Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет30/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   222
Жинак республ docx

Пайданылған әдебиеттер: 
1. 
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012 жыл 
2. 
«Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі» - Зулкашева Ш.М. Орал 
2013 
3. 
«Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы №8-9 2015 жыл 
4. 
Brookhart, S.M. (2008). How to give effective feedback to your students. 
ASCD: Alexandria.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП-САРАЛАП ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Қосарова Ботагӛз Қаржаубаевна 
Жамбыл облысы, Талас ауданы, А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі 
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сӛзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып 
отыр. Еліміздің болашағы кӛркейіп, ӛркениетті елдер қатарына қосылуы, 
бүгінгі ұрпақ бейнесімен кӛрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, 
жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы 
жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру 
мазмұны жаңарып, жаңа кӛзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы 
ӛмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен 
еніп, қолданылуда. 


Жаңа технологиялар: 
1. 
Ойын технологиясы. 
2. 
Проблемалы оқыту технологиясы. 
3. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 
4. 
Деңгейлік саралау технологиясы. 
5. 
Жекелеп оқыту технологиясы. 
6. 
Оқытудың компьютерлік технологиясы. 
7. 
Презентациялар технологиясы. 
8. 
Кезеңдеп оқыту технологиясы. 
9. 
Жеке пәндік педагогикалық технология. 
10. 
Альтернативті технологиялар. 
11. 
Ӛзіндік дамыту технологиясы 
12. 
Дамыта оқыту технологиялары 
13. 
Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары. 
14. 
Модульдік оқыту технологиясы. 
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың 
деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты 
дамыған тұлғаны қалыптастыру. 
Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бӛлігін қамтып, 
ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде 
кӛрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет 
етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару 
шаралары біріктіріледі. 
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы ӛзінің даму 
деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. 
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға ӛз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім 
алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді; 
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс 
істеуге мүмкіндік береді. 
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі 
қарастырылады: ең тӛменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген 
деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. 
 
Міндеттері: 
1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін 
пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық 
қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану 
нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу. 
2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды 
ӛткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші 
ӛз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны 
қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара 
қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, 
шығармашылығын шыңдау... 
3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта 
жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын 


қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды 
ӛзін-ӛзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, ӛзін - ӛзі жетілдіретін 
шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру. 
Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында тӛмендегідей 4 деңгей 
кӛрсетілген: 
Бірінші 
деңгей-«үйренушілік».( Репродуктивтік ) Оқушылардың 
жаңа 
тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және 
алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер 
мен тапсырмалар ӛмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. 
Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады. 
Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау 
үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, 
реттеуге арналған, мазмұны ӛзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. 
Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, кӛбінесе танымдық және үйренушілік 
мәні бар тапсырмалар, мысалы, сӛзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған 
тапсырмалар беріледі. 
Үшінші деңгей - «эвристикалық». Бұл деңгейде оқушылар тақырып 
бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға 
арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын 
тапсырмалар орындайды. Оқушы ӛзі ізденіп, материалды саналы түрде 
меңгеруі керек. 
Тӛртінші 
деңгей-«шығармашылық», Оқушы ӛзіндік шығармашылық 
деңгейін кӛрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі 
мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Ӛз бетімен 
талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге 
баулу.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге ӛту үшін ӛз білімін, білік пен 
дағдысын 
толықтырып 
отырады. 
Нәтижесінде 
жоғары 
деңгейлік 
тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады. 
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, 
ақыл–ой, еңбек дағдысын, ӛз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. 
Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай 
қойылады.
Сабақ барысында топтағы барлық оқушылардың білім деңгейі 
анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы–оқушы ӛзінің білім деңгейін, нені 
оқу керектігін анықтап, ӛзінің ізденуіне болады. Ӛйткені ол білім сапасының 
дамуын қамтамасыз етеді. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның 
қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады. 
Сабақта оқушыларға ӛз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға кӛп 
кӛңіл бӛлу қажет. Сабақ барысында ӛздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен 
ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында 
жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік 
беру керек. Оқытушы білімі тӛмендерге кӛмек беріп, қабілеттілермен жұмыс 
ұйымдастырып 
отыру 
арқылы
ирформатика 
пәнін 
оқуға 
деген 
қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған 
оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек.


Жаңа технология түрлерін қазақ тілі пәнінің кіріктірілген сабақтарында 
пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, ӛз 
білімін ӛмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. 
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады: 
І кезең: оқып-үйрену; 
ІІ кезең: меңгеру; 
ІІІ кезең: ӛмірге ендіру; 
IV кезең: дамыту. 
Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу 
құралдары оқушылардың ӛздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай 
болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері ӛте кӛп. Оларды қазақ 
тілінен оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты. 
І деңгей тапсырмалары: 
1. Берілген сӛйлемдерді кӛшіріп жазып, әр сӛздің түбірін қосымшасынан 
сызықша арқылы бӛліп жаз. 
Қазақ халқы үшін тілден қасиетті ештеңе болған жоқ. Ол – тарих, ол – 
мәдениет, ол – ӛнер. Тауып айтылған бір ауыз сӛзге бір қауым ел тоқтаған. Бұл 
– халықтың тіл ӛнеріне деген ыстық махаббатының белгісі. 
2. Тӛмендегі сӛздерді оқып, кӛп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой. 
Ол ӛзен... барып, мұз әкелу... әже...нен рұқсат сұра... . Райхан екі шелек... алды 
да ӛзен... тартты. Ӛзен... жаға... адам... толы екен. Біреу... жарқабақ... басы... 
тасқын су... ағысы... тамашалап қарап тұрса, енді біреу... ӛзен жағасы... келіп 
тірелген мұз... ұсақтап алып жатыр.
ІІ деңгей тапсырмалары: 
1. 
Сӛз құрамын тұлғаларға бӛліп, оларды сызба бойынша талдап жаз. 
Жас, үлкен, батырлар, үйде, ақылды, сызат, кітабы, ойпатқа, әкеміз, білемін, 
білтелі, оқушысыңдар, достар, жазыс, кӛкшіл. 
Түбір 
Жұрнақ 
Жалғау
Негізг
і
Туынд
ы
Сӛз 
тудыруш
ы
Сӛз 
түрлендіруш
і
Кӛпті
к 
Тәуелді
к 
Септі
к
Жікті
к
2.Берілген сӛздерді сӛз тұлғасына, мағынасына қарай ажырат. 
Алыс, белесте, қуаныш, ана, табиғат, ауыздық, бақ, Асан, достық, арт(ы), ырыс, 
бақытты, үшін, орындады, тасыр-тұсыр. 
Үлгі: 
Негізгі түбір: 
Туынды түбір: 
Қосымшалы сӛз: 
Кӛмекші сӛздер: 
ІІІ деңгей тапсырмалары: 


Сӛйлемдерді оқып, асты сызылған сӛздердің қызметін айт. Олардың 
мағынасына кӛңіл бӛліп, сұрақ қой. Салыстыр. Айырмашылығын дәлелде. 
Ащы менен тұщыны татқан білер, 
Алыс пенен жақынды жортқан білер. 
Сен менен кітап алдың ба? 
Сабақта қызықты ойындар ойналды. 
Даладағы қызықты тамашаладық. 
Бала кітапқа қызықты.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де 
белсенді шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады, жақсы оқитын 
оқушының тереңірек білім алуына, әлсіз оқушылардың ӛзгелердің қатарына 
қосылуға ұмтылуына мүмкіндік туғызады.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үдерісіне пайдалану үшін әр 
мұғалім ӛзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере 
отырып, педагогтық мақсат-мүддесіне, ӛзінің шеберлігіне байланысты таңдай 
алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, 
шығармашылық ізденісі, ӛз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы 
шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Оқушылардың шығармашылық 
белсенділігін арттыру мақсатында Ж.Қараевтың ―Деңгейлік саралау 
технологиясын‖ қазақ тілі сабағында қолдану үлкен жетістіктерге жеткізетінін 
кӛрсетеді. Бұл технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік 
береді, ӛйткені ол оқушының ойлауын, елестетуі мен есте сақтауын, ынтасын, 
белсенділігін дамытып, білім сапасының артуына кӛмектеседі.
Жаңа технологияны қолдануда: 
«Мұғалім нені білу керек?» 

Жаңа технология кӛмегімен шешілетін мәселені анықтау. 

Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді. 

Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін. 

Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек. 

Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы. 
«Не істей алу керек ?» 

Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру. 

Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау. 

Әр сабақты жоспарлау. 

Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ 
жоспарларын жасау. 

Оқу модулын құрастыру. 

Оқу жобасының мазмұнын анықтау. 

Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды 
құрастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет