нәтижесіде агглютинаттар — желімделген эритроциттердің агрегаттары
түзіледі.
4-кесте.
Жұқтырылған
тауық
эмбрионының
құрылымындағы
патологиялық-анатомиялық өзгерістер
Тауық
эмбрионының
құрылымы
Физиологиялық
нормадағы түрі
Вирустардың репродукциясы кезіндегі түрі
ХАҚ
Жұқа, мөлдір, түссіз,
қан тамырлары
жақсы
байқалған
Қалыңдаған (ісінген), лайланған, ақ-сұр түсті,
қан тамырлары көрінбейді; фокустар пайда
болуы мүмкін (шешек,
некротикалық ошақтар,
пролиферация ошақтары және т.б.)
Аллантоис
қуысындағы
аллантоис
сұйықтығы
Мөлдір, сәл
лайланған,сабан-сары
түсті
Лайланған,
қызғылт-қызыл
реңді
қалыптастырған
(эритроциттер
гемолизінің
нәтижесінде)
Сарыуыз
қапшығы
Қабығы мөлдір, түссіз,
құрамындағы
сұйықтық ашық-сары
түсті
Қабығы лайланған; құрамындағы сұйықтықтың
түсі
өзгерген
Ұрық денесі
Инкубация мерзіміне
сәйкес келеді
Ұрықтың
өсу
мен
дамуы
тежеледі
–
ергежейлілік құбылыс; эмбрионның сусыздануы
немесе
мумиялануы
байқалады;
ұрықтың
мойыны деформацияланады (бұралады); теріде-
гиперемия, қан құйылулар,
ісінулер, шешек
бөртпелері байқалады және ішкі органдары
өзгереді
Гемагглютинациялаушы қабілеті бар вирустардың вирионының сыртқы
қабықшасында орналасқан және эритроциттердің беткейіндегі рецепторлармен
комплементарлы әрекеттесе алатын гемагглютинин (НА)
деген құрылымдық
ақуызы болады. Бұл вириондардың эритроциттерге адсорбциялануына әкеледі.
Егер бір вирион бір уақытта бірнеше эритроциттерге адсорбцияланса, онда бұл
олардың бір-бірімен байланысуына ықпал етеді. Бұл жағдайда вирионның өзі
эритроциттердің арасында «көпір рөлін» атқарады («көпір» теориясы).
Көптеген эритроциттер арасында осындай «көпірлердің» пайда болуы олардың
бір-бірімен желімделіп агглютинаттарды түзуімен түсіндіріледі.
Гемагглютинациялаушы вирустың белгілі бір түрі тек белгілі бір түр
«иесінің» эритроциттерімен әрекеттесетінін ескеру қажет. Мысалы, нъюкасл
ауруының вирусы тек тауық, теңіз шошқасы, тышқан, адам эритроциттерін ғана
агглютинациялайды; құс тұмауының вирусы – тауық, теңіз шошқасы, жылқы,
қой, т.б. эритроциттерін желімдейді; құтырық вирусы – қаз, тауық,
теңіз
шошқасы, қой, адам (І топ) эритроциттерімен агглютинацияланады; ІҚМ
парагрипп-3
вирусы
теңіз
шошқасының
эритроцитімен
берік
агглютинацияланса, қоян, шошқа, ІҚМ, тышқан, маймыл, ҰҚМ эритроциттерін
желімдеу белсенділігі төмен.
Гемагглютинациялаушы
вирустардың
индикациясында
тамшылы
гемагглютинация реакциясы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: