беру туралы куәлікті, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спотшыға, спорттық төреші біліктілік санатын беру туралы куәлікті жоғалған жағдайда, мемлекеттік көрсетілген қызметті алушы ХҚО-да осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысанды толтыруы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жазбаша келісім алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері түпнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
ХҚО арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
сұраудың қабылданған күні мен нөмірі;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және олардың байланыс телефондары.
2) порталға:
1) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес ұсыным;
спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
2) «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ұсыным;
спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыс хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
3) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы», «біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірмесін, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтамасы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы және немесе спорт түрі бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
біліктілікті көтеру курстарды өткені туралы кәуліктің немесе сертификаттың көшірмесі;
алдыңғы біліктіліктін берілгені туралы бұйрықтан куәліктің көшірмесі немесе үзінді;
4) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер», «біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының қолдаухаты;
кәсіптік білімі туралы диплом;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтамасы;
5) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы» біліктілік санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
білімі туралы диплом;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағат анықтамасы;
спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен расталған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы қолдаухат;
6) «жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi», «ұлттық спорт төрешiсi» біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ұсыным;
спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерация өткізетін төрешілердің республикалық семинарынан өткені туралы анықтамасы;
өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтамасы;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.
Порталда электрондық құжат нысанындағы өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус елестетеді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |