астыңғы қабықшасын ауа кіретіндей етіп ажыратады. Сонан соң бірінші
тесіктен табиғи ауа камерасындағы ауаны резеңке грушамен сорып алғанда,
пайда болған жасанды ауа камерасы арқылы
ХАҚ бетіне жұқтыратын
материалды енгізіп, тесікті лейкопластырьмен бекітеді. Табиғи ауа камерасы
жағындағы тесікті бекітпесе де болады. Себебі ондағы қауызының астыңғы
қабықшасы бұзылмағандықтан, қоршаған орта микрофлораларының түсуіне
жол бермейді. Мұндай әдіспен жұқтырылған
тауық эмбриондарын
горизонтальды жағдайда, жанындағы тесікті жоғары қаратып инкубациялайды.
Сарыуыз қапшығына жұқтыруды хламидияларды, сонымен қатар Марек
ауруының,
жылқылардың ринопневмониясы, қойлардың катаральды қызбасы
және т.б. вирустарын өсіруде пайдаланады. Бұл әдісте 5-7 күндік, кейде 2-3
күндік эмбриондар (Риф алқабының қызбасы вирусын өсіруге) қолданылады.
Жұқтырудың екі жолы бар. Біріншісінде эмбрионды вертикальды жағдайда
бекітіп, ауа камерасының ортасының тесігі арқылы инені 3,5-4 см
тереңдікке,
ұрықтың қарама-қарсы жағына қарай 45º-қа
қиғаштап енгізу арқылы вирустық материалды
жұқтырады
(17-сурет).
Екіншісінде
горизонтальды күйде (ұрық астыңғы жағында,
ал сарыуыз қапшығы үстіңгі бетінде болуы
керек) бекітілген жанынан жұқтырылады.
Амнион қуысына жұқтыруға 6-10 күндік
эмбриондарды алады.
Аталмыш әдісті тұмау,
Ньюкасл
ауруының,
жылқылардың
ринопневмониясының және т.б. вирустарын
өсіруде қолданады. Жұқтырудың ашық және
жабық әдісі болады.
Ашық әдісте
вертикальды орналасқан
жұмыртқаның ауа камерасы бетінен диаметрі
1,5-20 см болатын тесік жасайды. Осы жерден
пинцет
көмегімен
қауыздың
астыңғы
қабықшасын
ашады
да
анатомиялық
пинцетпен амнион қабықшасын ХАҚ-мен
бірге
тартып тұрып, вирусы бар материалды
шприцпен енгізеді (18-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: