Ферма территориясын қоршау. Санитариялық тұрғыдан мал фермалары
мен кешендері жабық кәсіпорындар қатарына жатады.
Сондықтан оларды
қоршап, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен ветеринариялық-
санитариялық өткелек арқылы ғана іске асырылуы керек. Ферма мен кешеннің
күллі
территориясы тұтас немесе торлы қорғанмен қоршалынады. Қорғанның
биіктігі кемінде 180 см болуға тиіс. Қоршаудың сыртынан ені 1 м, тереңдігі 1,5 м
ор қазылады.
Ферманың ішкі территориясына
қатынайтын көлік, егер мал тұрмайтын
шаруашылық аймағына баратын болса (мысалы, жем-шөп әкелгенде) дезтосқауыл
арқылы өтеді. Ал мал тұратын таза аймаққа баратын көлік пен адамдар
ветсанөткелек арқылы өткізіледі.
Жаңадан келген малды карантиндеу. Шаруашылыққа шеттен әкелінген
мал табынға қосардан бұрын бір ай бойы карантинде бөлектелініп ұсталынады.
Карантин кезінде жануарлар ретті түрде
клиникалық бақылау мен
лабораториялық тексеруден өтеді. Шаруашылықта ұстау үшін
жұқпалы
аурулардан сау, арасында микроб алып жүрушілері жоқ малдар ғана жіберіледі.
Карантин кезінде жануарларды індет жағдайына сәйкес кейбір жұқпалы ауруларға
қарсы егеді. Бордақылау кешендерінде жаңадан әкелінген бұзаулардың
карантиндеу мерзімі 15 күнмен шектелінеді.
Жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтарда сақтық шаралары ретінде
жануарлардың белгілі
бір топтарын кейбір ауруларға, негізінен созылмалы
жұқпалы ауруларға, тексеріп отырады. Ондай ауруларға сиырда бруцеллез,
туберкулез, лептоспироз, қойда бруцеллез, жұқпалы эпидидимит, хламидиялық іш
тастау, жылқыда маңқа,
жұқпалы анемия, т.б. жатады.
Дауалық шаралардың ішінде сақтық дезинфекциясы мен дератизациясының
маңызы зор. Бұл
екі шараны қатар жүргізген мезетте алдымен дератизация
жүргізіп, кемірушілердің өлекселерін жинап алғаннан кейін дезинфекция
жасалынады.
Жануарларды
жұқпалы
ауруларға қарсы жасанды жолмен, яғни қолдан
иммундеу белсенді және енжар әдістер арқылы іске асырылады. Белсенді
иммундеу үшін
вакциналар, ал енжар иммундеу үшін
иммуноглобулин
препараттары қолданылады.
Вакциналар тірі және өлтірілген деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: