Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет28/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   222
Жинак республ docx

 


Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Кобдикова Ж. Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап 
деңгейлеп окыту). 2002, 27 б. 
2.Саралап оқыту ауыл мектебінде сабаққа қызығушылықты тәрбиелеуқұралы. 
Қашықтықтағы семинар. 14 қаңтар 2011 жыл. 
3.Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті 
арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Алматы. 
4.Қ.Ж.Бұзаубақова Инновациялық педагогика негіздері. Алматы 2019 жыл. 
ОҚУ ҤРДІСІНДЕГІ КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Нҧрбекова Әйгерім Болатбекқызы 
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Политехникалық колледжі» МКҚК 
 
Білім алушыларға ХХІ ғасырда кәсіби, қоғамдық және жеке табысқа жету 
үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа білім беру 
тәсілдері, процестер мен форматтар қажет. Білім берудегі трендтер ӛз білімін 
үздіксіз жаңартуға, жаңаны тез үйренуге және жылдам ӛзгеретін әлемде 
табысты ӛмір сүру үшін ӛз дағдыларын қолдану саласын ауыстыруға қабілетті, 
сыни ойлайтын және функционалды сауатты тұлғаны дайындауға қоғам 
тарапынан ӛсіп келе жатқан талаптармен байланысты болады. 
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын 
алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қазақстан Республикасының 
білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, ӛмір сүруге бейім, 
ӛзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға 
тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең 
игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі 
заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, 
шебер мұғалім дайындау қажет. [1,37-б] Ал жаңа формация мұғалімі – оқыту 
технологиясының жүйесімен оқушыларды ӛмірге дағдыландыру құзырлығын 
айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға болуы шарт. 
Жаңа формация мұғалімі жаңа білім беру мазмұны бойынша сабақта тиімді 
әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдарын және оқушылармен кері байланыс жүргізе 
отырып, сабақтың ӛтілу барысына талдау жасау арқылы нәтижеге жетуді 
кӛздейді. 
Кері байланыс оқытушының оқыту үдерісі қалай ӛткені және қандай 
нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделген. Кері 
байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында білім алушының ӛз 
бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. 
Рефлекция мақсаты – еске түсіру, ӛзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға 
беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Оқытушы білім 
алушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз 
шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға 
болатынын алдын-ала біледі. [1,37-б] «Мұғалім ӛзінің түсініктемелерінің, 


бағалары мен балдарының оқушылардың сенімділігіне және олардың 
құлшынысына тигізетін әсерін сезінуі тиіс, сол себепті де ол кері байланыс 
беруде мейлінше сындарлы болуы тиіс». [Бағалауды реформалау тобы, 2002ж.] 
Сонымен қатар, кері байланыс жүргізу арқылы білім алушының үніне құлақ 
түріп, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады. 
Рефлексия дегеніміз не? Латын тілінен аударғанда «reflexio» - артқа қарау 
мағынасын білдіреді. Шет елдік сӛздіктерде: «рефлексия – адам ӛзінің ішкі 
жағдайына үңілу, ӛзін-ӛзі тану» деген анықтама беріледі. Ал, заманауи 
педагогика: «рефлексия – оқушының ӛз жетістіктеріне талдау жасау» деген 
анықтама береді. Педагогикада тағы да фидбек (feedback) деген термин бар. 
Мұның аудармасы «кері байланыс» дегенді білдіреді. Бұл екі терминнің 
айырмашылықтары бар. 
Рефлексия – оқушыдан алған кері байланыстан сабағыңның қалай 
ӛткендігін ӛн бойыңнан ӛзі ӛткізіп, жіберілген кемшіліктеріңді саралап, келесі 
жоспарыңа түзету енгізу және рефлексияны әркім ӛз ісіне жасайды. Кері 
байланыс – сабақтың білім алушыға қаншалықты түсінікті болғандығын, 
сабағыңның қай деңгейде ӛткендігін және жеткізе алғандығыңның нәтижесін 
қысқа түрде білім алушыдан алу, бұл жерде кері байланыс басқаның іс-
әрекетіне беріледі. 
Тиімді кері байланыс белгілері: 
 
Кері байланысты уақтылы және жүйелі түрде беру; 
 
Ұсынымдардың анықтығы және нақтылығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет