ҚОСЫМША В.
Ким А.М., Дуйсенов Т.Д.
КОМАНДАДАҒЫ ӨЗАРА ТҮСІНІСУШІЛІК ЖӘНЕ ВОЛЕЙБОЛДАҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАРАҚАТТАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ //Вестник КазНУ.Серия психологии и социологии, 2003.-№(10).-С.52-56.
Дене шынықтыру мен спорт бүкіл әлемде адам іс-әрекетінің маңызды жағына айналды. Қазақстанда дене шынықтыру мен спортпен айналысатындар қатары әрдайым артып келеді, спорттың кейбір түрлері халықаралық деңгейде біздің еліміздің спорт түріне айналды. Дене шынықтыру мен спорт адамның өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудың және жетілдірудің әмбебап механизмі, өзін танудың және түсінудің ерекше әдісі болып табылады. Олар қоғам дамуында маңызды рөлін атқарады. Алғашқыдан, бұл елімізді әлемдік деңгейге шығаратын үлкен жетістіктер спортына қатысты.
Ғылыми жағынан жүйелі көзқарас озық болып табылады, ол ғылымдағы дене шынықтыру мен спорт туралы құқықтық, экономикалық, спорттық-әдістемелік, медициналық және психологиялық жақтарын біріктіреді /1/. Осыған орай спорт түрлерін зерттейтін ғылымдар кешеніне қойылатын талаптар күшейеді, әсіресе, спорт психологиясы мен спорт медицинасы сияқты жақын пәндердің өзара байланысына. Спорттағы жарақаттанудың психологиялық ықпалдарына қызығушылық ғылыми тұрғыдан негізделген.
Осылайша, Спорт психологиясы бойынша 11-ші Еуропалық конгрессте (Копенгаген, 2004) зерттеушілердің ерекше қызығушылыңын тудырған екі мәселе болды: 1) қалың халық бұқарасының дене шынықтыру және спортпен айналысуына себін тигізетін психологиялық ықпалдар мен шарттар (мотивациялық ықпалдар). өмір жолын ұзарту, тән денсаулығы және т.б.; 2) жоғары жетістіктер спортына ілесетін сын ықпалдар: спорттық жарақаттар, стресстер, спорттан ерте кету, спорттық өмір аяқталғаннан кейінгі өмір мен карьера /2/ .
Спорттың ойын түрлерінің бірі ретінде волейболды қарастырайық. Ойындық қарым-қатынас тек ортақ ойындық жағдайларда болуды білдірмейді, ол сонымен қатар ойыншылардың жылдам түсінісуіне негізделетін қарым-қатынас үйлесімдігіне де қатысты. Сонымен, эмпатия, идентификация және т.б. сияқты өзара түсінісудің әлеуметтік-психологиялық механизмдерінің спорттық нәтижелерге жету үшін және спорттық жарақаттанулардың алдын алу үшін орасан зор маңызы бар. Соңғы аспектісі өзектілігіне қарамастан, әдебиет беттерінде талдана қоймаған.
Бұл мақаланың мақсаты болып волейбол мысалына сүйене отырып, спорттық жарақаттанулардың алдын алынуының психологиялық ықпалдарын қарастыру және спорт психологиясы мен спорт медицинасы салаларындағы біріккен зерттеулер өзектілігінің негіздемесі болып табылады.
Мысал №1.
Волейболдан әлем чемпионатына дайындық кезеңінде (Аргентина, 2002) Қазақстан жинақ командасының басшыларының арасында кадрлық өзгерістер болды, турасын айтқанда, іріктеу турнирі кезінде (Алматы, 2001) жинақ командасының дайындығын жүргізген бапкердің орнына басқа бас бапкер тағайындалды, ол команддаға жаңа спортшыларды енгізді. Әр ойыншы жеке техникалық-тактикалық және дене шынықтырылуы жағынан дайындығы жақсы болғанына қарамастан, бірегей ойын ұжымын қалыптастыру мүмкін емес болды, себебі ұжым бірлігінің қалыптастырылуы үшін уақыт өте аз болды. Әлем чемпионаты кезінде жинақ командасы бірінші ойынды Жапония командасына қарсы жүргізді. Бірінші партияны ұтып алғанына қарамастан, алайда, екінші партияда бапкер ойыншылардың психологиялық үйлесімдігін есепке алмастан, ойыншыларды алмастыра бастады, соның салдарынан бір команданың ойыншылары ретінде қатысушы-мүшелер арасында ойын жағдайын бірегей түсіну мүмкін емес болды, бұл соңғы нәтижеге өз әсерін.
Бұл мысал волейболдағы жоғары спорттық нәтижелерге жетудегі өзара түсінісудегі психологиялық ықпалдың маңызын сипаттайды. Алайда, біздің көзқарасымыз бойынша, өзара түсінісу спорт ойынының нәтижелік жаңғына ғана әсер етіп қоймайды, ол сонымен қатар спорттық жарақаттардың алдын алуға ықпалын тигізеді. Біздің жинақтаған мәліметтеріміз еліміздің ұлттық жинақ командасындағы ойыншыларды қатысып бақылау негізінде өзара түсінісудің осы жаңа зерттеу болашағын анықтауға мүмкіндік береді.
Команда орташа бойы 198 см болатын жас ерлерден түрады. Команданың ең «кішкентай» мүшесінің бойы 190 см, ең ұзыны – 202 см. Алайда бойларының ұзындығы қазіргі кезде команданы біріктіретін санаулы факторлардың бірі болып табылады. Олардың екіншісі болып әр ойыншының өз әрекетін дұрыс орындап, ұпай әкелуге, ұтылмауға тырысуы табылады, яғни волейболдағы сенің мамандануың болып табылатын әрекетті орындау. Сонымен қоса, ойыншыларды ажырататын ықпалдар одан да артық.
Біріншіден, ойыншылар жинақ командасына түрлі аудандардан келген, және де кәсіптілігімен қатар олар өздерінің мәдени құндылықтарымен, тұрғын әдеттерімен, тамақтану ерекшеліктерімен, көптеген өмір жағдайларын түсіну ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
Ойын барысында жанкүйерлер ойыншылардың сыртқы суреттемесін жиі байқайды, мысалы, олар қалай бірге жиналатындығы, құшақтасанытдығы, ұтып алған ұпайды жеңіс ұранымен қалай атап өтетіндігі. Алайда, біріккен ұжым қалыптаспаған болса, мұның бәрі әдемі волейболдық әдеттен артық емес.
Нағыз ұжым өзін тура ойын барысында алаңда біртұтас бүтіндей көрсетеді. Мұнда жылдам өзгеретін ойын жағдайында ойыншыларды дереу ұйымдастыру үшін қажет команда лидерінің маңызы қор. Лидер ойыншыны «итермелейді», дем береді, кейде тіпті қай жерге және қалай тұру екендігі, аяғы мен денесі қандай қалыпта болуы өажет екендігі туралы нақты нұсқама береді. Лидер артық сөздерге, ойыншылардың алаңдағы дұрыс емес реакцияларына тоқтам салады. Егер ойыншы жарақат алғанына қарамастан ойынды жалғастыратын болса, лидер оны осы мезгілде қысқа болса да, дәл сол мезгілде қажет болатын демалу мүмкігін беретін позицияға қоя алады. Әрине, лиер тиімді болуы үшін біріккен ұжым қажет. Біріккен ұжымда лидер мен оның ойыншылары бір-біріне қалай дұрыс қимылдау қажет екендігін айтуы қалыпты жағдайлар қатарына жатады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы чемпиондар суперлигасының кқптеген командаларының ерекшелігі болып олар 70-80% басқа елдерден келген легионерлерден құралғаны болып табылады, олар Украина, Ресей, Белоруссия азаматтары. Легионерлер ойыншылар сияқты тек қана жоғары деңгейімен өзгешеленіп қоймайды, сонымен қатар олар өз іс-әрекетінің мотивтерімен ерекшеленеді - олар табыс табу үшін келген және жергілікті ойыншылардан едәуір жоғары табыс табады. Сонымен қоса, ойыншы-легионерлердің мәдени құндылықтары мен көптеген әдеттері едәуір өзшеге болады.
Мұның барлығы жалпы алғанда бірегей ұжымды қалыптастыру қиыншылықтарын тудырады, осының нәтижесінде ойын элементтерінің орындалуы мен алаңдағы дұрыс орналасуы жиі ұжымдық жауапкершілікке қатысы жоқ әр ойыншының жеке ісі болып қалады. Біріккен ұжым болмаған жағдайда, адамдар бірін-бірі естуді және тыңдауды қояды. Ойыншылар арасындағы бірігуінің болмауының салдарынан ойын барысында 18 м/сек жететін жылдамдықпен ұшатын доп және оны 360-420 кг/кв.см. күшімен ұрылуы, сонымен қатар ойыншылардың дене салмағы мен жылжу жылдамдығы ескерілгенде спорттық жарақаттар алынуы мүмкін. Олардың алдын алу – Қазақстан құрама командасының спорт дәрігерінің әрдайым айналысатын әсә және оның өзара түсінісу психологиясына терең қызығушылығының себебі.
Бір жағынан, ойыншылар арасындағы және, екінші жағынан, ойыншылар мен бапкер немесе спорт дәрігері арасындағы түсінісушіліктің болмауы соңғылардың нұсқамаларының орындалмауына әкеліп соқтырады. Солайша, жаттығуды жүргізуге қатысты бапкердің немесе спорт дәрігерінің нұсқауын ойыншының тыңдамауы немесе зейін қоймауы да жарақаттанудың себебі болуы мүмкін.
Мысал №2.
Халықаралық классты спорт шебері, 30 жаста. Спорт дәрігерімен қарым-қатынасы барысында денсаулық пен спорттық ғұмырының ұзақтығын қамтамасыз ететін шараларға қатысты түсінісу деңгейі жеткіліксіз болғаны сөзсіз, соның салдарынан спортшы жаттығуды дұрыс жүргізу бойынша нұсқамаларды жүйелі орындамаған, денсаулықты сақтауға қатысты басқа шараларға қажет деңгейдегі жауапкершілікпен қарамаған. Ойын барысында бұл спортшы әдетте басқа ойыншылардың әрекеттерін сақтандыратын, ол өз қимылдарында ерекше дәлдік кқрсететін және алаңда белсенділік танытатын, әдетте, әр ұтып алынған үпайға үлкен үлес қосатын, және әр ұтылған ұпай үшін өте қатты уайымдайтын және қапаланатын. Өзінің жеке басының жағдайларына байланысты спортшы табыс табу мақсатында көп ойнайтын. Нәтижесінде волейболдағы 15 жылдық спорт карьерасында омыртқасының кеуде және бел бөлімдерінің тұрақты патологиясы қалыптасты және ойын алдында дәрі-дәрмектің көмегімен ауырғанын басуға тура келетін болды, ал болашақта мүгедектікке әкеліп соқтыруы мүмкін.
Мысал №3.
Ойыншы С., 22 жаста, спорт шебері. «Жұлдыз ауруының» белгілері байқалатын, ол бапкермен, спорт дәрігерімен, басқа ойыншылармен дұрыс түсінісушілікке себін тигізбейді. Бапкер берген тапсырмаларға немқұрайлықпен қарайтын, бұл жағдай бапкеріне ауыр тиетін. Жаттығу кезінде дәрігердің арқа бұлшық еттерін, тізе мен сирақ өкшелік буындарын жаттықтыру бойынша нұсқауларын орындамайтын, онсыз да өзін дайынмын деп есептейтін. Нәтижесінде ойын кезінде жол бермеуге болатын жарақат алды.
Мысал №4. Ойыншы К., 20 жаста, спорт шеберлігіне кандидат. Ойынның алдында өзінің қалыңдығымен ренжісіп қалған, осы жағдайды өте қатты уайымдаған, ұйқысы қанбаған, тамыр қағысы жиілеген (100), күре тамыр қысымы жоғарылаған (130/90), қызметтік жағынан ойынға дайын емес. Оның күйін ойын барысында қызметтік жүктемені тқмендету арқылы түзетуге болатын еді, бірақ ол үшін командада өажет түсінісушілік пен өзара әрекеттесу болмады, сонымен, өз күйін ол өз бетімен реттеуіне тура келді, нәтижесінде бұл жағдай жарақат алуына әкеліп соқтырды.
Мысал №5. Екі ойыншы А. және Б., екеуі де спорт шеберінің кандидаты, екеуі де 20 жаста. Ойын алдында киім ауыстыратын бөлмеде олардың арасында ұрыс-керіс болады. Дене шынықтыруы, техникалық және тактикалық жағынан күші басымдау болып табылатын А., тосқауыл жасай отырып, Б. қосылсын деген белгі береді, алайда ойыншылар арасындағы түсінісушіліктің болмауының салдарынан бірігіп жасалатын әрекеттер үндестігі бұзылады. Нәтижесінде А. екі аяғына бірдей түседі де, оның бір аяғы Б. аяғының үстіне түседі. Осы жағдайда А. оң жақ сирақ буынын шығарып алып, ойыннан шығып қалады.
Сонымен, біздің байқауларымыз бойынша, спорттық жарақаттанулардың алдын алудың психологиялық ықпалы үлкен жетістіктер волейболында шын мәнісінде орын алады. Сонымен қатар, көптеген спортшылар санасында психология мен спорттық жарақаттану арасындағы байланыс тіпті өалыптаспаған және, осылайша, спорт жарақатын олар кездейсоқ болған жағдай ретінде қабылдайды, оның жүйелік талдануы мен сәйкес тәжірибелік қорытындылары жасалмай қалады.
______________
1.Покровская Л.Д. Системный подход - методологическая основа управления в сфере физической культуры и спорта//Физическая культура и спорт в условиях современных социально-экономических преобразований в России. Юбилейная научно-практическая конференция, посвященная 70-летию ВНИИФК.-М., 2003.-С.410-412.
2.Романина Е. ХI Европейский Конгресс по психологии спорта// Спортивный психолог.-№1.-2004.-С.96-97.
Достарыңызбен бөлісу: |