Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет59/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   222
Жинак республ docx

 
 


 
Дескриптор:
-мәтінді бӛліктерге бӛледі; 
-мәтінді оқылым страгиясын қолдана отырып , мұқият оқиды; 
- әр бӛлікке ат қояды; 
- стилін анықтайды. 
Оқулықтағы 8-тапсырма . «ППП» әдісі бойынша тапсырманы орындаңыз. 
1)Грамматиканы оқытуға дайындау бойынша шартты бағыныңқылы сабақтас 
құрмалас сӛйлемге презентация ретінде ережесін дайындаңыз.2)Грамматикалық 
ұғымды түсіндіру үшін берілген сӛйлемдерді шартты бағыныңқылы сабақтас 
құрмалас сӛйлем деп тануға бола ма? Себебін түсіндіріңіз.3)Грамматикалық 
ұғымдарды бекіту үшін сӛйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. 
Гендік инженерияны фармацевтік ӛнеркәсіпте дәрі-дәрмектерді синтездеу 
мен ӛндіруде пайдаланса, микробиологияда адамға пайдалы микроорганизмдер 
штамдарын алуда қолданады. 
Синтакистік талдау жасау арқылы оқушы ӘТН оқу мақсатына жете алады. Осы 
сабақта грамматикалық материалды пысықтау мақсатында «Стикер» әдісі 
арқылы саралау тапсырмаларын алуға болады. 
1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың сұрақтары қандай? 
2.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас қалай жасалады? 
3. Шартты бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? 
4.Шартты бағыныңқылы сабақтастың сұрақтары қандай? 
5. Шартты бағыныңқылы сабақтас қалай жасалады? 
6.Сабақтас құрмалас сӛйлем дегеніміз не? 
7.Қарсылықты салалас құрмаластың жалғаулық шылауларын табыңыз. 
8. Кезектес салалас құрмаластың жалғаулық шылауларын табыңыз. 
Қазақ тілі пәнінен 11-сынып бойынша «Семей ядролық полигоны» 
тақырыбындағы сабақта тӛмендегідей оқу мақсаттарына сәйкес: 
11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, 
кӛркем әдебиет, ауызекі сӛйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор 
кӛзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік 
ерекшелігін салыстыра талдау;
11.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың 
(конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
11.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында тілдегі кӛркемдік құралдарды орынды 
пайдалану: 
кӛркемдеу, айшықтау, дәлелдеу, сӛздерді сұрыптай білу (образды-
эстетикалық)» тапсырмалар оқушылардың тілдік дағдыларды терең меңгеруіне 
қарай тапсырмалар алынды. Үй тапсырмасын ӘТН дағдысы бойынша 
«QUIZIZZ» қосымшасы арқылы оқушыларға тест тапсырмалары беріледі. 
1.Зерттеу нысаны болатын зат не құбылысты ғылыми негізде сипаттап, 
дәлелдеуді қажет ететін стильдің түрін анықтаңыз. 
А)Ауызекі сӛйлеу стилі В)Ғылыми стиль
С)Публицистикалық стиль D)Ресми іс-қағаздар стилі 
2. Ғылыми стильдің жанрлық түрлерін анықтаңыз. 
А) Диссертация, монография В)проза, поэзия


С) роман, повесть D) эссе, ӛмірбаян 
3. Баяндауыштары ырықсыз етіс түрінде жиі қолданылып, ой хабарлы 
сӛйлеммен берілетін ерекшелікті кӛрсетіңіз. 
А) лексикалық ерекшелік В) морфологиялық ерекшелік 
С) синтаксистік ерекшелік D) фонетикалық ерекшелік 
4. Кӛпшілік алдында сӛйлейтін мазмұны терең, тілі кӛркем сӛзді табыңыз. 
А) баяндама В) мақала С) ӛлең D) шешендік сӛз 
5. Пікірталастың анықтамасын кӛрсетіңіз. 
А) белгілі бір мәселені арнайы жиналған топтың алдында талқылау түрі 
В)ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптың тӛңірегінде болатын сӛз 
жарысы 
С) ойды, идеяны ортаға салу қорғап сӛйлеу. 
D)ӛзекті мәселе тӛңірегіндегі түрлі кӛзқарастарды талқылап, сол мәселені 
шешу мүмкіндіктерін қарастыру 
Жаңа сабақты меңгертуде 1-тапсырма. (сыныппен) Мәтінді «Нақты ақпаратты 
табу» әдісімен оқып, Семей жеріндегі ядролық жарылыстардың халық 
денсаулығына тигізген әсері туралы әңгімелеңдер. 
А) Мәтіндегі негізгі ақпаратты «Түртіп алу» әдісімен хронологиялық кесте 
түрінде жазыңдар; Ә)Берілген ғылыми мәтінді публицистикалық мәтінге 
айналдырып жазыңдар. Екі мәтіннің мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, 
тілдік ерекшеліктерін салыстырып,кестеге түсіріңдер. 
Ғылыми мәтін 
Публицистикалық мәтін 
Мәтіннің мақсатты аудиторияға сәйкес қызметі 
Тілдік ерекшеліктері 
Б)Ядролық қарудың жойылуына үлес қосқан азаматтарды, қоғам 
қайраткерлерін атап, еңбектеріне тоқталыңдар. 
Дескриптор:
-негізгі ақпаратты хронологиялық кесте түрінде жазады. 
-ғылыми мәтінді публицистикалық мәтінге айналдырып жазады; 
-екі мәтіннің мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, тілдік ерекшеліктерін 
салыстырады. 
2-тапсырма. Оқушыларға драмадан үзінді кӛрсетіледі. Үзінді қай шығармадан 
алынған? А) Осы шығарманы тауып оқып, басты кейіпкердің қасіреті туралы 
шағын мәтін жазыңдар. 
Дескриптор: 
-үзіндіні анықтайды; -шағын мәтін жазады. 
3-тапсырма. (жұптық жұмыс) Тӛмендегі сыни пікірді «Кӛз жүгіртіп оқу» 
әдісімен оқып, жазылу стиліне назар аударыңдар.Сыни пікірдің мәтіні қандай 
үлгіде (суреттеу, әңгімелеу, пайымдау) жазылған? 


А) «Т кестесі» әдісі бойынша артықшылықтары мен кемшіліктерін атап 
кӛрсетіңдер. 
Артықшылығы 
Кемшілігі 
Ә)Сыни пікір жазуда қандай мәселелер басшылыққа алынуы тиіс? 
Б) «Айтушы-сыншы» жұбын құрып, «Табиғатты аялайық» тақырыбында әңгіме 
ӛрбітіңдер. Орын алмасыңдар. 
Дескриптор: 
-артықшылығы мен кемшілігін анықтайды; -әңгіме ӛрбітеді. 
4-тапсырма. (жеке жұмыс) Ескелді бидің сӛзіндегі метафораларды 
анықтаңдар.
Оқу үдерісіндегі сабақты жоспарлау қағидаты бойынша мұғалім ең алдымен 
оқу мақсатын нақтылап, оқу мақсатына бағытталған тапсырмаларды
жоспарлауы керек. Оқу мақсатына бағытталған тапсырмаларды оқушылардың 
ерекшеліктеріне сәйкес алып, әр сабақта саралау тапсырмаларын оқыту 
үдерісінің әр кезеңінде тиімді жүзеге асыру арқылы білім алушылардың 
функционалдық сауаттылығына қол жеткізе аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет