Спорт психологиясы



бет33/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

Мысал 1: әйел, 47 жастағы, арқандық-креслолық жолдағы отырғызу жеріне қарай бағытталған жолдағы қанаттардан ұстап келе жатып, аяғы тайып кетіп, құлап, оі жақ иық сүйегін және төменгі бөлігін сындырып алды.
Мысал 2: ер адам, 60 жаста. Салмағының екі шаңғыға бірдей үлестірілуін бақыламағандығынан, стартқа қарай бағытталған арқандық-бугельдік жолда көтеріліп келе жатып құлап, оң жағының үлкен сан жілік сүйегін сындырып алды.
Шынымен, сырғанаудың дайындық кезеңін көптеген тау шаңғышылары жарақат алу үшін қауіпті кезең ретінде қабылдамайды. Онымен қоса, құлаулар мен соққы алулар тіпті көтермеге отыру және түсу кезінде де болуы ықтимал.
Тұрақтылықтан басқа тау шаңғышысына зейінді кеңінен үлестіре білу немесе зейінді жылдам ауыстыра білу қажет. Бастаушы туристтер алғашқы сырғанаудан кейін мойын етінің ауыратынына шағымданатыны кездейсоқ жағдай емес – қақтығысып қалмау үшін қыратты жан-жағынан әрдайым қарауға тура келеді.
Таудан түсу кезінде зейіннің жетіспеушілігі трассада басқа шаңғышылармен қақтығысып қалуға әкеліп соқтыруы мүмкін. Дайындалған трассадан тыс жерге шыққан кезде басқа тосқауылдармен (таспен, ағашпен) соқтығысып қалу мүмкін, сондықтан тау шаңғышысы көлік жүргізушісі тәрізді мүмкін соқтығысуларды алдын ала болжай білуі қажет және әрдайым өзін және айналадағы жағдайды бақылап отыруы тиісті. Алдын алу жағынан «барлық мәселелерді төменде қалдырған абзал» және тауға эмоционалдық күйді бақылай отырып көтерілген жөн.
Мысал 3. Ер адам, 63 жаста, үлкен тау шаңғышылық стажы бар. Таңертеңгілік, көлік жүргізіп келе жатып, жұмысқа барар жолында қауіпті жағдайға тап болады, онда ол тағы бір тқтенше жағдаймен соқтығысады. Жұмыстан кейін үйреншікті сырғанау жағдайы оған көңіл-күйінің тепе-теңдігін қайтаруға көмек береді деген үмітті оймен шаңғыға тұрады. Төменге түсу барысында трассаның аса қауіпті емес жерінде Ч. басқа шаңғышымен соқтығысып қалады да, құлаған мезгілде ауыр бассүйек жарақатын (батып кеткен бассүйек сынығы, миішілік гематома, мидың соққысы) алады, соның салдарынан ауруханада жан тапсырады.
Зейіннің бақылаушы сипаты оны барлық психикалық процестерге қатысуына мүмкіндік береді. Зейінсіз болудың себебі болатын кез келген факторлар (күйлер, эмоционалдық уаымдар және басқалары) тау шаңғышысының психикалық белсенділігінің және қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Сонымен, зейіннің тапшылығы тау шаңғышысының өзіндік бақылауының елеулі төмендеуіне келтіреді және жарақаттанудың маңызды факторы болып табылады.
Екінші психологиялық ықпал – бұл жарақаттанудың мотивациялық-тұлғалық құрамдасы. 90% сарапшылар жарақат алуға бейімделген адамның келесі психологиялық суреттемесін берген: «бұл жас шамасы жағынан жас сырғанау стажы аз (екіден төрт айға дейін) және сәйкес дағдылары қалыптаспаған, ол кейбір дағдыларға енді ғана үйреніп келе жатыр. Оның өзіне және басқаларға қандай тау шаңғышысы екендігін көрсетуге ұмтылысы зор. Ақталмайтын тәуекелге және таудағы жүріс-тұрыс ережесін бұзуға бейімділік тән».
Мысал 4. Жарақаттанушы В., 37 жаста, үлкен тау шаңғышылық стажы бар. Ережелерді бұза және басқа туристтерге назар аудармастан, қауіпті және жоғары жылдамдықпен сырғанады, осыдан 1,5 ай бұрын білегі сынғанына қарамастан. Кенеттен В. салмағы өзінен әлдеқайда артық басқа шаңғышымен соқтығысып қалады, соның салдарынан тыныс алуы мен жүрек қызметі тоқтап қалады. Оны құтқарып қалу мүмкін емес болды. Өлімі туралы медициналық қорытынды: аортаның айырылуы, ауқымды қан кету.
Жүріс-тұрыстың мұндай сипаты жылдам қозғыш, өз жүріс-тұрысын әлсіз бақылайтын, қызығушылығы тоқтамсыз, кез келген қарсы әрекеттерде сабырлық таныта алмайтын тұлғаларға тән. Ақталмаған тәуекелге және бекітілген ережелерді бұзуға бейімділік тау шаңғылық тәжірибесіне емес, тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне көбірек байланысты екендігі анық.
Мысал 5. 28 жастағы ер адам, бастаушы тау шаңғышысы, трассадан тыс жерде сырғанап жүріп, екі метрлік биіктіктен құлап, кеудесімен және бетімен қыратқа соғылып қалады. Медициналық қорытынды: кеуде бқлігінің соққысы, бет соққысы мен жарасы, 1-2 дәрежелік жарақаттық есеңгіреу. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатқызылды, алайда, күйі жақсарғанын сезінгеннен кейін, ауруханадан қашып кеткен.
Жарақаттанудың мотивациялық-тұлғалық факторына төтенше жағдайларда енжар болуға бейімділікті («сәтсіздіктен қашуға тырысу») жатқызуға болады. Мұндай жүріс-тұрыс, әсіресе, динамикалық типтес тұлғаларға тән, олар жағдай өзгергенде жылдам әрекет жасауға, жұмыс тәсілін өзгертуге және шешім қабылдауға қабілетсіздігімен ерекшеленеді, сонымен қатар үрейлілігі жоғары, қорқақтау, және қауіпсіздікті ерекше қажет ететін невротикалық типтес адамдарғңа да тән. Әсерленудің мұндай түрлері жиі балалар мен әйелдер диагностикасын жүргізгенде анықталады /5, 297б./.
Мысал 6. 10 жастағы қыз бала, бастауыш тау шаңғышысы. Таудың тік баурайынан өзқ бетімен түсіп келе жатады, жылдамдығы тез жоғарылағаннан сасып қалады да, жағдайды бақылауын тоқтатып, өзін жағдай ағымына қоя береді, нәтижесінде сол жақ білегінің төменгі үштен бір бөлігінің екі сүйегінің де сынығы. Сырғанауға тек 8 айдан кейін ғана орала алды, келесі маусымда.
Жаңадан келгендерді үйрету барысында маңызды психологиялық кезең болып таудың тік баурайынан түскен кезде қорқынышты жеңе білу табылады. Мұның қарама-қайшылығы келесі жағдайға байланысты, үйреншікті кинестетикалық бейне, немесе дененің қауіпсіз қалпының субъективті кестесі мұнда «жұмыс істемейді».
Шынымен, жазықтықтағы адам, егер екі аяғында нық тұрса және қауіп-қатерден, мысалы, шыңырауға құлап кетерде, артқа қарай шалқайып кете алатын болса, өзін сенімді сезінеді. «Аяғында нық тұру» адам үшін әдетті талпыныс. Алайда, таудан түсіп келе жатқанда, дәл осындай бағдарлау бейнесі жарақат алуға әкеліп соқтырады, себебі тау шаңғышысының қимылдарын бақылап бағдарлауыа мүмкіндік бермейді.
Керісінше, күнделікті өмірде қауіпті сияқты қабылданатын «алға қарай құлау» және «бір аяқта тұру» бейнесі тауда қимылды бақылауға және жарақаттанудан сақтануға мүмкіндік береді. Дененің әдеттегі кестесінің басқа кестеге ауыстырылуын жаңадан келгендер түрлі деңгейде меңгереді және, әдетте, төтенше жағдайда бұл жаңа дағды қолданылмай қалады (тау баурайы тым тік болса, кенеттен пайда болған тосқауыл, трассаның тегістігі күрделенсе және т.б.). Бастаушы тау шаңғышысы сондықтан өз әрекеттерінің рефлексиясын жасап отыруы қажет – келесі орағытуды орындағанға дейін, дәл орындау үстінде және орағытуды орындап болсымен, қаншалықты техникалық жағынан дұрыс орындай алғанын бағалай отырып, және трассаның осы телімін келесі өткен кезде қателерін жөндеуге тырыса отырып.
Сонымен, жарақаттанудың алдын алудың үшінші психологиялық факторы болып жаңа кинестетикалық бейнелер мен кестелерге негізделетін сырғанаудың дұрыс техникасын толық меңгеру табылады.
Бұл жағдайда құлау да «дұрыс» болады және жарақаттану да төмендейді.
Сонымен, тау шаңғысындағы жарақаттанудың алдын алуының ұйымдастырушылық-техникалық және медициналық жақтарымен қатар, психологиялық жағының маңыздылығы зор. Үйрету және өз бетімен сырғанау барысында турист-тау шаңғышы әрқашан зейінді болуы, тәуекелге бармауы, өзіне сенімді болуы және дұрыс кинестетикалық бейнелер негізінде өз қимылдарын белсенді бақылауға тырыса отырып, әрдайым өзін және айналадағы жағдайды бақылап отыруы тиісті.
Іс-әрекет барысында бағдарлау қызметін атқаратын кинестетикалық бейнелерді қалыптастыру сұрағы бөлек психологиялық мәселе болып табылады.

________________


1.Горнолыжный спорт. Учебное пособие для тренеров.-М.: Изд-во «Физкультура и спорт», 1963.-272 с.


2.Башкиров В.Ф.Возникновение и лечение травм у спортсменов.-М.: Изд-во «Физкультура и спорт», 1981.-224 с.
3.Падай на здоровье или как избежать травмы. http://permski.narod.ru/obuchen/advice.html
4.Медицинские аспекты профилактики травм горнолыжников. Часть 2. http://www.travma.ru\article2_1.htm
5.Елисеев О.П. Практикум по психологии личности.-СПб.: Питер,2000.-560 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет