Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет99/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   222
Жинак республ docx

Ата-аналар ҥшін: 
 
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға; 
 
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға; 
 
Оқуына қолдау кӛрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады. 
Сӛзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау - бүгінгі білім 
жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат 
қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. 


Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс 
жүйеленетіні белгілі.
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
А.Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы», Алматы, 
2013ж.
www.cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.
http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері 
К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның ӛздік дамуында»- 
А:«Принт АСС»
У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированное образование в 
современной школе» - Алматы; 2009 г. 
А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева ХХІ ғасыр 
педагогикасы мектеп табалдырығында». Ақпараттық әдістемелік дайджест. 
Алматы, 2009 ж.
Кӛкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын
басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.
ОҚУ МАҚСАТЫНА ЖЕТУДЕ СЫНИ ТҦРҒЫДАН ОЙЛАУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Ботанова Мҧңдық Шайахмединқызы 
№11 Ә.Навои атындағы ЖОББМ директордың орынбасары,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
 
Орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл -
үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы. 
Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы тұлғасын дамыту, бастауыш 
сынып оқушыларының оқу білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, 
дағдысын жоғары деңгейге жеткізу мақсаттары қойылып отыр. 
Озық 
ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің 
іскерлігін,мүмкіндігін ескеріп, бағыт-бағдар беру, ой-ӛрісін дамытатындай 
логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті. Біздің міндетіміз - дүниежүзіндегі 
жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін 
ұсыну. Ӛйткені бүгінгі таңда барлық салада даму ӛте жедел жүзеге 
асуда.Әрине, дамудың негізі - білімде. 
Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны 
соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жӛн. 
Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни кӛзқарасын 
қалыптастырып, оларды ашық, еркін сӛйлеуге баулу - әр ұстаздың міндеті. 
Кәсіби қызмет барысында біліктілік арттыру курстарынан алған 
дәрістеріміз бен тренингтерден алған білімімізді ӛз тәжірибемізде қолдануға 
тырыстық. Сабақ процесінде ең басты тұлға «ОҚУШЫ» екенін түсіндік. 
Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып қалған мұғалімге ӛзінің 
кӛзқарасын, философиясын ӛзгерту оңай емес.


Осы жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс істегенімізге біраз жыл 
болып қалды. Жаңа бағдарлама аясында оқушының тұлға болып қалыптасуына 
тиімді стратеияларды қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сӛйлеуін, 
тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, ӛзінің де басқаның да жауабын сын 
тұрғысынан баға бере отырып, құрмет кӛрсетуге бағыт береміз. Осы орайда біз 
СТО стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында кӛптеген 
жетістіктерге жеттік. 
Бұл әдістемелік нұсқаулықты жазудағы алға қойған мақсатымыз, оқу мен 
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып 
баланың танымдық белсенділігін арттыру, ӛз бетінше білім алуға, 
шығармашылығын 
қалыптастыруға 
мүмкіншілік 
беру 
аясында 
әріптестерімізбен тәжірибеден түйгенімізді ұсыну.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың 
шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Демек,болашақтан бүгінгіден 
де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде 
ғана. Қай елдің болмасын ӛсіп ӛркендеуі ӛркениетті дүниеде ӛзіндік орын алуы 
оның ұлттық білім жүйесі деңгейінің даму бағытына байланысты.
Осы әдістемелік нұсқаулықта жаңартылған бағдарлама бойынша атқарып 
жатқан тәжірибемізді ортаға саламыз. 

 
Саралап оқыту - орта мектепте оқыту тәсілі. Орта мектептегі оқу жоспары мен 
бағдарламасын оқушылардың бейімі мен қабілетіне, білім деңгейіне қарай 
жіктеу. Саралап оқыту оқушылардың білімін жан-жақты дамытуды, оларды 
қызықтыратын ғылым мен техника саласынан білімін жетілдіруді, сондай-ақ 
мамандыққа бейімдеуді кӛздейді. Мұндай оқыту арнаулы мектепте, сыныпта, 
сынып ішіндегі топта жүзеге асырылады. Саралап оқыту білім деңгейі әр түрлі 
оқушыларды топтарға жіктеп, әр топты ӛз деңгейіне сай оқытып, білімін одан 
әрі жетілдіру үшін қолданылады. 
Саралап оқыту дегеніміз не? 
Дифференциация сӛзі латын тілінен (difference) шыққан және «айырмашылық», 
«бӛлу» деген мағынаны білдіреді. Осы тұрғыдан «дифференциация» - бұл 
оқулары әр түрлі жүзеге асатын жекеленген оқушылар тобын бӛліп алу. 
Шындығына келгенде дифференциация түсінігі анағұрлым терең, әрі кең. 
Саралау («Дифференциация» латынша айырмашылық) - білім беру мазмұнын 
табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы 
білім беру ортасын құру. 
Оқытудағы дифференциацияның негізгі мәні оқушылардың оқуындағы жеке 
айырмашылықтарды біле отырып және ескерту арқылы олардың әрқайсысы 
үшін анағұрлым оңтайлы болатын жұмыс түрін анықтау. 
Оқу үрдісінде оқушыларды дифференциациялау сипаты шартты болып 
табылады. Ол әрбір оқушыға жекелей тәсілмен қарауға мүмкіндік 
беретін икемді және ӛзгермелі болуы тиіс. 


Дифференциация балаларды қабілеттері немесе басқа қасиеттері бойынша 
іріктеуге бағытталмаған. Оның негізгі міндеті оқушылардың қабілеттерін және 
бейімділігін дамытуға, білім мазмұнынын табысты игеру мақсатында білім 
беру үдерісінде барынша қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. 
Оқытуды саралау дегеніміз -оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне 
сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру 
және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-
педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені. 
Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ 
қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін 
ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң 
ықпал етудің тиімді жолы. 
Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі 
оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғаліммен әрбір 
оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей 
отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет