Спорт психологиясы



бет32/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

2002/2003 ж.ж. маусымындағы
Шымбұлақ ТК-дегі тау шаңғышылар
жарақаттарының топтастырылуы



Nб/б

Топтастыру критерийлері

Жарақаттар саны


1

Жыныс бойынша топтастыру

ерлер – 74, әйелдер - 27

2

Жасы бойынша топтастырылуы

15 жасқа дейін – 19, 15-тен 20 жасқа дейін – 15, 20-дан 30 жасқа дейін – 35, 30-дан 50 жасқа дейін – 22, 50 және одан жоғары - 12

3

Мекен-жайы бойынша топтастырылуы

Сырттан келгендер – 18, жергілікті тұрғындар - 83

4

Кәсіптілік деңгейі бойынша топтастырылуы

Спортшылар – 2, туристтер - 99

5

Жарақаттың ауырлық дәрежесі бойынша топтастырылуы

Ауыр – 18, ауырлығы орташа – 65,
Жеңіл дәрежедегі – 18

6

Жарақаттар түрі бойынша топтастырылуы

Түтікше сүйектер сынығы – 23,
Бас сүйек жарақаты – 19,
Тізе буын жарақаты – 18,
Жарақаттар – 13,
Буыны шығулар – 9,
Сирақ өкшелік буын жарақаты – 5,
Омыртқа сынуы – 4,
Соғып алулар – 3,
Басқа жерлердің жарақатттары (өкше сүйегінің, қабырғалардың сынуы, көмей жаралануы және т.б.) -7

Барлығы аталған кезеңде 101адам жарақаттанды, мұнда әйелдердің ерлерге қарағанда жарақаттануы елеулі төмен (3 есе), әйел тау шаңғышылары ер тау шаңғышыларынан 3есе кем деп айтуға болмайтындығына қарамастан. Мүмкін, әйелдер көлік жүргізгенде де, басқа жағдайларда да көбірек ықылас танытатын шығар және олар трассада тәуекелге бара қоймауы ықтимал. Алынған жарақаттардың бірінің де ұйымдастырушылық-техникалық себептерге байланысты болмағандыңы маңызды (барлық жарақаттанғандардың сәйкес тау шаңғылық жабдықтары болған, барлық техникалық қызметтер жарақат алынған күні қалыпты қызмет атқарған және т.с.с.). Дәл сондықтан, біздің ойымызша, алдын алу шараларының жалпы кешенінде маңызды мағына адамның тау қыратындағы тән жүріс-тұрысын анықтайтын психологиялық жағына берілуі тиісті.
Жарақаттанудың психологиялық аспектілерінің талдауын жүргізе отырып, біз келесі ақпарат көздерін қолдандық: 1) www.travma.ru, www.ski-school.ru және басқа сайттарда берілген фактілік мәліметтер, 2) жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсеткен дәрігер-құтқарушының қатыспалы бақылауына негізделген өз тәжірибесі, 3) құтқарушы ретінде алғашқы көмек көрсетуде кәсіби тәжірибесі бар сарапшылардың стандартталған интервью, 4) Шымбұлақ ТК медбөлімшесіне алғашқы көмек алу үшін келген жағдайлар туралы медициналық-статистикалық мәліметтер.
Стандартталған интервьюге келесі сұрақтар енгізілген: 1) Сіздің байқауыңыз бойынша, қандай адамдардың жарақат алуға бейімділігі бар? 2) Олардың сырғанау стажы қандай? 3) Олардың мінезі, тұлғалық типтері қандай? Осындай адамдардың психологиялық портретін сипаттап беріңіз. Сарапшылар ретінде өз қызмет сипаты бойынша туристтердің қауіпсіздігін бақылайтын адамдар қатыстырылды, сонымен қатар олар жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсетеді және тасымалдануын қамтамасыз етеді. 10 адамнан сұрау алынды (қазіргі кезеңде және осы мезгілге дейін Шымбұлақ ТК жұмыс істейтін құтқарушылар, құтқарушы-волонтерлер, оның ішінде 2 дәрігер-құтқарушы). Біздің алған нәтижелеріміз тау шаңғысындағы жарақаттанудың психологиялық ықпалдарының біртұтас суреттемесін ұсынуға және олардың ішіндегі маңыздыларын анықтауға мүмкіндік береді.
Алдымен, бұл зейіннің тұрақтылығы, үлестірілімділігі және ауыспалығы ықпалы. Тау шаңғышысына зейіннің шоғырлануын сырғанаудың алғашқы сәтінен бастап соңғы сәтіне дейін сақтау қажет. Тәжірибе сырғанаудың басталу жеріне дейін жете алмастан жарақат алу мүмкін екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет