Спорттыќ ќўрылыстар


Денсаулық – салауатты өмір кепілі



бет23/23
Дата11.10.2022
өлшемі3.41 Mb.
#462410
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Лекция (2)

Денсаулық – салауатты өмір кепілі

Қазіргі таңда еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік-экономикалық маңызы зор мәселелердің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша халықтың денсаулығы 49-53% өмір сүру салтына, 17-20% қоршаған ортаға, табиғи-климаттық жағдайларға, 18-22 % тұқымқуалаушылыққа, 8-10% денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайына байланысты.
Қазіргі уақытта халықтың денсаулығының нашарлауы, аурулардың көбеюі адамдардың өздеріне, өмір сүру салтына байланысты болғандықтан, қоғамның алдында тұрған міндет – адамдардың салауатты өмір салттарын қалыптастыру.
Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидасы – еш ауруға шалдықпай, аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту, тұрақты түрде дене тәрбиесі жаттығуларымен шұғылдану.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 37-бабында былай делінген: «Білім беру ұйымдарында оқу тәрбие үрдісі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын ескере отырып жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруына жол бермеу, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ын таландыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі».

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет