Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдіскерлерге және спорт



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата18.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503770
1   2   3   4   5   6   7
doc12

 3-тарау. Жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдіскерлерге және спорт 
төрешілеріне біліктілік санаттарын берудің тәртібі 
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт 
министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. "Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы", 
"Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы", "Біліктілігі жоғары 
деңгейдегі жоғары санатты әдіскер", "Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты 
әдіскер", "Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы", 


"Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі", "Ұлттық спорт төрешісі" біліктілік 
санаттарын уәкілетті орган береді.
12. "Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы", 
"Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, "Біліктілігі жоғары 
деңгейдегі бірінші санатты әдіскер", "Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты 
әдіскер", "Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы", 
"Бірінші санатты спорт төрешісі" біліктілік санаттарын дене шынықтыру және 
спорт мәселелері жөніндегі облыстың республикалық маңызы бар қаланың, 
астананың жергілікті атқарушы органы береді.
13. "Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы", 
"біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы", "біліктілігі жоғары 
деңгейдегі екінші санатты әдіскер", "біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты 
әдіскер", "біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы", 
спорт төрешісі біліктілік санаттарын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың 
жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, 
астанадағы ауданның әкімі береді.
14. Қызметкерге біліктілік санаттарын беру 5 жыл ішінде кемінде бір рет 
даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курстарынан өткен жағдайда, 
оның біліктілік деңгейін, кәсіби құзыреттілігін, әдістемелік жұмысқа қатысуын 
талдаудың негізінде өткізіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
29.12.2017 
№ 357
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Санаттар жаттықтырушының спортшымен кемінде екі жыл жұмыс 
істеген өтілі болған жағдайда және комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 
5 жылдық мерзімге беріледі.
16. Төрешілер санатынан басқа берілген санаттың қолданыс мерзімі 
аяқталған соң, жұмыскер оны растауы тиіс.
Расталмаған жағдайда, санат автоматты түрде бір деңгейге төмендейді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
17.06.2016 
№ 169
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Жоғары санат талаптарын орындаған және "Қазақстан Республикасының 
еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы бар жаттықтырушы үшін көрсетілген 
санаттың қолданылу мерзімі шектелмейді.


18. Біліктілік санаты төмендегі спорт түрлерін, велоспорт және спорттың 
ойын түрлері, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, 
суға секіру, үйлесімді жүзу, биатлон, шаңғы қоссайысы, қазіргі бессайысты 
қоспағанда, сонымен қатар спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін 
көтеру үшін басқа жаттықтырушыларға тапсыруды қоспағанда, бір спортшыны 
дайындаған бірнеше жаттықтырушыға берілмейді.
Спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін арттыру үшін басқа 
жаттықтырушыларға 
тапсырған 
жаттықтырушылардың 
спортшыны 
тапсырылған сәтінен бастап екі жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері бойынша 
біліктілік санаттарын иеленуге құқылары бар.
19. Қолданыс мерзімі өткеннен кейін қызметкерлердің біліктілік санаттары 
олардың өтініштерінің негізінде мына жағдайларда ұзартылады:
1) уақытша еңбекке жарамсыздығы;
2) жүктілік және босану, бала күтімі бойынша демалыста болуы;
3) мемлекеттік органдардың, спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктердің, 
дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының жіберуімен шетелде мамандығы 
бойынша іссапарда, оқуда, жұмыста болуы.
20. Жаттықтырушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) қажетті 
құжаттардың тізбесі:
1) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы", 
"Біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы" санаттарын беру 
(және/немесе растау) үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек 
кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және 
тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын 
растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің 
еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-
оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
спорт түрі бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік 
спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған 
жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
2) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы", 
"Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы" санаттарын беру 
(және/немесе растау) үшін:


осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек 
кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және 
тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын 
растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің 
еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-
оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік 
спорттық федерацияның мөрімен расталған республикалық жарыстар және 
(немесе) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт 
түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, 
аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен 
расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының 
көшірмелері;
3) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы", "Біліктiлiгi 
орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы" санаттарын беру (және/немесе 
растау) үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек 
кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және 
тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын 
растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің 
еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-
оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спортттық федерацияның 
мөрімен расталған, спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық 
федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт 
жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының 
көшірмелері;
21. Әдіскерге (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың 
тізбесі:
1) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер", "Біліктiлiгi орта 
деңгейдегi жоғары санатты әдiскер" санатын беру (және/немесе растау) үшін:


осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене 
шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының 
қолдаухаты;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек 
кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және 
тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын 
растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің 
еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
2) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер" және "Біліктiлiгi 
орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер" санатын беру (және/немесе растау) 
үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек 
кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және 
тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын 
растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің 
еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
алдыңғы біліктіліктін берілгені туралы бұйрықтан куәліктің көшірмесі 
немесе үзінді;
3) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер", "Біліктiлiгi орта 
деңгейдегi екінші санатты әдіскер" санаттарын беру (және/немесе растау) алу 
үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек 
кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және 
тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын 
растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің 
еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
22. Нұсқаушы-спортшыға (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) қажетті 
құжаттардың тізбесі:
1) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы" 
санатын беру (және/немесе растау) үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;


білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек 
кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және 
тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын 
растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің 
еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағат анықтамасы;
спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік 
спорттық федерацияның мөрімен расталған, спортшының соңғы 2 жылдағы 
жетістіктері көрсетілген санат беру туралы қолдаухат;
2) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы" 
санатын беру (және/немесе растау) үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білімі туралы димпломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек 
кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және 
тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын 
растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің 
еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
спорт түрлері бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның 
мөрімен расталған, аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған 
жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған 
санат беру туралы қолдаухат;
3) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы" 
санатын беру (және/немесе растау) алу үшін:
осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек 
кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және 
тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын 
растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің 
еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның 
мөрімен расталған, аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған 
жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған 
санат беру туралы қолдаухат;
23. Спорт төрешісіне (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті 
құжаттардың тізбесі:


1) "Жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi", "Ұлттық спорт төрешiсi" төреші 
санаттарын беру үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік 
спорттық федерация өткізетін төрешілердің республикалық семинарынан өткені 
туралы анықтама;
өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі 
немесе төрешілік туралы анықтама;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
2) "Бірінші санатты спорт төрешісі" төреші санатын беру үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;
спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация 
өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы анықтама;
өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі 
немесе төрешілік туралы анықтама;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет,
3) "Спорт төрешісі" төреші санатын алу үшін:
осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің немесе төрешілік туралы анықтамасы төрешілігін 
растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет