Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет17/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланған әдебиеттер: 


1. 
Оралбаева Н. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін 
оқыту әдістемесі, А: 1996 жыл 
2. 
Бұзаубақова, Қ.Ж. (2003). Жаңа педагогикалық технология. Тараз 
3. 
Қадашева,Қ. (2001). Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік 
негіздері: ӛзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі. Алматы 
4. 
Мирсеитова, С(1998). Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы. 
5. 
Рақышова, Г.А., Игибаева, А.К.(2006). Жаңаша оқыту- жетістік кӛзі. 
6. 
Тұрғынбаева, Б.(2005). Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақстан
мектебі, 4. 

 
ОҚЫТУДА САРАЛАУ ТӘСІЛІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Жангабулова Анар Асилхановна 
«Ӛрлеу» БАҦО АҚ Тҥркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша
кәсіби даму институт филиалы 
«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға 
оқытушысы 
 
Білім беруде саралауды ХХ ғасырдан бастап қолданғаны анық және ол 
әрбір дәуір талаптарына сәйкес оқыту мәселесіне қатысты дамып келеді. Бұл 
мәселені оқытуды ұйымдастыруға қатысты жалпы тәсіл іздеу, білім беруді 
ұйымдастыруда элитарлы амал контексінде саралап оқыту және білім беруде 
жалпы оқытуды жүзеге асыратын жаңа амалдарды анықтау деп үш кезеңге 
бӛлуге болады. 
Педагог ғалымдар білім беру ұйымдарында саралап оқытуды жүзеге 
асырудың бастамасы ретінде 1922 жылы енгізілген Дальтон-план бойынша 
жұмысты кӛрсетеді.
Себебі Дальтон-планның кӛмегімен оқыту процесіне 
оқушылардың мүмкіндіктерін ескеретін бағдарламалар енгізілді және құрылды. 
Оқу бағдарламаларын күрделілік деңгейіне бӛлу, нақты пән бойынша біліміне 
нұсқау, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін қамтамасыз ету және олардың 
Дальтон-план бойынша жұмысы саралап оқыту принципіне жауап берді. 
Сонымен қоса, ол білім алушыларды деңгейлік дайындаудың қазіргі 
талаптарына сәйкес. Кеңестік мектептерде саралап оқытудың алғашқы түрі 
қабілетті дәрежесі бойынша саралау болып табылды. Кеңестік мектепте саралап
оқытудың тиімді формасы ретінде арнайы мектеп және сынып 
шегінде пәндерді тереңдетіп оқыту болып табылды. Оны сол кезде енгізілген 
факультативтік сабақтар мен пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар мен 
мектептерге бӛлу болды. Осы екі түрінің де мақсаты: білімді тереңдету, 
оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын, кәсіптік хабарын жан-жақты 
дамыту. 
Саралап оқытудың барлық түрлерін ұйымдастырудағы жетістіктер, 
олардың барлығы негізінен оқушылардың типологиялық ерекшеліктеріне ғана 
бағытталған еді, ал оқушылардың жеке ерекшеліктерін толығымен ескермеді. 
ХХ ғасырдың соңында саралап оқытуға қатысты жаңа пікірлер туды, яғни 
мектептерде саралау мәселесінің дамуындағы жаңа кезеңге аяқ басты. Осыған 
орай, саралап оқытудың мақсаты психолого-педагогикалық, әлеуметтік, 


дидактикалық бағытта қарастырылды. Біз үшін дифференциалды оқыту 
мақсатының бірінші және үшінші бағыты қажет. Психология-педагогикалық 
кӛзқараспен саралап оқытудың мақсаты былай анықталды: «әрбір оқушының 
қабілетін және қызығушылығын дамыту, келешегін анықтау үшін қолайлы 
жағдай жасауға негізделген оқытудың жекешеленуі».
Қазақстандық педагог ғалымдар Ж.Қараев, М.Жанпейісова саралап оқытудың 
болашағын оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, деңгейлік тапсырмалар 
жүйесін құруды ұсынды.
Ғалымдар В.М. Монахов, В.А. Орлов, В.В. Фирсов саралап оқытудың 
келесі түрлерін ұсынды: 
1. Ішкі (деңгейлік) саралау –пән бойынша міндетті базалық деңгей бойынша 
білімді қабылдауда әр түрлі деңгейге бӛлу негізінде оқушылардың жеке 
ерекшеліктерін ескеру, ұйымдастыруда оқытудың әдісі, формасы және тәсілінің 
жиынтығы. 
2. Сыртқы саралау – пән мазмұны бойынша талаптарды, оқушының 
қызығушылығы, қабілеті, нәтижеге жетуі, бейімделгіштігін ескеру. 
Білім саласындағы соңғы ӛзгерістер жаңартылған мазмұндағы білім 
бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарында саралап оқыту 
тәсілдері бойынша жаңа түсініктер мен дағдыларды қалыптастырдық.
Құрастырған қысқа мерзімді сабақ жоспарларымызда сыныптағы білім 
алушылардың тек жас ерекшеліктеріне байланысты білімді тең дәрежеде 
қабылдай алмайтындығын, олардың жеке ерекшеліктеріне кӛбірек назар аудару 
керектігін түсіндік. Сыныптағы білім алушылардың кейбірі ӛз жасына сай 
түсіну, талдау, саралау тағы басқа да ойлау деңгейі болмайды, жинақтап, 
қорытындылай бермейді, осыдан кейін сабақ мақсаттарына жете алмай қала 
береді. Бұндай оқушылардың оқуға қызығушылықтары жоғалады, оқуға 
ықыласы болмайды. Жақсы оқитын оқушылармен де жұмыс істеу қиынға 
соғады, себебі мұғалім сабақты жоспарлағанда орташа оқитын білім алушының 
қабілеті тарапынан тапсырмалар дайындайды. Жақсы оқитын оқушылар жеңіл 
тапсырмаларға үйренеді де, қиын тапсырмаларды орындауда қорқыныш, 
сенімсіздікке әкеледі. Сондықтан барлық білім алушылардың оқуға 
қабілеттілігінің дамуы мен дайындық деңгейі бірдей болмаған жағдайда 
саралап оқыту қолданылады. 
Сонымен оқытуды саралау дегеніміз: 
1. Білім берудің мазмұнын, түрін, әдісін, темпін, кӛлемін таңдау арқылы әр 
білім алушыға білім меңгеруіне қолайлы жағдай жасалатын оқу іс-әрекетін 
ұйымдастыру. 
2. Әр түрлі білім алу қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арнап оқыту жүйесін 
бағдарлау.
Бірінші ереже ішкі саралауға негізделген. Ішкі саралау - әдеттегі сынып 
кӛлемінде әр оқушының даралық ерекшелігін ескере отырып сабақ 
барысындағы жұмыстың ұтымды түрін анықтау. 
Ауылдық мектептерде ішкі саралау бір сыныпқа жиналған білім 
алушылардың үлкен тобын әр түрлі оқыту. Бұл білім алушылардың дара және 
топтық ерекшелігін толық ескеруге мүмкіндігіне негізделген. Ол оқу материалы 
бойынша 
ресурстарды 
таңдау, 
оқушылардың 
оқыту 
темпін, 
оқу 


тапсырмаларының саралануын, әр түрлі іс-әрекетті таңдау, мұғалім тарапынан 
кӛмектің мазмұны мен дәрежесін мӛлшерлеуді болжайды. Бұл әр түрлі 
деңгеймен әр түрлі әдістер арқылы оқыту жұмысын жүзеге асыру мақсатымен 
сыныптағы білім алушыларды әр түрлі топтарға бӛлуге мүмкіндік туғызады. 
Әдетте бұл топтар мобильді, икемді, жылжымалы, ұйымшыл, гендерлік, аралас
болады. Қазіргі кездегі ішкі саралаудың ерекшелігі ол тек оқуда қиындық 
сезген білім алушыларға ғана емес, сонымен бірге дарынды балаларға 
бағытталған. Ішкі саралау білім алушылардың даралық ерекшелігін ескере 
отырып мазмұннан тыс, яғни бағдарламадан тыс дамытуға бағытталған 
дәстүрлі түрде немесе оқыту нәтижелерін жоспарлау негізіндегі деңгейлік 
тапсырмалар арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге ішкі саралау білім 
алушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып индивидуальдік 
жолмен оқыту түрлері мен әдістерін қолдану болып табылады.
Білім алушыларды бірдей бағдарламамен оқыта отырып, білім 
алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес сабақта әр түрлі сараланған мақсатты 
қоюға болады, бірақ міндетті деңгейден тӛмен емес оқытуды ұйымдастыруды
ойластырады. 
Қазіргі кезде саралап оқытудың „топтық саралау―тәсілін жиі қолданамыз.
Қандай топтар құруға болады? Топтың құрылымына қарай „жоғары оқу 
қабілеті бар― оқушылар тобы. Бұл топтың оқушылары оқу міндеттерін ӛз 
бетімен шешуге және белгісіз жағдайда қажетті білімді қолдануды талап ететін 
қиын материалдармен жұмыс жасайды. Бұндай қабілетті оқушыларға жоғары 
талаптар қою, яғни күрделенген тапсырмалар арқылы дамуына жағдай 
жасалады. Екінші топ – „орташа қабілеттері― бар оқушылар. Бұл топтағы 
оқушылар бірінші топтың тапсырмасын, мұғалімнің және маршруттық карта 
немесе тірек схемасының кӛмегімен орындайды. Үшінші топ – „оқу қабілеттері 
тӛмен― оқушылар. Бұл топтағы оқушылар оқу тапсырмаларына шек қоюды, 
сабақта қосымша түсіндірулерді және жаттықтыратын жұмыстарды қажет 
етеді. 
Саралап оқытуда мұғалімнің кӛмегін қажет ететін оқушылармен сабақтан 
соң, қосымша дайындалуды қажет етпейді. Саралап оқыту процесінде
оқушылардың бір топтан, екінші топқа кӛшуі мүмкін. Ол оқушының даму 
деңгейінің ӛзгеруінен, сабақта білім алуда қызығушылығының тууына 
талаптануда, 
оқу 
бағыттылығының 
жоғарлауы 
және 
кемшіліктерді 
толықтыруында болады. 
Мектепте саралап оқыту тәжірибемде жоғары сыныптағы оқушылардың 
кӛбі кейбір әрекеттерге тұрақты қызығушылық танытады оны сабақ 
мақсаттарына сай келетін тапсырмалар құрған кезде ескеремін.
Дәстүрлі сабақтардағыдай нашар оқитын оқушыларым үшін шамадан тыс 
қиындық тудырмай, диалогтік қолдау арқылы бағыттап отырамын. Оқытуда 
саралап оқыту тәсілін қолданудың негізгі шарты оқушының танымдық деңгейі 
мен мұғалім беретін кӛмектің сипаты кӛрінетін сараланған тапсырмалар болып 
табылады. Саралап оқыту қазіргі таңда оқыту процесін тиімді етуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет