Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет137/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   146
вирус

Шешек 
вирусын 
бөліп 
алуға 
және 
идентификациялауға қажетті материал ретінде теріде пайда болған 
бөртпелері, өкпенің зақымданған ошақтары мен қан сарысулары алынады. 
Микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін жаңадан пайда болған 
папулаларды алғаннан кейін кесіндінің ішкі жағынан зат шыныларына 
жағынды жасап, бекітіп, Морозов әдісімен бояйды (карболды Циль фуксині
азотқышқылды күміс). Боялған жағындыны микроскоппен қарау нәтижесінде 
ұсақ, кокктардың таза өсінділері тәрізді – элементарлы денешіктерді көруге 
болады. 
Гистологиялық 
препараттарды 
жарақаттанған 
теріден 
алынған 
үлгілерден дайындап, гематоксилин-эозинмен бояғаннан кейін, жарық 
микроскоппен қарау арқылы Боррель денешіктерін анықтайды.
Вирустарды өсіру.
Вирустарды бөліп алу үшін қозылар мен лақтардан 
алынған тестикулярлы жасушалары мен лақтардың бүйрегінен алынған жасуша 
өсінділері пайдаланылады. 
Қозылар мен лақтардың бүйрегі мен тестикулаларынан алынған алғашқы 
және қайтара себінді жасалған жасуша өсінділеріне жұқтырылған шешек 
вирусы 48-96 сағаттан кейін жасушалардың 50%-ын цитопатогендік 
өзгерістерге ұшыратып, көп мөлшерде жиналады.
Биосынама. Әдетте биосынаманы аурудың абортивті түрінде және ауру 
ағымы белгісіз жағдайларда иммунделмеген жас қойлардың жүні жоқ 
жерлерінің терісінің ішіне зерттеуге алған суспензияны 0,1-0,15 мл мөлшерінде 
егіп, 10 күн бойы бақылайды. Оң нәтиже болған жағдайда инъекция жасалған 
орындарында шешекке тән белгілер (розеола, папула, везикула, пустула, 
некроз) пайда болады. Олардың телімділігі шешекке тән ошақтардың 
кесінділерінен дайындалған жағындыларды вирусосокопиялау арқылы 
элементтарлық денешіктерді көру арқылы айқындалады.
Вирустардың индикациясы мен серологиялық идентификациясында 
комплементті байланыстыру, иммунофлюоресценция, вирустарды бейтараптау, 
диффузиялық преципитация реакциялары және иммунды ферменттік талдау 
тәсілдері қолданылады.   
ШОШҚАЛАРДЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ (Pestis africana suum) – жиі 
жағдайда жіті ағымда өтетін, қызбамен, септицемиямен, токсикозбен, тері 
цианозымен, 
геморрагиялық 
диатезбен, 
лимфоиты 
ұлпаларының 
некробиозымен сипатталатын және шошқалардың өлімімен аяқталатын аса 
жұғымтал вирустық ауру. 
Ауру қоздырғышы ДНҚ-лы бар вирустар тобына, Iridoviridae 
тұқымдастығына жатады. Шошқалардың африкалық обасы вирусының 
құрамында топқа тән комплементті байланыстыратын, преципитиндейтін және 
түрге тән гемадсорбцияны тудыратын антигендері бар. Бұл вирусты 1921 жылы 


алғаш рет Монтгомери анықтаған.Вирус пішіні икосаэдрге ұқсас, көлемі 175-
215 нм болады.
Шошқалардың африкалық оба вирусы кептіруге, мұздатуға және қоршаған 
ортаның түрлі әсерлеріне төзімді келеді. Вирус нәжісте, топырақта және етте 5-
6 ай, өлекседе 2,5 ай, +37ºС-де 15-30 күн, +5ºС-де 5-7 жыл бойы сақталады. 
+56ºС-де қыздырғанда 1 сағатқа дейін шыдайды. Вирус қышқылды және сілтілі 
орталарға төзімді келеді. Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттардың 
әсерінен вирустар 4 сағаттан кейін инактивацияланады.
Шошқалардың африкалық обасын балау эпизоотологиялық деректерге, 
клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, вирустарды бөліп 
алуға, шошқалардың классикалық обасына қарсы иммунделген және 
иммунделмеген 
жануарларға 
жұқтыру 
арқылы 
және 
серологиялық 
реакциялармен (ИФР, ДПР, КБР, ИФТ, гемадсорбция реакциясы) анықтауға 
негізделген. 
Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 22 күнге дейін 
созылады. Клиникалық белгілерінің байқалу дәрежесі мен даму процесінің 
жылдамдығына қарай ауру өте жіті, жіті, жітілеу, созылмалы және латентті 
ағымда өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет