Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата18.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503770
1   2   3   4   5   6   7
doc12

 4-тарау. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі 
комиссия 
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт 
министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру 
мәселелерін қарау үшін спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік 
санаттарды беру жөніндегі уәкілетті органда құжаттардың келіп түсуіне қарай 
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі 
комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
17.06.2016 
№ 169
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды 
құрауы тиіс.


Комиссия мүшелері уәкілетті органның өкілдері, ведомстволық бағыныстағы 
ұйымдардың басшылары болып табылады. Комиссия Төраға-мүшесі, хатшысы 
уәкілетті органның қызметкерлері ішінен айқындалады.
Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттамаларды рәсімдеуді 
жүзеге асырады. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды 
және комиссия шешім қабылданған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
17.06.2016 
№ 169
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26. Егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 көбі қатысса 
комиссияның отырысы заңды деп саналады.
27. Комиссияның шешімі комиссияның қатысушы мүшелерінің көп 
даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің 
дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда комиссия 
отырысының хаттамасында оның қатыспаған себебі көрсетіледі. Комиссияның 
қатыспаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
17.06.2016 
№ 169
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
28. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға комиссия 
мүшелері қол қояды.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
17.06.2016 
№ 169
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
29. Комиссияның отырысында комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды 
және спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды 
және жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт 
төрешілеріне біліктілік санаттарын беруді немесе спортшылар мен 
жаттықтырушыларға 
спорттық 
атақтарды, 
разрядтарды 
және 
жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт 
төрешілеріне біліктілік санаттарын беруден бас тартуды ұсынады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
17.06.2016 
№ 169
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 


өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
30. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруден 
бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:
1) Осы Қағидалардың 9, 20, 21, 22, 23-тармақтарында көзделген 
құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық 
еместігін анықтау;
2) спортшының, жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының 
немесе спорт төрешісінің және (немесе) қажетті ұсынылған деректердің және 
мәліметтердің осы Қағидалар талаптарына және (немесе) Нормативтік құқықтық 
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген Қазақстан 
Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 
жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығымен бекітілген Спорттық атақтарды, 
разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына 
сәйкес келмеуі;
3) спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға және спорт 
төрешісіне қатысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым 
салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға немесе 
спорт төрешісіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның 
негізінде спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға және 
спорт төрешіге спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты алуға 
байланысты арнаулы құқығынан айырылу.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
17.06.2016 
№ 169
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
31. Спортшы немесе жаттықтырушы спорттық атақты, разрядты және 
біліктілік санатты беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда, спортшының 
немесе жаттықтырушының осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен қайта 
жүгіну мүмкіндігі бар.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
17.06.2016 
№ 169
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
32. Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті орган спорттық атақтарды, 
разрядтарды және біліктілік санаттарды беруге туралы бұйрық шығарады.


Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
17.06.2016 
№ 169
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет