үстінде жүруі керек. Елбасымыздың «Ӛмір бойы білім алу әрбір
қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген сӛзі осыған дәлел. [1]
Білім
жүйесін
дамытуда
барлық
мұғалімдер
инновациялық
технологияларды пайдаланып, балаларға
білім беруде барынша жоғары
жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасайды. Барлық балалардың
сұраныстарын, жас ерекшеліктерін және қабілеттерін ескеру – бұл ойлауды,
талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін күрделі мәселе. Тәжірибеге
жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп,
мұғалім тарапынан анағұрлым үлкен дәрежеге қол жеткізу болып табылады.
Қазақ тілі пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламалары –
зерттеуге негізделген белсенді оқу және оқу қағидаттарын түсіндіретін белсенді
педагогикалық құрал болып табылады. Оқушылар үшін сабақтарда бақылау
жасап, бірлесіп дәлелдерді талқылау, оларды құрып және тиімді орта құруға
мүмкіндік болады. Ал мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу
барысында
біртіндеп жүзеге асырылатын рефлексия, сабақты жоспарлау, кеңес беру
арқылы қолдау таба алады.
Қоғамда ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты,
жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етілген.
Ақпараттандыру технологиясының даму кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі
білікті тұлға даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады.
Олардың бәрінде бірінші орында оқушы тұрады және оның ӛз бетімен білім
алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Ӛйткені жеке тұлға ӛз іс-әрекеті
арқылы ғана дами алады. [4]
Инновациялық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды
факторы, негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері
іске асырылуы тиіс. Ең бастысы – жеке тұлға,
жеке адамды қалыптастыру,
оларды тәрбиелеу және шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті
жағдайлар жасау. Осыған орай оқытудың әртүрлі
педагогикалық
технологиялары жасалып, жүзеге асырылуда.
Осы орайда алғашқы қадам ұстаз үшін маңызды шешімдер болып
табылады. Ал келесі қадам оқушыға оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды
түсіндіру және жеке ерекшеліктеріне сай ойластыруға, нақты тапсырма үшін
оңтайлы стратегияларды таңдауға кӛмектеседі. Балалардың қалай білім
алатындығын ескеруде мұғалім оқушының қаншалықты ӛздігінен білім
меңгергені, танып білгені және қандай деңгейде қалыптасқанын кӛре алады.
Оқыту үдерісінде
мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай қате ой-
түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы әдіс-
тәсілдерін пайдаланады. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені
орындай алатынын, олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы
кӛретінін және не істегісі келетіні түсінуге тырысады. Қарқынды дамып жатқан
білім ордасында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден тәуелсіз білім алу қабілетін
талап етеді.
Сондықтан жаңа кезеңдерден ӛтуіне қарай ӛз-ӛзіне сенімді оқушы ең
нәтижелі болады. Мысалы, бір сабақтың үстінде бірнеше түрлі тапсырма емес,
бір тапсырманы бірнеше түрлі етіп беретін кез келіп жеткен сияқты. Саралап
оқыту
оқушылардың жеке, тұлғалық ерекшеліктері, олардың білімі мен
тәжірибесі, қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктері ескерілетін оқу үдерісін
ұйымдастыру керек. Осы ретте жасырын және айқын саралау жүргізілу қажет.
Саралау неліктен ӛзекті мәселе? Біз оны сабақта қалай жүзеге асырамыз? [5]
Осы сұрақтардың тӛңірегінде жауап іздеп, қосымша кӛптеген ақпараттармен
таныстым. Алайда сұрақтың жауабын жаңартылған білім беру мазмұны
аясында алған білім (тӛрт дағды) бойынша және саралап оқытуға БЛУМ
таксономиясының да пайдасы зор екендігін түсіндім. Теориясын түсіндірмей,
бірден тәжірибеге енгізгенімді айта кетейін. Бір сабақтың үстінде бірнеше түрлі
тапсырма
бергенше, бір тапсырманы бірнеше түрлі етіп беру, яғни 1
тапсырманы оқушылардың ақпаратты қабылдау қабілетіне қарай емес
бейімдеуге қарай беру. Бұл саралаудың басты шарттарының бірі болады.
Қолдану бойынша сыныптарыңыздағы әлеуетін зерттеу қажет. Алғашқыда
оқушыларды ең қарапайым ақпаратты қабылдау қабілетіне қарай 3 топқа
бӛліуге болады: аудиал, визуал, кинестетик. Сонан кейін, кейінірек
оқушыларды қызыушылығына, жылдамдығына
қарай тапсырманы орындау
уақытында,
ынтасына,
гендерлік
психофизикасына
(аса
жауапты
саралаулардың бірі), қолдауды қажет ететіндігі/етпейтіндігіне қарай
топтастыруға, жұптастыруға болады. Және де ӛз бетінше жұмыс істей алу
қабілетіне қарай жеке жұмыстарды/ жобаларды дайындау ұсынылады [3]
Осы және бұдан да басқа ерекшеліктерді ескере отырып дайындалған
тапсырманы сұранысқа қарай бейімдеу керек екендігін айтпаса да түсінікті
шығар. Дегенмен де саралау процесінде барлық оқушыларға бірдей тапсырма
беріледі, бірақ мұғалім олардың алдыңғы білімі мен тәжірибесін ескере
отырып, оқушылардан деңгейіне сай нәтиже күтеді. Мысалы, 5-сыныптағы
«Ӛсімдік және музыка. Сӛздің тура және ауыспалы мағынасы» атты
тақырыбындағы сабағымда сыныпты 5 топқа бӛліп, оқушылардың ӛткен білімін
естеріне түсіре отырып, жаңа біліммен ұштастыру барысында «Білу» сатысы
бойынша
«Ой салу» әдісі арқылы сабағымды бастадым.
1. Балалар, бізді қандай орта қоршап тұр?
(Табиғат)
2. Табиғат неден тұрады?
(Ӛсімдік, құстар және жануарлар)
3. Ӛсімдікке нелер кіреді?
(Шӛптер, талдар)
4. Талдар бізге керек пе?
(Керек)
5. Не үшін керек?
(Отын, аспап, таза ауа, жиһаздар)
Сыныптағы барлық оқушыларға бірдей ӛмірмен байланыстыратындай
жауапқа бағыттап сұрақтар қоя отырып ойларын тыңдадым.
Оқушыларға
бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысынан не күтетіндігін
түсінгеніне қарай кӛз жеткізіп алдым. Содан кейін сабақты ӛрбіту үшін оқу
мақсатқа сай оқылым дағдысының тапсырмасын топтық жұмыс арқылы
орындаттым.
1-тапсырма. Мәтінге тақырып қойып, себебін түсіндіріңдер.
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар
құрастырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: