Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ


Шымкент қаласы әдістемелік орталықтың



Pdf көрінісі
бет95/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   222
Жинак республ docx

Шымкент қаласы әдістемелік орталықтың 
«Білім сапасын басқару және менеджмент бӛлімінің» әдіскері. 
 
Әрбір балаға білім мен келешегіне керемет бағыт берем деп мақсат қойған 
ұстаз ӛзінің сабағын нәтижеге бағытталған сабақ ретінде ӛтеді. Сол арқылы 
алдындағы шәкіртінің келешекте ӛзінің қабілеті жететін, қолынан келетін, елдің 
дамуына үлес қоса алатын майталман маман болуы үшін талмай білім 
алатынына сенімді болады. Жалпы алғанда, алдымен нәтижеге бағытталған 
сабақ жайлы қысқаша түсіндіріп кетейік.
Нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлығын 
қалыптастыру. Демек, әрбір шәкіртіміздің құзырлығын қалыптастыру үшін бір 
сабақ немесе бір бӛлімді оқытумен шектелмейді. Бұл бір пәнге ғана қатысты 
емес екен. Бір баланы жеке тұлға деп тану үшін үздіксіз білім беру үдерісінде 
тоқтауға болмайтыны айқын дәлел. Сол себептен де әрбір сабағымызды дұрыс 
ӛте пайдалы бағытта жоспарлауымыз да, сол жасалған жоспарда саралау 


тәсілдерін де ӛз деңгейінде қолдана білу шарт болып табылады. Жеке тұлғаның 
құзырлығын қалыптастыруға ықпал жасайтын ұстаз да сол ӛз құзырлығы 
дамыған, заман ағымы мен жаңа технологияларды меңгерген, ӛз ұстанымы мен 
шәкіртке не беретінін білетін, тіпті, саяси, әлеуметтік сауатты тұлға бола 
біледі.
Алдындағы шәкіртін ӛзі шыққан шыңға, тіпті биік деңгейдегі шыңға 
шығара алатындай, сол шыңға шығару жолында білімі мен әдіс - тәсілдері 
арқылы демей алатындай дәрежеде болады. Бұл жерде ұстаздың сабақ беретін 
пәні негізінде қанша білімді, білікті болса да ол аздық етеді. Тек қана 
білімділік пен біліктілік ғана емес психологиялық білімі мен ақпараттық
сауаттылығы, тарихи -танымдылық қабілеті де болуын заман ӛзі талап етуде. 
Жеке тұлғаның құзіреттілігін дамытуда ұстазымыз барлық деңгейге сай 
болады. Енді осы оқытушы сол ӛзі берер пәні бойынша сабағын жоспарлауы 
керек. Білім басқармасының ӛзі құрған күнтізбелік жоспарына сай әрбір сабақ 
бойынша жоспарлауға тура келеді. Жоспар құрғанда басты назарды неге 
бағыттауымыз керек?
Алдымен ӛтілетін сабақты типке бӛліп алу керек. Сабақ типі қалай дұрыс 
айқындалса, сабақтың дәстүрлі немесе дәстүрлі емес екендігі анықталады. 
Оқытылатын пәндер мен жоспарлардың әдіс-тәсілдері бойынша сабақ типтері 
мазмұнына қарай , оқыту процесінің ерекшелігіне қарай, оқушының танымдық 
қабілеттеріне қарай ӛздік жұмыс, дәріс әңгіме, тәжірибелік сабақтар болады.
Бұлар жаңа материалды меңгерту, оқылған білімді бекіту сабағы , білім мен 
іскерлік дағдыны тексеру сабағы, оқылған ӛтілген материалды қайталау 
сабағы типтері арқылы жүзеге асқан кезде сабақты жоспарлауға жеңіл болады.
Алғашқы сабақта негізгі бағытты ӛтілетін жаңа материалды түсіну немесе 
ұғыну, меңгертуге бағытталады. Сол жаңалық жайлы кӛбірек ақпараттар 
беріліп, сол ақпараттарды дәлелдеп кӛрсету ұсынылады. Келесі сабақты 
жоспарлауда басымдылық сол ӛтілген жаңа материалды басқа ұқсас 
дүниелермен салыстырып жалпы қажетті деген мәліметтер түгел дерлік 
айтылады. Одан кейінгі сабақта балаға таныс дүниені қайталап отырмастан
баланың ӛзінің түсінгені бойынша шешім шығаруына беріледі. Бұл
сабақтан кейінгі сабақта жалпы ӛтілген материалдар қайталанып сайыс,
тест, бақылау есебінде алынып, қорытындылауға болады. Осы ұстанымды
ұстана білгенде жаңа сабаққа жоспар мен бағыт дайын кӛрсетіліп тұрады. 
Барлық күнделікті сабақты жоспарлағанда барлығын дәстүрлі емес сабақ етіп 
ӛтуді қажет ете бермейді. Бастысы пән мұғалімі ӛзінің алдына қойған 
мақсатына жетіп, балаға пәні мен құзіреттілігіне сай білім мен дағды берсе 
үлкен нәтиже екені мәлім. 
Сабақ қалай жоспарланады? Әрбір балаға тапсырма бергенде, немесе 
сабақ жоспарын құрған кезде керекті сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатына 
қарай әдіс-тәсілдер таңдалады. Енді сол сабақта жоспарлау және саралау 
тәсілдерін сабақ барысында қалай қатар қолдануға болатыны жайлы талдап 
түсіндірейін. Сабақ жоспар бойынша іске асқаннан кейін жаңа кезеңде саралау 
тәсілдері қолданылуы қажет болып тұрады. Білім беруші бұл кезеңде бір 
сабақтың барысында 2-3 тапсырма берместен ,керісінше ,бір тапсырманы 
бірнеше амалдармен немесе тәсілдермен орындайтын кезеңді ұйымдастыру 


керек. Саралап оқытудың ӛзі оқушылардың тұлғалық қабілеті мен басқадан 
ерекшелігін қабілеті мен білім деңгейінің қай жерде екендігін байқауға
болар еді.
Саралаудың ӛзіне сай шарттары мен ерекшеліктері бар бір
тапсырманың ӛзін бірнеше түрлі етіп балаға ұсыну, бала бір тапсырманы
ақпараттты қабылдауы мен қабілетіне қарай емес баланың бейімділігіне
қарай беру керек. Бұл саралаудың ӛзіне тән ерекшелігі мен шарттарының
негізі болады. Аталған тәсілдерді барлық сыныпқа, барлық балаға бірдей
пайдалана салуға болмайды. Алдымен қолдану үшін оқушыларды түрлі
тәсілдермен түрлі деңгейде зерттеп алу керек. Мысалы, оқушыларды
сырттан келген ақпаратты қабылдауы бойынша 3 түрге бӛліп топтастыру
керек.
Олар: 
1. 
Аудиал
2. 
Визуал
3. 
Кинестетик
Сонымен бірге оқушылардың қызығушылығына қарай, жылдамдығына
қарай, берілген тапсырманы ӛз бетінше орындай алатынына қарай
топтастырғанда ғана берілетін тапсырманы әр алуан деңгейге сай беру де
оңайға соғады. Осыдан кейін барып тапсырманы баланың ерекшелігіне 
қарай түрлі етіп ұйымдастыруға болады. Саралау тапсырмаларын
құрастырып орындатар кезде кӛбіне топтық, жұптық жұмыстардың
тиімділігі байқалады. Баланың жұмысты ӛз бетінше жасай алатыны мен ӛз 
бетінше шешім шығара алатындығы да басты рӛл алатыны ақиқат. Бала бұл 
топтық, жұптық жұмыстар кезеңінде ӛзіміз білетіндей ұжымдық, бірлесіп
шешім шығаратын ұйымдастырыушылық пен бір-бірін демей білу, қолдай
білу қабілеті дамып қалыптасып отырады.
Мінекей, осындай ерекшеліктеріне сай дайындалған тапсырманы
сұраныс деңгейіне сай бейімдеп отырады. Саралау үдерісінде барлық
оқушыларға бірдей тапсырма беріліп, тапсырма беруші мұғалім жоғарыда
айтылған түрлі деңгейлері мен қабілеттеріне сай сан түрлі нәтиже
күтеді.тапсырма берер кезде топқа бӛлген жағдайда топтың , жұптық
болса сол жұптың, жеке оқушыға жекелеп тапсырма берерде оқушының
әлеуеттік қәбілеті ескеріліп отыруы керек. Сондықтан берілген уақыт та 
сол топ, жұп, жеке бала қабілетіне сай беріліп, күтілетін нәтиже де бала 
деңгейі мен қабілетіне сай күтіледі. Осы жерде топтастыру, жұптастыру,
жеке тапсырма берудің ерекшелігіне тоқталып ӛтсек .
1.Топтастыру үдерісі нәтижеге қол жеткізудің негізгі құралы болып
табылады. Оқушылар ортақ тапсырманы бірлесіп орындап, ӛздерінің
мүмкіндіктерін кӛрсете алады. Бір тапсырманы бір топ болып
орындағанымен топ ішінде әрқайсысының ӛз рӛлі, ӛзінің орындайтын
тапсырмасы болады. Яғни топтың барлық мүшелері ӛз мүмкіндігін кӛрсетіп
үлгереді, бір-бірімен байланыс жасайды, пікірталас жүргізеді, ӛз ойын
дәлелдеп шығуға ұмтылады. Бұл бір ғана сабақ үстіндегі нәтиже.
2. Жұптастыру үдерісі кезінде екі оқушы ӛз деңгейіне сай бір-біріне қолдау
кӛрсетіп бірінде жоқ қабілетті екіншісі кӛрсетіп, бірінің түсінбеген не 


білмегенін екіншісі түсіндіріп отырады. Бұл да баланың жаңа қабілетінің
ашылуы мен нәтижеге қол жеткізуіне зор мүмкіндік.
3. Жеке жұмыс кезінде бала тек ӛз күшіне сенеді. Ӛзін тек ӛзінің білімі
мен қабілеті алып шығатынын түсініп тұрады. Ешкімнен кӛмек күтпестен
ӛзі жеке бар мүмкіндіктерін пайдаланады. Күш жеке ӛзіне түседі.
Қайсыбір әдісті алсақ та бала білімін саралау тапсырмалары арқылы
нәтижеге қол жеткізе алатын білім беріліп , баланың құзіреттілігі
айқындалатыны мәлім.
Қорыта келгенде, нәтижеге бағытталған сабақ барысындағы
жоспарлау мен сралау тәсілдерінің тиімділігі мен артықшылығы
байқалады.
Жоспарлаудың тиімді тұстары: 
1. 
бұл жерде сабақты жоспарлау емес ӛтілетін тақырыпты жоспарлау
жайлы айтылады. Тақырыпты бастау немесе негізгі тақырыптың басталуы
жайлы түсіну 
2. 
Ӛтілетін тақырыптың мазмұнын қай сабақта меңгеретіндігі , қай
сабақта бекітіп, қай сабақта қорытындылай алатындығын біледі. Демек, әр
сабақта негізгі күшті қайда жұмсау керек екенін, ойды қайда
шоғырландыру керектігін бала біліп отырады.
Саралау тәсілінің тиімді де пайдалы тұстары
1. 
Оқушының қабілеті мен әлеуетіне қарай деңгейін байқай алады. 
2. 
Бала ӛз деңгейін біліп, ашылып жоғары деңгейге ұмтыла бастайды.
3. 
Жаңа қабілеттер мен бала бойындағы жаңа қасиеттер пайда болып ,
оны кӛрсете білгісі келіп ұмтылады.
Әрбір сабағымызды жоспарын нақтылап барып саралау тапсырмасын 
талғаммен жасай білу де нағыз шебер ұстаздың қолынан келетін ең тиімді
әдіс.
Ұстаз болу бала қабілетін ашу, ӛмір жолына сүрінбейтіндей жол 
кӛрсетер нұсқаушы болуды талап ететін мамандық иесі. Сондықтан да
әрбір мұғалім әр баланы жеке тұлға деп бағалап, оның дамуы мен келер
күнде ӛз қабілетіне сай мамандық таңдай алатын Жаңа Қазақстанымыздың
дамуына, келешегінің жарқын болуына үлес қоса алатындай азамат етіп
тәрбиелеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет