Спорттыќ ќўрылыстар


Футбол алаңдарының жабдықтары



бет15/23
Дата11.10.2022
өлшемі3.41 Mb.
#462410
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Лекция (2)

3.Футбол алаңдарының жабдықтары
Футбол алаңдары қақпалар мен бұрыштық жалаулармен жабдықталады.
Футбол алаңдарының жаттығу жабдықтарына жұмсақ жаттығу қабырғасы;қорғаныс-қоршау, жылжымалы қақпалар, жоғарғы беті тегіс емес қабырға; биіктігі 4-5 м қоршау торы; доптар. Алаңдағы жабдықтардың орналасуы сабақтардың жүргізілу жоспарына байланысты.
4.Футбол алаңдарын пайдалану және оны күтіп баптау
алаңдардың бетін тегістеу жұмыстары бүлінген бөліктеріне шым төсеу арқылы және ойылған жерлерді тегістеу арқылы жүргізіледі.
Футбол алаңдарын суару топырақтың құрғауына қарай жүргізіледі. Суару кезінде көгал 10-15 см тереңдікке ылғалдануы тиіс. Суару жұмыстарын кешкі мезгілде жүргізу тиімді, өйткені кешке булану бояу жүреді.
Шөптің орылуы алаңдағы көгалдың бір тегіс болып тұруы үшін қажет. Шөпті орып болғаннан кейін алаңды суарып, минералды тыңайтқыштар беру керек.
Көктемгі кезеңдерде шөптің орылу ұзақтылығы 7-10 күн, ал жазғы күндерде 3-4 күнде бір рет, ал күзде әрбір 8-12 күнде орылып тұруы тиіс.
Футбол алаңдарында арам шөптермен күрес тоқтаусыз жүргізіліп тұруы тиіс. Арам шөппен күресте барлық жерде қолданылатын, әрі ең қарапайым құралдар керосин мен соляр майы.
Футбол алаңын бастыру ерте көктемде, алаңға тұқым себуде, ойылған жерлерге шым төсеуде жүргізіледі.
Шөптің дұрыс өсуіне тырмалаудың маңызы өте зор; тырмалау жұмыстары көгалды тазарту және тұқым себу кезінде себілетін жердің лайықты болуына септігін тигізеді.
Тұқымды үстемелеп себу және қайта шым төсеу жұмыстары ойындар мезгілі кезеңдерінде де әрдайым жүргізіліп тұрады. Тұқымды үстемелеп қайта себу жұмыстары шөптің 50% шықпай қалған жерлеріне жүргізіледі; ал шымды қайта төсеу өте бұзылған және өте тапталған алаң бөліктеріне жүргізіледі.
Тыңайтқыштар себу шөптің өнімділігін арттырады.
Тыңайтқыштарды себу мерзімі шөптің енуі мен көгалдың жетілуін зерттеудің негізінде белгіленеді.
Алаңды полиэтилен пленкаларымен жауып тастау алаңның нашар ауа-райында жақсы қалпын сақтап қалуын қамтамасыз етеді.
Футбол алаңдарында көктемдегі жұмыстар;

  • қарды уақытылы тазарту және еріген қар суын ағызып жіберу.

  • Минералды тыңайтқыштар ендіру

Футбол алаңдарының көгалдарын қыстың күндері суаруға болмайды. Өйткені көпжылдық шөптер үсіп кетуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет