Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет135/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   146
вирус

Вирустардың идентификациясында иммунды ферменттік талдау және 
комплементті байланыстыру реакциясы қолданылады. 
Серологиялық балауда Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология 
орталығы 
иммунохимия 
және 
иммунобиотехнология 
зертханасының 
мамандары моноклоналды антиденелер негізінде әзірлеген иммунды 
ферменттік талдаудың жанама қойылымы мен вирустарды бейтараптау 
реакциясы пайдаланылады. 
ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ – жіті ағымда өтетін, қызбамен, 
тері асты клетчаткаларының ісінуімен, ішкі органдарының қанталауымен, 
тыныс мүшелері мен қан айналымының зақымдануымен және малдардың 
көпшілігінің өлімге ұшырауымен сипатталатын, қан сорғыш насекомдар 
арқылы трансмиссивті жолмен тарайтын вирустық індет. 
Табиғи жағдайда тақ тұяқтылар: жылқы, қашыр, есек пен зебралар жиі 
шалдығады.
Ауру қоздырушысы РНҚ-лы бар вирустар тобына, Reoviridae 
тұқымдастығына, Orbivirus туыстығына жатады. Жылқылардың африкалық оба 
вирусының ортақ комплементті байланыстырушы антигені бар 9 түрлі 
серологиялық типі бар. Бұл вирусты 1934 жылы алғаш рет анықтаған ғалымдар 
Александер мен Ди-Туа. Вирионның пішіні икосаэдр тәрізді, диаметрі 70-80 нм 
болады.
Жылқылардың африкалық оба вирусы сыртқы ортаның түрлі әсерлеріне 
төзімді келеді. Вирус +50
о
С-де 3 сағаттан соң, +60
о
С-де 15 минуттан кейін ғана 
белсенділігін жояды. Ауру мал қанын +70
о
С-ге қыздырғанда 5 минутта, ал 
+45
о
С-де 6 тәулікке дейін шыдайды. рН-ы 6,0 мен 12,0 аралығында тіршілігін 
жоймаса, қышқылдық орталарға сезімтал келеді. Лиофилизацияланған вирустар 
бірнеше жыл бойы сақталады. Сілтілердің, формалиннің, тотықтырғыштар мен 
бірхлорлы йодтың әсерінен вирустар инактивацияланады.
Жылқылардың африкалық обасын балау эпизоотологиялық деректерге 
(жаз айларында көп тіркелуі, тек тақ тұяқтылардың шалдығуы, т.б.), 
клиникалық белгілеріне (лихорадка, ісік, жөтел, танауынан сұйықтықтар ағуы, 
жүрек қызметінің нашарлауы), патологоанатомиялық өзгерістеріне (тері асты 


клетчаткалары мен өкпесінің ісінуі, дене қуыстарында экссудат жиналуы, 
қанталаулардың болуы, т.б.), биосынама нәтижелері (ауру мал қанын 
жылқылардың қан тамырларына немесе тышқандардың миына жұқтыру) 
серологиялық реакциялар (АР, ГАТР, ДПР, БР, КБР, ИФТ), сонымен қатар 
вирустарды бөліп алу мен олардың антигендік туыстығын анықтауға 
негізделген. 
Клиникалық балауы. Табиғи жағдайда аурудың жасырын кезеңі 7-14 күн, 
ал кейбір жағдайларда 2 күнге дейін созылуы мүмкін. Ауру өте жіті 
(симптомсыз), жіті (өкпелі) және жітілеу (жүректі) және аралас (жүректі-
өкпелі) ағымда өтеді. Бұл ауруға шалдыққан жылқылардың 70-95%-ы, 
қашырлардың 50%-ы, ал есектердің 10%-ға жуығы өлімге ұшырайды. 
Өте жіті ағымында жылқылардың дене қызуы 40,5-42
о
С-ге дейін 
көтеріледі, әлсіздік байқалады, тыныс алуы жиілейді, тамыр соғуы үдеп, 
жануарлар 3-5 күннен кейін клиникалық белгілері байқалып, өлімге ұшырайды.
Жіті ағымында малдардың дене қызуы күрт көтеріледі, тыныс алуы 
қиындайды және демікпе, ауыртпалы құрғақ жөтел пайда болады, танауынан 
көпіршікті экссудат ағады, өкпесі ісінеді, кілегей қабықшалары көгеріп, 5-7 
күні мал өледі.
Жітілеу ағымында дене қызуы 40-41
о
С-ге дейін көтеріледі, жүрек қызметі 
бұзылады, басы мен мойынының қатты ісінуімен ерекшеленеді. Малдардың 
дене қызуы қалыпты жағдайға келіп, 1-2 күн өткеннен кейін өлімге ұшырайды. 
Аралас ағымында жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер бір мезгілде 
байқалып, жүрек қызметінің бұзылуы салдарынан жануарлар бір апта 
аралығында өліп қалады.
Патологоанатомиялық балауы. Патологоанатомиялық өзгерістер аурудың 
өте жіті ағымында байқалмауы мүмкін. Тілі қанталаған, ерін, қабақ пен кеудесі 
мен құрсақ аумақтарының тері асты клетчаткалары ісінген. Көкірек пен құрсақ 
қуыстарында және перикардта сарғыш түсті мөлдір сұйықтық жиналған. 
Трахеясында, бронхыларында, танауында сарғыш көпіршікті экссудат 
жиналған, өкпесі мен лимфа бездері ісінген. Жүректің коронарлы тамырларына, 
эндокард пен көк баурының капсуласына, бүйрегіне, асқазанына, жіңішке және 
жуан ішектерінің кілегейлі қабықшаларына, бас миының ақ заттарына қан 
құйылған, бауыры қанға толған болады.
Дифференциалдық балауы. Жылқылардың африкалық обасын сібір 
жарасынан, жылқылардың жұқпалы анемиясынан, вирустық артериттен, 
трипанозомоздан, пироплазмоздан ажырату қажет. Аталған аурулардың 
барлықтарында өлекселердің көк бауыры ісінген болады, ал жылқылардың 
африкалық обасында көк бауыр ұлғаймайды.
Зертханалық балауы. Жылқылардың африкалық оба вирусын бөліп алуға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет