Жүгіру алаңы
Жүгіру алаңы
Теннистік корт
Теннистік корт
Теннис - ірне бір (жалғыздық ойын), немесе екіге екі ойналатын (жұптық ойын) спорттың бір түрі.
Теннис ойынына керекті құралдар:
Ракетка - ракетканың ұзындығы 81,3 см-ден аспауы керек. Ал ені болса 31,75 см-ден аспауы керек.
Доп - доптың түсі ақ немесе сары түсті болады. Доптың салмағы 56,7 – 58,5 г болуы керек.
Теннис ойнайтын корт шөппен жабылған немесе асфальтталған болады. Теннис алаңының ұзындығы - 23,77 метр, ал ені – 8,23 метр.
Теннистың щығу тарихы. 13-14 ғасырда Италия, Франция мен Англия тұрғындары себет арқылы допты алақандарымен лақтырып теннис ойнаған. 16 ғасырдың бас кезінен бастап ракетка қолданысқа енгізілген. Ал, қазіргі қолданыстағы теннистың тарихы 1873 жылдан Ұлыбританияда басталады. 1874 жылы британ әскери бөлімінің офицері Уолтер Уингфилд теннистің жүйесін жинақтап, ойынның шарттарын жарыққа шығарды. Ағылшындық Уингфилд ойлап тапқан әлгі ойынға «сферистик» деген ұғым берді. 1875 жылы аталмыш ережелер «лаун-теннис» деп аталды.
Теннис Олимпиада ойындары бағдарламасына 1896 жылы енгізілді.
1896 жылы ерлер арасында біріншілік ұйымдастырылса, 1900 жылдан бері әйелдер арасында жарыс үздіксіз өткізілуде.
Теннис ойыны қазірде ерлер, әйелдер, жұп ойыны болып дүниежүзінің ареналарында ойлып жатыр. Теннис жылдан жылға жамып келе жатыр.
Дәріс-12. Тақырыбы:Спорт инфрақұрылымы
Дамудың оң тенденцияларымен қатар, отандық спорттың дамуын тежеп отырған проблемалар да бар:
1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі:
1) жоғарғы жетістіктер спортында жұмыс жасайтын олимпиадалық резерв дайындау орталығының өзіндік материалдық-техникалық базасы жоқ;
2) ауылдық жерлерде спортты дамыту мәселесі өзекті мәселе болып табылады, ең алдымен, материалды-техникалық базаның жоқтығы салдарынан. Ауылдық жерлерде оорналасқан 558 спорт залдардың 504 жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және тек сабақ өткізуге арналған.
Облыста 772 елді мекен орналасқан, оның ішінде: 10 қала, 1 қала түріндегі кент және 251 ауылдық округ (761 ауыл). Оларда барлығы 18 стадион, оның 8 ауылдық жерде, 18 спорт кешені мен спорттық құрылымдар кешені (9 ауылдық жерде), 34 жүзу бассейні (18 ауылдық жерде), қолданыстағы 718 спорт залдың 85% жалпы білім беру мектептерінде орналасқан (558 ауылдық жерде), қолданыстағы құрылымдардың 60% жазықтық құрылымдар. Аталған спорт нысандарында облыс тұрғындарының 10% спортпен айналысуда.
Басты мәселе – ол спроттық ғимараттарының қайда орналасқаны жөнінде. Ал қазіргі жұмыс істеп тұрған спорт ғимараттары тұрғындардың қажеттіліктерін толық өтей алмай отыр. Бұл – елімізде дене шынықтыру және спорт кешендерін тұрғындардың сұраныстарына сай сапалы, қазіргі заманғы құрылғылармен жарақтандыратын уақыт жетті дегенді білдіреді.
Дене шынықтыру және спорт кешендері бұқаралық және кәсіби спорттың дамуына ықпал етуі тиіс. Сонымен қатар бұл кешендер балалар мен жасөспірімдердің мектептегі сабақтардан соң ең көп жиналатын орнына айналады. Ал олардың дарындылары үшін аталған кешендер үлкен спортқа шығар шыңның басы болмақ.Сондықтан, жөндеу жұмыстарын толықтай спорт кешені орналасатын жердің әкімі, я болмаса ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі толықтай өз қолына алып, өтіп жатқан жұмысшылармен қатар, жаңа құрылғыларды жаңартып, қазіргі заман талабына сай жасалынғанын өз мойнына артуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |