талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу. Мектептегі білім беру міндеттерінің
негізгісінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы ӛмірге
дайындау,
бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, сондай-ақ,
ӛзінің ӛміріндегі ӛзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты
ӛмір сүру тәртібі күтіп тұр. Мұғалім оқушылардың алған білімдерімен жұмыс
істеу оны әрі қарай ӛңдеу, дағдыларын арттыруға мүмкіндік жасау, бағыт-
бағдар беріп отыруы тиіс. Осы орайда оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдымен
мұғалім сабаққа мақсат қойып алуы қажет. Яғни
сабақ мақсатын және оқу
мақсатын анықтап алып оқушылармен таныстыру бірінші міндет болып
табылады.
Нәтижеге бағытталған білім жаңартылған біліммен ұштасады. Қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардың
шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Ең маңыздысы
оқушылардың алдыңғы алған білімдері жаңа біліммен
ұштасып отырса білім
терең болады. Мұны сындарлы оқыту деп атаймыз. Оқушылар білімді толық
меңгеру үшін енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Ал сабақтарда
қолданылатын әдіс-тәсілдер белсенді оқуды кӛздейтін сындарлы оқыту
теориясына негізделеді. Белсенді оқу- оқушылар жаттығуды орындау
барысында жүзеге асатын құбылыс. Белсенді жұмысқа ойындар, топтық,
жұптық, жеке әртүрлі шығармашылық жұмыстар кіреді.
Білімді меңгертуге
мұғалім оқу үдерісін тек белсенді етіп жүргізу емес, білім мен дағдыны
қарапайымнан бастап күрделіге қарай, нақтыдан абстрактіге қарай
қалыптастырған маңызды. Осы орайда оқушымен білім, таным деңгейіне қарай
тапсырманы жекелей беріп, білім мен дағдыны ілгерілету үшін саралап
оқытуды пайдаланудамыз. Саралап оқыту - бұл білім алуға бағытталған әрекет.
Ол ӛз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі.
Біз қарастырып
отырған саралап оқытудың теориялық негізін Л.Выготский, А.Леонтьев,
Б.Ананьев, С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: