Пәннің сипаттамасы: Бұл пән дене тәрбиесі бойынша оқудан тыс жұмысты ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесінің негіздерін оқытады. Оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерін және материалдық базаның мүмкіндіктерін ескере отырып, дене тәрбиесі бойынша үйірме және секциялық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін, оқу орындарындағы ұйымдастырушылық және спорттық-бұқаралық жұмыстарды жүзеге асыруды үйретеді.
Пәннің мақсаты: Дене шынықтыру және спорт туралы студенттерге тереңдетілген білім беру, сонымен қатар болашақта педагогикалық ЖОО-ның дене шынықтыру факультеті мен ЖОО бітірушілердің болашақ маман ретінде, тәжірибе жүзінде оқыған білімін әр түрлі мекемелері мен спорттық ұйымдарда қолдана білуге үйрету.
Пәннің міндеттері:
Пәнді оқыту барысында студенттер мыналарды меңгеруі керек:
Студенттерге спорттық дайындықтың дамуын, физикалық сапаларын және спорттық нәтижелерді анықтайтын және шектейтін факторлар туралы хабарлау; спорт пен кәсіби қолданбалы дене шынықтырудың теориялық негіздеріне ие. Жаттықтырушының коммуникатівтік қасиеттері мен жаттықтыру процесін теориялық басқару дағдыларын қалыптастырады.
Пререквизит:Дене шынықтыру тарихы және олимпиядалық спорт; Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
Постреквизит: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі; Балалар-жасөспірімдер және кәсіби спорт ілімі мен әдістемесі; Базалық таңдаған спорт түрінен теориясы мен әдістемесі
Оқыту нәтижелері:
ББ ОН
|
Пәннің оқыту нәтижелері (ПОН)
|
ОН9 – Спорт түрлері бойынша әртүрлі деңгейдегі жарыстарды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын пайдаланады; физикалық қасиеттерді дамыту әдістемесін пайдалану және оқудан тыс жұмысты ұйымдастыру; көшбасшылық қасиеттерді дамытуда ғылыми ақпараттарды жинайды және түсіндіруді жүзеге асырады.
|
ПОН 1 - Сабақтан тыс қызметтің мақсаты білім алушылардың өз мүдделерін еркін таңдау, рухани-адамгершілік құндылықтар мен мәдени дәстүрлерге қол жеткізу негізінде білдіруі және дамытуы үшін қолданады.
ПОН 2 - Жаттығулардың қайталану санын ұлғайтумен немесе азайтумен, жұмысқа бұлшық ет топтарының көп немесе аз санын қосумен, демалу үшін үзілістерді ұлғайтумен немесе қысқартуы қалыптастырылады.
ПОН 3 - Барлық секциялар бойынша өткізілетін жарыстардың күні мен оларды өткізетін орын, қатысушылар мен өткізуге жауапты адамдар көрсетілген жарыстар тізімі спорт жарыстарының күнтізбесін алдын ала жүзеге асырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |