2-тарау. Жаттықтырушылар мен спортшыларға және спорттық атақтар, разрядтар берудің
тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт
министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан
Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан
Республикасының спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын Қазақстан Республикасының
азаматтарына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергілікті атқарушы органының, спорт түрлері бойынша аккредиттелген
республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялардың ұсынымы
бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі –
уәкілетті орган) береді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің
17.06.2016
№ 169
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер", 1 разрядты
спортшы спорттық разрядтар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың
жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы,
астанадағы ауданның әкімінің, спорт түрлері бойынша аккредиттелген
жергілікті спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және
спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті атқарушы орган береді.
5. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты
спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты
спортшы спорттық разрядтарды дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт)
дене-шынықтыру-спорт ұйымының ұсынымы бойынша дене шынықтыру және
спорт мәселелері жөніндегі аудандық, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi
атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы
ауданның әкімі береді.
6. Спорттық атақтар мен разрядтардың орындалуын спорт түрлерінен мына
құрамдағы төрешілер алқасы растайды:
1) "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және
"Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атақтарын беру үшін -
төрешілер алқасы "Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші" санатындағы
кемінде үш төрешіден тұрады;
2) спорттық разрядтар беру үшін:
Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерге - "Спорттан
жоғары санаттағы ұлттық төреші" санатындағы екі төреші және "Спорттан
ұлттық төреші" санатындағы үш төреші;
1-разрядты спортшыға - "Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші"
санатындағы екі төреші және "Спорттан ұлттық төреші" санатындағы екі
төреші;
2-разрядтағы спортшыға және 3-разрядтағы спортшыға - "Спорттан ұлттық
төреші" санатындағы екі төреші және бірінші санаттағы екі төреші;
1-жасөспірімдік разрядтағы спортшыға, 2-жасөспірімдік разрядтағы
спортшыға, 3-жасөспірімдік разрядтағы спортшыға - бірінші санаттағы екі
төреші және спорт жөнінде екі төреші болуы қажет.
7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери және
әскери құрылымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда
әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы және басқа да спорт түрлерінен
спорттық разрядтарды беруді уәкілетті органдармен келісу бойынша олардың
өздері жүзеге асырады.
8. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтар тиісті спорттық атақтар,
разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормаларын және талаптарын
орындаған сәттен бастап, бір жыл ішінде беріледі.
9. Жаттықтырушыға және (немесе) спортшы (немесе сенімхат бойынша оның
өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:
1) "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы",
"Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi" спорттық
атағын беру үшін:
осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік
спорт федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған
жарыс хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
2) "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері",
"Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атақтарын беру үшін:
осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік
спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған
жарыс хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
3) "Спорт шеберіне кандидат" спорттық разрядын беру үшін:
осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның
мөрімен расталған жарыстар және (немесе) спорт түрлер бойынша
аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, спорт
түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған
жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі
атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы
бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
4) "1 разрядтағы спортшы" спорттық разрядын беру (және/немесе растау)
үшін:
осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның
мөрімен расталған, спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық
федерация болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт
жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының
көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
5) "2 разряд спортшысы", "3 разряд спортшысы", "1 жасөспірімдік разряд
спортшысы", "2 жасөспірімдік разряд спортшысы", "3 жасөспірімдік разряд
спортшысы" спорттық разрядтарын беру үшін:
бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты;
спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық
және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрлер бойынша аккредитілген
облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және
спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе
аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның
мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
10. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың
чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар "Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағын алу үшін
құжаттар ұсынбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |