Жітілеу түрінде ауру ағымы баяу өтеді (10-15 күнге дейін), дене қызуының көтерілуі
әлсін-әлсін
қайталанып тұрады, пневмония, диарея дамиды және организмнің сусыздануы
байқалады. Нәтижесінде жануарлар бірте-бірте сауығып кетеді. Аурудың ауыр жағдайында
жануарлардың 20%-ы 2-3 аптадан кейін шығынға ұшырайды. Аурудан сауыққан жануарлардың
организмінде өмірлік иммунитет қалыптасады. Ал олардың төлдеріне берілген колостральды
иммунитет 6 айға дейін сақталады.
Патологоанатомиялық балауы. Өлекселер жүдеу, астыңғы еріні, тілінің, таңдайының,
ауызының кілегей қабықтары зақымдалған, эрозиялы және жаралы стоматит болады. Мұрын,
мұрын қуысы, көмейі мен кеңірдегінің кілегелі қабаттарында ұсақ қанталаулар мен эрозиялар
байқалады. Аурудың негізгі белгілерінің
бірі болып бронхопневмония, плеврит және
гидроторакс саналады. Онекі елі және соқыр ішектері нүктелі және жолақты қанталаған. Көк
бауыры қою қызыл түсті қанға толған. Жұтқыншақ, портальды және мезентериальды лимфа
бездерінде некрозға ұшыраған. Кейде эрозиялық вульвовагинит байқалады.
Дифференциалдық балауы. Ұсақ малдар обасын ірі қара мал обасынан, ешкілердің
контагиозды плевропневмониясынан, қойлардың катаральды қызбасынан (блютанг),
пастереллезден, контагиозды эктимадан, аусылдан, кокцидиоздан,
минералды улармен
уланудан қой мен ешкілердің трансмиссивті вирустық ауруынан (найроби) ажырату қажет. Бұл
ауруға адамдар да шалдығады.
Зертханалық балауы.
Материалдарды алу және зерттеуге дайындау. Патологиялық
материал ретінде гепарин қосылған қан, мұрыны мен ауыз қуыстарынан аққан сұйықтықтардан
және тік ішектің кілегейлі қабығынан жасалған жағындылар, бронхиальды және
мезентериальды лимфа бездері, көк бауыры, өкпе мен жуан ішек үлгілері. Алынған үлгілерді
мұзы бар термостарға салып зертханаға жібереді.
Зерттеуге алынған үлгілердің суспензиясымен жасуша өсінділерін жұқтырады немесе
сезімтал жануарларға биосынама қояды. Органдардан алынған үлгілерге гистологиялық
зерттеулер жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: