мен бұлшық еттерінде түйінді ісіктер, қанталаулар, некротикалық
ошақтар мен жаралар
болады. Регионарлық лимфа бездері ұлғайған, ісінген, қанталаған, кескенде шырынды болып
келеді. Ауыз бен мұрын қуыстарында, көмейінде, кеңірдегінде,
бауыры мен талағының
капсуласында, үлкен қарын мен ұлтабардың кілегейлі қабаттарында түйіндер мен жаралар
байқалады. Өкпесі ісінген. ішектің кілегейлі қабықтары қанталаған, энтерит белгілері көрінеді.
Тестикуласы мен қуығында жаралар мен эрозиялар көрінеді.
Дифференциалдық балауы. Ірі қараның нодулярлы дерматитін аусылдан везикулярлық
стоматиттен, шешектен, есекжемнен, тері туберкулезінен, ірі қараның обасынан,
стрептококкоздан, гиподерматоздан, демодекоздан, қышымадан,
кенелер мен жыландардың
шағуынан, дерматомикоздардан ажырату қажет.
Зертханалық балауы.
Материалдарды алу және зерттеуге дайындау. Ауруға шалдыққан
немесе өлген малдардан патологиялық материал ретінде аурудың бастапқы сатысндағы тері
түйіндерінің биопсиясы, зақымдалған ошақтары, құрғақ некрозға ұшыраған тері мен тері асты
клетчаткаларының қабыршақтары, алады.
Гистологиялық және гистохимиялық әдістермен зерттеу үшін патологиялық
материалдарды формалинге салып зертханаға жібереді. Серологиялық зерттеулерге жіті
ағымдағы ауру және сауығып келе жатқан малдардан алынған қан сарысуларын алып,
зерттегенге дейін қатырып қояды.
Достарыңызбен бөлісу: