Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ


Cаралау тапсырмаларының тиімділігі мен нәтижелеріне тоқталсақ



Pdf көрінісі
бет4/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   222
Жинак республ docx

Cаралау тапсырмаларының тиімділігі мен нәтижелеріне тоқталсақ: 

Тӛменнен, жоғарыға қарай, яғни жеңілден күрделіге қарай жүру;

Әр оқушы ӛздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

Оқушылардың әр тақырыптан алған білім мазмұны естерінде жақсы 
сақталып, бекітіледі; 

Күрделі тапсырмаға байланысты оқушының ойлау қабілеті артады. 
Мақсаты: 

Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; 

Деңгейі тӛмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау кӛрсету; 

Дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау; 

Оқушының ынтасын, қабілетін арттыру. 
Ерекшелігі: 

Таланттылар, дарынды оқушылар ӛздерінің қабілеті мен икемділігін одан 
әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады; 

Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады. 
Кҥтілетін нәтиже: 



Оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және 
ӛзін-ӛзі жетілдіруі жүзеге асады; 

Дарынды балалар зерттеу жұмыстарымен айналысып, ӛзін дамытады; 

Мұғалімнің шығармашылықпен айналысып, жан-жақты дамуына 
мүмкіндік туады. Яғни үйрете жүріп үйренеді. 
Оқыту барысында сабақта саралау тапсырмаларын жоспарлау ӛте маңызды 
да жауапты жұмыс. Сабақтың ӛз дәрежесінде ӛтіп, мақсатқа жетуі осы 
тапсырмаларды дұрыс саралауға тәуелді. Тапсырмаларды саралауда мына 
нәрселер 
ескерілуі 
керек: 
қабілеттері, 
деңгейлеріне 
қарай 
және 
қызығушылықтары 
бойынша. 
Осыларды 
ескере 
отырып 
тапсырма 
дайындағанда: білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар
оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (кӛмектесе отырып орындалатын, ӛздері 
орындай алатын күрделі тапсырмалар); ерекше дарынды баланы жалықтырып 
алмай, алға қарай ұмтылдырып отыруға бағытталған күрделі тапсырмалар.
Оқушыларға оқу мақсатына жетуді кӛздейтін тапсырма, жаттығуларды 
беру барысында баланың жеке ерекшелігі және қажеттілігі ескерілуі керек. Бұл 
мәселе аясында ұлы ғұлама Аристотельдің ӛзі былай деген: «Оқушылар биіктен 
кӛрінуі үшін алдыңғыларға жетіп, соңғыларды тоспауы керек». Яғни, әр бала ӛз 
ерекшелігіне, қажеттілігіне және мүмкіндігіне қарай тапсырмалар мен 
жаттығуларды орындай отыра оқу мақсатына жетуі керек. Жоспарлау және 
оқыту барысында тапсырманы саралаудың маңыздылығы басым. Саралаудың 
бұл тәсілі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды 
кӛздейді. Оқушыларға жекелеп немесе топтарға олардың меңгерген 
білімдеріне негізделген тапсырмалар беріледі. Аса қабілетті оқушыларға 
айтарлықтай жоғары деңгейде ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін, 
проблемаларды шешу қабілеттері мен зерттеу қабілетін пайдалануды талап 
ететін күрделі тапсырмалар беруге болады.
Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан 
кӛмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану – 
сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады. Негізгі 
тапсырмалар кейінгі тапсырмаларға қарағанда жеңіл болғанымен, сыныптағы 
кейбір оқушылар үшін қиындық туғызуы мүмкін. Кейінгі тапсырмалар 
күрделірек болғанымен, негізгі тапсырманы нәтижелі орындаған оқушылар 
үшін қиындық келтірмеуі мүмкін. Тапсырмаларды оқушының ӛзіне таңдап 
орындауына мүмкіндік жасау керек. Аздан кӛпке, оңайдан қиынға, жақыннан 
алысқа қарай жылжыта отыра оқыту заңы әр пәнде қолданылады. Тапсырманың 
де сондай жолы бар.
Тапсырмаларды пәнге қарай кеңейтілген түрде беруде оқушылардың 
таңдауына мүмкіндік болады. Тапсырмаларды кеңейтіп бере отыра, 
оқушылардың алаңдауын, мазасыздануын алдын-алып, қызығушылықтарын 
арттыруға болады және де нәтижесінде жұмыс сапасы да артады. Мұғалім 
оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта 
орындалатын жұмыстың барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды. 
Бұл ретте оқушылардың бойында тапсырмаларды орындау үшін қажетті 
дағдыларды қалыптастырып, білім береді. Мысалы, тӛмендегі тапсырмалар 
жүйесін беруге болады. 


№1. Ӛткен материалды бекіту және қорыту бойынша ұйымдастыруға болады. 
Барлық балаға берілетін мәтін бірдей, бірақ тапсырма әр түрлі. Сыныптағы 
балалар барлық тапсырманы алады, бірақ ӛзі орындай алатынын орындайды. 
Біреулері шығармашылық тапсырма алып, оларды ӛз бетінше орындайды. 
Екінші оқушылар дайындалған карточкадағы немесе оқулықтың сұрақтары 
бойынша тапсырмаларды ӛз бетінше орындайды. Енді бір оқушылар 
мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс істейді. Жұмысты осылайша ұйымдастыру 
арқылы «күшті» балаларға ӛз қабілеттерін барынша кӛрсетіп, тиісті бағасын 
алуға мүмкіндік туады. Ал «әлсіз» оқушылар ӛздерін сенімдірек сезініп, олар да 
жақсы баға алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет