Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Әлімов А.Х. «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана
«НЗМ»ДББҰ, 2014
2.
Байтұрсынұлы А., Тіл тағылымы, А, «Жазушы», 1992.
Байжұманова Қ. «Оқуға ынталандыру-мұғалім біліктілігінде»// Қазақстан
мектебі,2008ж.№1
3.
Белинский В. Г // «Балалар кітапшалары туралы бірер сӛз» 12-
17б.1989.
САРАЛАП ОҚЫТУ - НӘТИЖЕЛІ ОҚЫТУДЫҢ ӚЗЕГІ
Анарбаев Берикхан Сыбанбаевич
Жамбыл облысы, Талас ауданы, мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі
Білім беру - әлемдік бәселекелестіктің ең алдыңғы сапында тұрған ӛзекті
мәселелердің бірі.Сапалы білім сапалы мұғалім мен саналы оқушының
бірлескен жұмысының нәтижесі екендігіне де талас жоқ. Бүгінігі күн сайын
қарыштап дамып, жаһанданудың жаңа бір кезеңіне ұмтылған шақта білімді
оқушы мен жаңаша дамып, жаңаша ойлай алатын мұғалімдерге сұраныстың
жоғары болуының да себебі сонда жатса керек-ті.
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде
мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдерінің маңызы ӛте зор. Мұғалімдер
пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақ
тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары
оқушылардан ӛздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны
талдай және бағамдай білуді талап етеді. Мұғалімдер оқушыларды ӛздігінен
білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы жоғары,
ӛзіне сенімді, жауапкершілігі мол, ӛзінің және ӛзгенің іс-әрекетіне талдау жасай
алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
оқу бағдарламаларын іске асыруда қолданылатын тәсілдердің бірі - саралап
оқыту.
Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі
оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғаліммен әрбір
оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей
отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді. Сондай-ақ саралап оқыту
мұғалімнің белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруда қолданылатын ресурстардың
ішінен ең қажеттісін, маңыздысын, ӛзектісін, тиімдісін таңдап алу, саралап
алу, сонымен қатар жоспарланған шараны жүзеге асыру кезіндегі оқушының
әрекетін саралау, сол арқылы күтілетін нәтижеге бағыттау болып табылады.
Мұғалімдер "Саралау қай кезде жүзеге асырылады?" деген сұрақты жиі
қояды. Саралау сабақты жоспарлаудан басталады.
1. Сабақтың тақырыбына сәйкес оқу мақсатын оқу бағдарламасындағы
ұзақ мерзімді жоспардан дұрыс, нақты таңдау.
2. Оқу мақсатының нақты, шынайы, қолжетімді, ӛлшенген, уақыты
шектеулі болуы, яғни, СМАРТ-қа негізделуі керек.
3. Оқу мақсатынан сабақ мақсатын нақтылау: оқушылардың барлығы,
кӛпшілігі, кейбіреуі орындай алатын мақсаттарды анықтау.
4. Ойлау дағдыларының деңгейлерін анықтау: Блум таксономиясына
негізделген білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
5. Оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру.
6.Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмаларды саралап алу.
Тапсырмаларды саралауда оқушылардың жас ерекшелігі, қажеттілігі, қабілеті,
деңгейлері ескерілуі тиіс.
7. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторды дұрыс, дәл, нақты құрастыру.
8. Сабақ соңындағы оқушының рефлексиясын ұйымдастыру.
9. Пәнаралық байланыс, сабақ үдерісінде қолданылатын ақпараттық –
коммуникациялық құралдар, ресурстар, қалыптастырушы бағалау жүргізу
тәсілдері – барлығы жоспар жасау барысында мұқият сараланып, жан-жақты
талдаудан ӛткізілуі керек. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасауда сабақ
үдерісі кезіндегі мұғалім мен оқушының әрбір әрекетіне жете мән беру
маңызды.
Сабақты жоспарлаудан басталған саралау тәсілі ары қарай сабақ үдерісі
кезінде жүргізіледі. Саралау барысында оқушылардың қабілеті, деңгейі
анықталады. Тапсырманы орындау барысында оқушы да саралау жасайды.
Сыныптағы саралауды келесі жолдармен жүзеге асыруға болады:
1. Тапсырманы түрлендіру арқылы:
- білім деңгейі әр түрлі оқушыларды тапсырмалар мазмұнына сай қолдау
(күрделендіру керек пе, әлде қолдау керек пе?);
- қажеттілікке қарай кесте, жаттығулар дайындау.
2. Дереккӛздер арқылы:
- кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі
дереккӛздермен жұмыс істей алады;
- дереккӛздер талқылауға негіз болатын мәтін, қиын сӛздер, күрделі
идеялар болуы мүмкін;
- баспадан шыққан, электронды дереккӛздер болуы мүмкін.
3. Білім алушылардың қарқынына байланысты:
- кейбір оқушы басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейді;
- қарқыны күшті оқушылар үшін қосымша тапсырмалар қолдануға
болады;
- қарқыны баяу оқушылар үшін негізгі тапсырмаларды орындауға уақыт
беріледі.
4. Топқа бӛлу арқылы: Топ құруда пайдалы кеңестер:
- қиындық деңгейі, қолдау шамасы ұқсас оқушылар;
- талаптары әр түрлі оқушылар;
- кәсіби дағдыларына қарай топтастыру немесе сарапшы топ т.б.
Саралап оқытудың бірнеше тәсілдері бар. Мысалы, балаларға (жеке
немесе топта) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әртүрлі тапсырмалар
беріледі. Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған
тапсырмалар кіреді.
Саралаудың тәсілдерінің нәтижесін оқушылардың тапсырмаларды
орындауда дереккӛздермен (ресурстар) жұмыс істеудегі, тапсырманы орындау
қарқынындағы, тапсырма қорытындысындағы, диалог және қолдау кӛрсетудегі,
сонымен қатар бағалау және жіктеу барысындағы іс-әрекеттерінен кӛруге
болады.
Осы тұста ӛзім ӛткізген сабаққаа тоқталып ӛткенім жӛн болар деп
есептеймін. 9-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен Бейімбет Майлиннің ""Шұғаның
белгісі" хикаяты" тақырыбында ӛткізілген сабақта саралау жұмыстары
сабақтың ӛн бойында жүріп отырды. Алдыңғы білімге шолу кезеңінде
"Білу","Түсіну" деңгейі бойынша оқушылар "Сәйкестендіру" тапсырмасын
орындаса, "Мағынаны тану" кезеңінде топ бойынша шығарма кейіпкерлерін
типтік бейнелге қарай кейіпкерлерге топтастыру жүргізді. Сабақтың
қорытынды бӛлімінде РАФТ стратегиясы негізінде оқушылар ӛз таңдаулары
бойынша рӛлдерді таңдап алып, жазба жұмысын орындап шықты. Жұмыстар
"Автор орындығында" презентацияланды. Жалпы сабақ барысында
оқушылардың білім деңгейі сараланды. Сабақ барысында қолдауды кӛп қажет
ететін оқушыға кӛмек ретінде дайын жауаптар ұсынылады. Оқушы тек
«сәйкестендіру әдісі» арқылы сӛйлемдер мен тіркес сӛздерге тиісті қасиеттерді
сәйкестендіреді.
Қолдауды
орташа
қажет
ететін оқушыға
жауаптар
ұсынылмайтын болғандықтан, олар ӛздері тауып жазады. Ал қолдауды мүлдем
қажет етпейтін оқушы тапсырманы ӛз бетінше орындайды.
Жоғарыда кӛрсетілгендей сабақ барысында барлық оқушыларға бірдей
тапсырма берілу керек, бірақ мұғалім олардың алдыңғы білімі мен тәжірибесін
ескере отырып, оқушыдан деңгейіне сай нәтиже күтеді. Сондай-ақ оқушыларға
бірдей тапсырма беріп, олардың жылдамдығын ескеріп тапсырманы орындау
уақытын түрлі етіп беру қажет болады. Сонымен қатар саралаудың тағы бір
әдісі бойынша оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, бірақ оқушыларға
кӛрсетілетін қолдау олардың деңгейіне, яғни қабілетіне сәйкес әртүрлі болады.
Тапсырма беруде топтың немесе жекелеген оқушылардың әлеуеті
ескеріледі.Тапсырма ортақ, бірақ ресурстар әртүрлі.
Саралап оқытудың білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында
оқушылардың метасанасын дамытуға ықпалы зор. Саралап оқытудың негізгі
принциптері ретінде оқушыларға білім беруді «қажеттен» «ӛте қызық»
деңгейіне жеткізуді айтуға болар еді, яғни «Бұл сендерге қажет» деген мұғалім
сӛзінен оқушының «бұл маған қажетке» деген ӛзіндік түсінігіне жетелеу болып
табылады.
Саралап оқыту – мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын, қазақ тілі
мен әдебиетті оқыту үдерісінің диалогтік сипатта, әрекеттік-шығармашылық
сипатта ӛтуін, оқушының жеке тұлғасының дамып, қалыптасуын кӛздейтін
дидактикалық үдеріс десек, оның дұрыс ұйымдастырылып, жүргізілген саралау
нәтижесінде:
- мұғалімде әлсіздерге кӛмектесуге, мықтыларға назар аударуға мүмкіндік
болады;
- қоғамдық нормаларға бейімделе алмайтын қиын балалармен тиімді
жұмыс істеуге мүмкіндік туады;
- мықты оқушылардың білім беру үдерісінде жылдам және тереңінен
білім алуға деген ынталары жанданады;
- «Мен» тұжырымдамасы: мықтылар ӛз қабілеттеріне кӛз жеткізеді,
әлсіздер оқудағы жетістіктерін сезінуге мүмкіндік алады, толыққанды емес
комплекстен арылады.
Кэрол Энн Томлинсон саралап оқытуды балаларды жеке оқыту стильдері
мен ұйымдастырылған оқу қызметі ретінде сипаттайды. Зерттеу нәтижелері
бойынша, саралап оқытудың тиімділігі бұл әдістің оқуда әртүрлі қиындықтары
бар балалардың немесе қабілетті, дарынды балалардың оқуына пайдалы
болуында.
Барлық балалардың оқып-үйрену деңгейі немесе қабілеттері бірдей емес.
Саралап оқыту алдын ала ойластырылған үдеріс болып табылғандықтан, ол
әрбір баланың ӛзіндік оқып-үйрену стиліне сәйкес оларды табысты болуға
кӛмектесуге бағытталады.
Бүгінгі білімдегі бәсекелестік жолындағы әлем елдерінің текетіресінде
оқушыны сапалы біліммен қаруландыру барша педогог қауымының мойынына
артылған аманат деп білеміз. Сондықтан сабақты дұрыс жоспарлап, саралау
әдісі арқылы оқушылардың тапсырмаларды дұрыс орындау дағдысы артатын
болса, нәтижеге жетудің бірден-бір жолы сол болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |