Пәннің жұмыс бағдарламасының (силлабус) құрылымы
1.Оқытушы туралы мәлімет
ПОҚ бөліміне түсініктеме: Сұраншиев Жанболат Әміреұлы, в.ғ.к., Микробиология
және биотехнология
кафедрасының доценті, Ветеринария және МШТ факультеті. 8502
кабинет. Кеңес беру уақыты: сағат 10:00 – 12:00.
2. Курстың қысқаша сипаттамасы
Пәнді оқытудың мақсаты -
Вирустардың сипаттамасын, көбеюін, қоршаған ортаға
төзімділігін, генетикасын,
экологиясын, аурудың патогенезін, ағзаның вирусқа қарсы
иммунитетін анықтайды. Жануарлардың вирустық ауруларының диагностикасы мен арнайы
алдын алу дағдыларын қалыптастыру
.
Пәнді оқыту нәтижелері
Код
ББ
бойынша
қалыптастырылатын оқыту
нәтижелері
Пәнді оқыту нәтижелері
ON4
Індеттік процесті, инфекциялық
және
вирусты
ауру
қоздырушыларының
жүйеленімін,
генетикасын,
морфологиясы
мен
физиологиясын білу, диагноз
қою,
аллергиялық
және
клиникалық,
індеттанулық
зерттеулер
жүргізу,
жануарларды
вакцинациялау,
жануарлардың
инфекциялық
аурулары кезінде іс-шаралар
жоспарын әзірлеу
Ветеринарлық
вирусология
пәнін
оқу
барысында білім алушылар академиялық адалдық
кодексін
ұстана
отыра
ауылшаруашылығы
малының
ауруының
сипатын
анықтауы;
құрамында вирусы
бар материалмен жұмыс істеу
кезінде қауіпсіздік шаралары туралы білімді
пайдалануы; вирустық этиологиядан туындаған
жұқпалы ауруды сипаттау және жіктеуі; вирустық
инфекцияларды
диагностикалау
үшін
қолданылатын
серологиялық
диагностика
әдістерін қоя және вирустарды өсіру үшін қоректік
орталарды дайындай білуі; вирустық ауруды
талдай білу,
яғни диагноз қоюы; вирустық
сипаттағы патологиялық материалды алуға,
тасымалдауға, зерттеу жүргізуге бағытталған іс-
шараларды жоспарлау және ұйымдастыра алуы
тиіс.
Оқудың әртүрлі
кезеңдеріндегі әрекеттердің
ретін сипаттай білу дағдыларын меңгеруі;
нақтырақ жауап, қорытынды шығару үшін
коммуникативті дағдыларды ашуы академиялық
сапа негізінде жүргізіледі.
Пәннің пререквизиттері: Биология, химия, органикалық химия,
биохимия,
жануарлар физиологиясы, ботаника, зоология, гистология және генетика, молекулалық
биология, жасуша биологиясының негіздерін білуі қажет.
Пәннің постреквизиттері: Вирустардың морфологиясы мен систематикасын,
көбеюін, генетикасын,
қоршаған ортадағы тұрақтылығын, вирустық аурулардың
шығуын, таралуын, иммунитетін, ауру қоздырғыштарының биологиялық қасиеттерін,
вирустық ауруларды балау, емдеу, алдын алу шараларын жүргізе білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: