Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет91/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер:
4. 
Әлімов А.Х. «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана 
«НЗМ»ДББҰ, 2014 
5. 
Байтұрсынұлы А., Тіл тағылымы, А, «Жазушы», 1992. 
Байжұманова Қ. «Оқуға ынталандыру-мұғалім біліктілігінде»// Қазақстан 
мектебі,2008ж.№1 
6. 
Белинский В. Г // «Балалар кітапшалары туралы бірер сӛз» 12-
17б.1989. 
7. 
Бітібаева Қ.. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары, А., «Жазушы», 1990. 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘТІН ҚҦРАУ, ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ 
АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 
 Кҥдереева Бақыт Жақсылыққызы 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі 
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, 
Ғ.Мҧратбаев атындағы гимназия 
 
Мектептерде оқушылардың тілін дамыту айтылым және жазылым 
дағдылары арқылы іске асырылады. Адамдардың бір-бірімен қарым - қатынас
жасап, дұрыс сӛйлесіп, сӛз және сӛйлеу мәдениетін меңгеріп ӛз бойында 
қалыптастыратын негізгі құрал –тіл. Сӛз мәдениеті дегеніміз сӛздерді 
мағынасына сай дұрыс қолдану, сӛйлеу үстінде оларды бір-бірімен 
қиюластырып, үндестіріп дұрыс айту, емле мен тыныс белгі ережелерін сақтап
сауатты жазу, тілдің ғасырлар бойы сұрыпталып келген кӛркемдігі мен әсем 
ӛрнегін орнымен қолдану. 
Кӛркем әдебиетті түйсініп, оның мән-мағынасын жете ұғынуда 
мәтінмен жүргізілетін ауызша жұмыстармен қатар, жазба жұмыстарының да 
мәні үлкен. Оқушылардың ой белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту 
сияқты күрделі міндеттерді орындауда оларға жазбаша жұмыс орындату қажет-


ақ. «Шығармашылық дегеніміз –адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің 
ең жоғарғы формасы» делінген «Педагогикалық энциклопедияда.» 
Шығармашылық жұмыстар түріне мазмұндама, шығарма, баяндама
реферат, аннотация, әдеби монтаж жасау кірсе, қазіргі таңда жаңа формат 
эссе де жазбаша жұмыс түріне енді. Мұғалім алда шығармаға арқау болатын 
тақырыпты ӛту кезінде ауызша сұрау, сұраққа жауап беру, жазбаша шағын 
тапсырмалар орындау, мәтінді бӛлімдерге бӛлу, ат қою, жоспар жасау секілді 
жұмыс түрлерін атқару керек. Сонда оқушы кӛркем туындының мәнді 
тұстарына кӛңіл бӛліп, негізгі ойды жинақтап, ӛз пікірлерін айта, жаза білуге 
дағдыланады. Жазба жұмыстарын (шығарма, эссе) орындату – қазіргі кездегі
әдебиет сабағандағы ӛзекті мәселе. 
Білім бере отырып, жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер 
кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан ӛнімді нәтиже шығара 
білу –әрбір ұстаздың міндеті. 
Уақыт пен заман тынысына сай білім берудің жаңашыл технологияларына 
негізделуі еңселі ел болудың басты кепілі екені анық. Жас ұрпаққа, жас 
буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі ӛзгерістер жүріп жатыр.
Ұлттық болмыс пен құндылықтары уызына қаныққан тұлға тәрбиелеу, кемел 
білім беру – ұстаздар үшін күн тәртібінен түспейтін мәселе. Осы тұрғыда білім 
сапасын арттыру мұғалім шеберлігі мен бала танымының кеңеюі, дамуының 
басты 
белгілерін: 
дербестігін, 
проблемалық 
ситуацияны 
шешу 
– 
шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауын біріктірумен бірге, 
мақсатты да жүйелі жұмыс жүргізуді талап етеді. 
Сапалы білім беруге ұмтылған мұғалім ғылымға негізделген жүйелі 
бағдарлама бойынша теориялық - практикалық іс пен еңбекке баулуды қатар 
алып жүреді. Осы орайда шетелдік және қазақстандық ғалым-педагогтар 
технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабағында пайдалану ізденістері 
баланың шығармашылық қабілетін дамыту, ұштау мәселесінде зор рӛл 
атқармақ. Білімді ізгілендіруге арналған технологиялардың пайдасы зор. Соның 
ішінде, проблемалық оқытуға тоқталсақ, бұрынғыша білімді даяр күйінде 
бермей, оқушылардың алдына белгілі проблеманы, міндетті қойып, соны 
ӛздеріне шештіруге бағыттау. Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі – 
баланың білетіні мен білмейтінін айқындайды, проблемалы жағдай туғызады, 
осыған орай, баланың ізденушілік әрекеті, ынтасы күшейе түседі. 
Сын тұрғысынан ойлау арқылы да ӛз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан- 
жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады. Бала қабілетін сол тақырыпқа 
байланысты ояту, оны ой шақыруға, ойын тұжырымдауға, қасындағы 
балалармен пікірлесуге, топтасуға баулу. Оқушылардың жұмысы дербес 
ұйымдастырылған жағдайда ӛз даму деңгейіне сәйкес олардың ойлары 
шыңдалып, белгілі жетістіктерге жетері сӛзсіз. Педагогикалық технология 
осындай сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. 
В.П.Беспалько:«Педагогикалық технология - тәжірибеде іске асырылатын 
педагогикалық жүйенің жобасы» екендігіне тоқталған. Қазақстандық ғалым 
М.М.Жанпейісованың анықтамасы бойынша «Педагогикалық технологиялар – 
білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілетін пәндер мен әдістемелердің, 
оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ӛзара ортақ тұжырымдамамен 


байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі 
және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, аяғында 
оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».
«Ӛркениеттің мақсаты–адамды ойлауға үйрету» деп атақты ғалым 
Т.А.Эдисон айтқандай, мектептің де, оқытылатын пәндердің де басты мақсаты - 
оқушылардың 
танымдық-шығармашылық қабілеттерін 
дамыту 
болып 
табылады. Осы орайда әдебиет пәнінің мүмкіндігі зор. Кез келген пәнді 
оқытудағы мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушының ӛзара байланыстары 
белгілі бір әрекет түрлері арқылы іске асырылуы керек. Ол оқыту әдістері 
болып табылады. Ғалымдардың анықтамасына жүгінсек, «Оқыту әдістері – бұл 
біліммен, танымдық тәсілдермен және практикалық әрекеттермен қамтамасыз 
ететін оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастыру тәсілі» (М.Н.Скатин). 
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың тілін, жазу дағдысын 
дамытуға арналған жұмыс түрлеріне кӛбірек кӛңіл бӛлінеді. Бұдан күтілетін 
нәтиже оқушылар бойында коммуникативтік және әртүрлі деңгейдегі 
мәселелерді шешу құзіреттіліктері және бірте- бірте оқушылардың ӛздігінен 
білім алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Тіл дамыту балалардың
сӛздік қорын байытуға, мағынасын түсініп, сол сӛздерді дәл қолдана білуге, ӛз 
ойларын, пікірлерін екінші біреуге жеке сӛйлемдер арқылы, логикалық, 
композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы 
ауызша, жазбаша дұрыс білдіруге,яғни, «нәрсенің жайын- күйін, түрін, түсін, 
ісін сӛзбен келістіріп айтып беруге» үйрету жұмысын айтамыз. «Ауыздан 
шыққан сӛздің бәрі сӛйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушыға
ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сӛздер ғана сӛйлем болады», - деп 
ұлы ғалым А.Байтұрсынов бала тілін дамытуда сӛз үйретіп, сӛздік қорын
молайту мақсатында ӛте тиімді әдістер қолданған.
Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін,білімдер 
жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолын оқу 
үрдісінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның 
шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту – ойлау 
операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен 
оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық жағдаят, 
танымдық қызығушылығы, қажетсінуі және тағы басқа) ескере отырып 
жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің 
жаңа жүйесі. Сондықтан да бұл технология мектеп оқушыларының ойлау 
қабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі – оқушының білетіні мен 
білмейтінінің арасында қайшылықтардың пайда болуы және проблемаларды 
міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық жағдаяттың пайда 
болуы, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасының күшейе 
түсуімен сипатталады.
Сондықтан проблемалық оқыту проблемалық жағдаяттың пайда болуы, 
проблемалық міндетті қою және оның қиыншылық мәнін жете түсіну, болжау 
арқылы шешім тәсілдерін табу, болжамды дәлелдеу, проблема шешімінің 
дұрыстығын тексеру сияқты кезеңдерден тұрады. 


Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі 
формаларын қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, ӛз 
ойларын анық жеткізуге, ӛз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, 
ізденіске баулып, естіп, кӛріп білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретуді 
кӛздейді. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді 
жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау 
бағдарламасында қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс 
қылуға сұрақ беріп, жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалған.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді жақтары: 
1. 
Оқушылардың ӛздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады. 
2. 
Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды. 
3. 
Оқушылардың ӛзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады. 
4. 
Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастар орнайды.
«Ойталқы», «Ойға шабуыл», «Идеялар кӛзі», «Сыншылар» мен 
«Сарапшылардың» қатысуымен шешім қабылдаудың қалыпты түрлеріне 
қарама-қарсы, жаңа, дара идеяларды табуды кӛздейтін тәсілдер қолданылуы 
тиіс. Сол арқылы білім алушының ойлау және сӛйлесімді әрекетінің 
белсенделігін арттыратын және оның теориялық, шығармашылық ойлауын 
жетілдіруге бағытталған бұл оқыту технологиясы білім алушының сӛйлеу 
мәдениеті шеберлігін қалыптастыруға бастау болады.
«Дамыта оқыту» технологиясын қолданушы әрбір мұғалім сабақтың 
құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, ӛз іс-тәжірибесінде 
шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. Бағдарлау- мотивациялық кезең - оқу 
міндеттерін қою кезеңі. Дәстүрлі педагогикалық үй тапсырмасын тексеру 
барысының орнына алынған бұл кезең іштей екі құрылымға бӛлінеді. 
Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу. Оқушыларды жаңадан 
түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып бару үшін, ӛткен 
сабақтың материалымен тығыз байланыстыра отырып жаңа тақырыпты 
игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы ӛзектендіріледі. 
1. Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдын 
ала оқушылардың есіне түсіретін, толықтыратын, бірдей мәреге жеткізетін тетік 
сұрақтар мен тапсырмалар даярлайды.
2. Оқу міндеттерін айқындау. Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеліп 
құралған сұрақтар легі арқылы мұғалім оқушылардың ӛздеріне ОМ анықтуға 
басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай бет 
бұруына жағдай жасайды да, жаңа тақырыпты танып- білу мотивациясын 
қалайды.
Осы екі құрылым арқылы 1- кезеңде 7-8 тапсырма орындалады. Соның ең 
соңғысында оқушыға сұрақ қойылады немесе тәжірибе кӛрсетіледі. Оқушы 
неге таңғалады? Ӛйткені оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес. 
Шындығында, бұл сұрақ басында туындайды. Ал мұғалім ӛткен және әлі ӛтіліп 
бітпеген оқу материалын шебер байланыстырып, сұрақ қою арқылы оқушылар 
үшін проблемалық жағдаят туғызады. Проблемалық жағдаяттар туғызу 
сабақтың ең күрделі де маңызды бӛлшегі болып табылатындықтан, бұл сәттің 
айқын ӛтілуіне үлкен мән бере қарау керек. Ӛйткені басты тетік осы 


проблемалық жағдай туғызуда жатыр. Жаңа тақырыптың сәтті меңгерілуі осы 
түйінделген проблемалық жағдаяттың қалай және қандай мазмұнда 
жасалғандығына тікелей байланысты. Мәселен, оқушылардың білетін біліміне 
сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен тапсырмалар арқылы біртіндеп тереңдей 
берген проблемалық жағдаят туғызу сәтін мұғалім тұтас бір кӛрініс ретінде 
оқушыларға сездіруі керек. 
Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады: ойға шабуыл, 
ұйымдастыру, қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы. 
Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің ұлттық үрдісі қалыптасуда. Бұл 
кезеңнің негізгі ерекшелігі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық 
технолгияларға ауысу. Бұл үдеріс жаңа білім парадигмасының
қалыптасуына әкеледі. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың 
білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын 
қояды.
Технологияларды пайдалану нәтижесінде оқушының ӛздігінен оқып, 
түйінді мәселелерді іріктеп алғанына, ӛзіне деген сенімділіктерінің 
қалыптасқандығына, оқуға деген қызығушылығының артқандығына, іскерлік 
дағдысының қалыптасқандығына, мақсатқа ӛз бетімен ұмтылғандығына кӛз 
жеткіздім. Ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы, 
шығармашылықпен айналысуға талпынысы, ӛзіндік ой-пікір айтуы, сұрақ 
қойып, сұрақтарға жауап бере алуы, мәселенің ең маңызды түйінін шешуге 
машықтануы, ақпаратты саралауға, жүйелеуге дағдылануы оқушы бойында 
қалыптасқандығын байқадым. Ӛзіндік ойын зерделеп , қорытынды жасап,
жазба жұмысында талдау жасауды үйренді.
Білім жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар саны ӛте кӛп. Соның 
ішінен «баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына 
айналдырмайтын, оны ойлауға үйрететін» технологияны таңдап алу мектеп пен 
мұғалімнің құзыретінде, кәсіби шеберлігінде. 
Қазіргі таңда педагогикадағы сындарлы кӛзқарас пен ұстаным әрбір 
ұжымның заманауи білім беру моделін табысты құрылымдауына септігін 
тигізуде. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ӛздігінен оқытуда сын 
тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамытумен қатар тұлға қалыптастыруда 
маңызы зор екендігі тәжірибе негізінде дәлелденуде. Сын тұрғысынан ойлау 
технологиясы – ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту 
технологиясы. Осындай технологияларды сабақта пайдаланудың ӛздігінен 
реттелетін оқудың маңызын арттыратындығына кӛз жеткіздім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет