тілінен пісіп жетілген, жарылмаған афталардың қабырғаларын;
шошқалардың
тұмсығы немесе желінінен; ұсақ малдардың үстіңгі, тісі жоқ жағынан,
тұяқтарының арасынан алады. Барлық жануарлар төлдері өлекселерінің басы
мен жұтқыншақ сақинасының лимфа бездері, ұйқы безі және жүрек бұлшық еті
алынады. Зерттеуге вирусы бар материалдардан (жұтқыншақ пен өңеш кілегей
қабықшаларынан) қырындыны арнайы зонд көмегімен алады.
Алынған патологиялық материалдарды рН 7,4-7,6 болатын глицерин және
фосфатты тұз ерітіндісінен тұратын консервілеуші ерітіндіге салып зертханаға
жібереді.
Зертханаға келіп түскен аусыл вирусы бар материалдар зерттегенге дейін
кілтпен жабылатын тоңазытқышта (–6–20ºС) сақталады.
Вирустарды жасуша өсінділерінде бөліп алу. Бұл зерттеулерде шошқа
немесе бұзау бүйрегінің алғашқы-трипсинделген
жасушаларының өсіндісі жиі
қолданылады. Арнайы ыдыстарда дара қабатты түзіп өскен жасуша өсіндісінен
қоректік ортаны төгіп, Хенкс ерітіндісімен жасушаларды шайып алады да,
зерттеуге алынған 10%-ды суспензияны қосады. Жасушалар бір бірімен
байланысу үшін термостатта (+37ºС) 1-2 сағат бойы ұстағаннан кейін қажетті
мөлшерде қоректік ортаны қосып, қолайлы температураға реттелген
термостатта өсіреді. Залалданған жасуша өсінділерін 7 күн бойы
микроскопиялау арқылы бақылап отырады. Цитопатогендік әсері байқалған
жасушаларды қайтара бірнеше рет себінді жасайды
және оларды қолданғанға
дейін –30ºС температурада сақтайды.
Биосынама. 18 айлық ірі қара малдардың тілінің кілегей қабықшаларының
бірнеше жеріне және аяқтарының жұмсақ жерлеріне жалпы дозасы 2-3 мл
суспензияны егеді. Егілген жерлерде афталардың пайда болып, олардың КБР-
мен расталуы аусыл вирусының бар екендігін көрсетеді. Диагностикалық
тәжірибеде ірі қара малдарға биосынама қою қымбатқа түсетіндіктен және
вирустың сыртқы ортаға таралуына себепші болатындықтан, өте сирек
қолданылады. Сондықтан зертханада биосынама 4-6 күндік ақ тышқандарға,
салмағы 500 г теңіз шошқаларына қойылады және ВНК-21, IB-RS-2, бұзау,
торай, қозылардың бүйрегі мен ірі қара мал қалқанша безінің алғашқы жасуша
өсінділерінде өсіріледі.
Аналарынан ажыратылмаған 4-6 күндік 10 бас ақ тышқанның тері астына
немесе құрсағына 0,1 мл патологиялық материалдан дайындалған суспензияны
егеді. 3-4 бас жұқтырылмаған ақ тышқан бақылау ретінде алынады.
Барлық
жұқтырылған және жұқтырылмаған ақ тышқандарды анасымен бірге бір апта
бойы бөлек ұстайды. Оң нәтиже көрсеткен жағдайда жануарлар жартылай
немесе толық салданып, 2-5 күндері өледі. Тышқандардың өлексесін
қолданғанға дейін қатырады немесе келесі ақ тышқандарға қайта жұқтырады.
Өлген тышқандардың бұлшық еттерінен КБР қоюға қажетті антиген
дайындайды. Тәжірибе аяқталғаннан кейін аналық және бақылаудағы
тышқандарды жойып, олардың тұрған жерлерін
мен азық қалдықтарын
дезинфектанттармен залалсыздандырады.
Вирусы бар материалдың 0,2-0,5 мл мөлшерін 5 бас теңіз шошқаларының
артқы аяқтарының плантарлы беткейіне (интрадермальды) егеді. Жұқтырғаннан
кейін алғашқы зақымдалулар 2-5 күндері байқала бастайды. Патологиялық
материалдардан дайындалған вирусы бар материалдарды теңіз шошқаларына
бір неше рет пассаж жасағаннан кейін ғана клиникалық белгілері (афталар)
айқын байқалады.
Аусыл вирусының типі мен варианттарын анықтау үшін патологиялық
материалдардан КБР-на қажетті антиген дайындайды. Ол үшін афталар
қабырғаларын физиологиялық ерітіндімен шаю арқылы консервілегіш
заттардан тазартып, сүзгіш
қағазда кептіріп, қайшымен ұсақтағаннан кейін
фарфорлы ыдыста ұнтақтайды. Ұнтақталған үлгіге рН 7,4-7,6 болатын
физиологиялық ерітіндіні қосу арқылы дайындалған 33%-ды суспензияны 2
сағат бойы бөлме температурасында араластырып, –10–20ºС 5-18 сағатқа
қатырады. Ерітілген суспензияны 3-5 мың айналымда 30 минут центрифугада
тұндырып, тұнба сұйықтығының 1-2 мл-ін зертханалық жануарларға
биосынама қою үшін құйып алады. Қалған сұйықтықты 40 минут бойы +58ºС
температурада инактивациялап, КБР-ында антиген ретінде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: