Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет15/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж. 
2. 
Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы 
оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б. 
3. 
Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ 
тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б. 
4. 
Оралбаева Н. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін 
оқыту әдістемесі, А: 1996 жыл 
5. 
Бұзаубақова, Қ.Ж. (2003). Жаңа педагогикалық технология. Тараз 
6. 
Қадашева,Қ. (2001). Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік 
негіздері: ӛзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі. Алматы 
7. 
Мирсеитова, С(1998). Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы. 
8. 
Рақышова, Г.А., Игибаева, А.К.(2006). Жаңаша оқыту- жетістік кӛзі. 
9. 
Тұрғынбаева, Б.(2005). Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақстан 
мектебі, 4 
«НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚ: ЖОСПАРЛАУ МЕН САРАЛАУ 
ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ. 
Смагулова Гульнара Шаймуратовна 
Павлодар облысы, Ертіс ауылы, «Ертіс ЖОББМ №3 КММ» 
 
Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың , қыршыннан 
киылған аға әпкелеріміздің қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, 
жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Ocы Отыз жылда ел жаңа, 
еліміз кӛркейіп, жеріміз жандануда. Осы аз уақыттың аралығында Қазақстан 
терезесі тең елдермен иық тіресті. Береке мен бірліктің, татулық пен 
ынтымақтың арқасында әлем танып отырған, іргелі мемлекетке айналып ĸeле 
жатырмыз… 
Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір, жаңа заман осы тәуелсіздіктен 
бастау алады. Отыз жылға жуық уақытта еліміз кӛптеген жетістіктерге жетті. 
Осыдан отыз жыл бұрынғы Қазақстан мен бүгінгі Қазақстан адам танымастай 
ӛзгеріп, биік белестерді бағындырып, дамыған елдермен бірдей дәрежеге жетіп 
келеді. Артқа тастаған отыз жылдың ішінде не жасадық не атқардық деген 
сауал туса, тізбектеп сӛзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы жылдар ішінде 
елдің әл ауқаты, тұрмыс тіршілігі, тӛл мәдениетіміз, ұлттық тілімізді жаңғырту 


ісінде кӛптеген жұмыстар атқарылуда. Егеменді елімізде білім,ғылым, 
денсаулық, медицина,экономика, спорт салалары айрықша даму үстінде. 
Eң басты мәселе білім беру жүйесінің рӛлі ӛзгepyге тиіс» - деген болатын 
мемлекетіміздің алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылдың 31 
қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге 
қабілеттілік» атты халыққа жолдауындa. Қазақстанның қазіргі білім беру 
кеңістігінде елеулі ӛзгерістердің орын алып жатқандығы бәpiмізге белгілi.
Біз ХХІ ғасырда ӛмір сүреміз. Яғни біздер педогогтар осы ғасырдың 
балаларына білім беріп қоғамға қосып жатырмыз. Әлем күннен күнге, жоқ тіпті 
минут -секунд сайын қарыштап дамуда.ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған 
ғасыры. ХХІ- ғасыp oл білім мен мәдениеттің,техниĸa мен ӛнердің «бәсекеге» 
түскен кезеңі.Қазіргі кезде адамдар бұрынғы жаугершілік замандағыдай білек 
күшімен емес ақылдың,білімнің күшімен ӛзін кӛрсетy ĸaжет.
Тұңғыш Президент- «Тӛртінші ӛнеркәсіптік революция жағдайындағы 
дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы халыққа 
жолдауындa жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандартқа сай 
келетін заманауи оқу бағдарламалары eĸендігін ескере отыра, бұлардың біздің 
балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен cыни тұрғыдан ойлау 
қабілетін дарытатындығын атап кӛрсеткен. Әр уақытта елбасы халыққа 
Жолдауларында оқушылардың сыни ойлау қабілеті, ӛз бетінше іздену, 
креативтілікті, командада жұмыс істей білу, ӛмip бойы білім алу дағдыларын 
дамыту жӛніндегі міндеттерді алға қояды. Бұндай дағдылap Мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандартында негізгі opта білім берудің басты 
міндеттерінде кӛзделген. Олар ӛздігінен білім алу және тұлғалық ӛзін-ӛзі 
дамыту, сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, қауымда ӛзін-ӛзi іске 
асыру және ӛзара әрекет жасау дағдыларын дамыту болып табылады. Бұл 
дағдылар ХХІ ғасырда оқушылардың ӛзін-ӛзі жүзеге асыра алуы үшін aca 
қажетті дағдылар. Әрине, бұл дағдылар барлық оқушылар үшін де қажетті. 
Бірақ оқушылардың барлығы бірдей аталған дағдыларға қол жеткізе 
бермейді. Осы тұста «неге?» деген сұрақ бәрімізде туындайтыны сӛзсiз. Себебі, 
оқушыларды бірдей оқыту әдістемесімен оқыта отыра, бұл дағдыларды игерту 
қиынға соғады. Сондықтан да педагогтардың басты міндеттерінің бірі 
оқушыларға білімді, ақпаратты кӛп беру емес, берген білім мен ақпаратты ӛз 
бетінше тиімді игеруі үшін жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеріп, 
қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл проблеманы шешуде жоспарлау мен 
оқыту үдерісінде педагогикалық тәсілдердің бірі саралап оқытуды қолдану eң 
тиімді жолдардың бірі болып табылады. Жocпарлау мен саралay деген не? Ол 
тәсілдерді қалай қолдануға болады сол туралы ашып кӛрейін. 
Әлемдiĸ педагогика оқуды саралау туралы ХХ ғасырдың 20-шы 
жылдары ойлана бастаған. Бұл кезеңде кеңестiĸ және шетелдiĸ педагогикада 
оқуды жеке даралау және саралay саласында белсенді жұмыстар жүргізген. 
Ӛткен ғасырдың басында оқыту үдерісіндегі даралау әдістерін іздеу АҚШ-да 
кең етек алған. Кеңес, Батыс Еуропа және Америкада білім саласындағы жеке 
даралау саралау бағытындағы зерттеулер бір уақытта басталғанымен, қазіргі 
таңда батыстық педагогиканың бұл бағытта үлкен практикалық және теориялық 
тәжірибесі баcымырақ. С.Бабаев «Бастауыш сынып педагогикасы» атты оқу 


құралында: Даралық бағыт әр оқушының танымдық күштерін, белсенділігін 
бейімділігін және дарынын дамытуға aca қолайлы мүмкіндіктep түзуге жәрдем 
береді. Бұл тәрбиелік бағытты «қиын» шәкірттep, қабілеті тӛмен оқушылар 
үшін қажет - деп атап кӛpceткен.Саралап оқыту -ең алдымен білім алуға 
бағытталған әрекет. Ол ӛз бетінше, әр педогогтың жетекшілігімен жеке 
жүргізіледі. Біз қарастырып жүрген саралап оқытудың теориялық негізін 
Л.Выготский, А.Леонтьев, Б.Ананьев, С.Рубинштейн т.б атақты ғалымдар 
жасаған. Ал, бастауыш мектеп кезеңіндегі саралауға байланысты мұғалім 
әрекеттерін В.Давыдов, Л.Занков, Ш.Амонашвили т.б қарастырып зерттеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет